Басты бет » Мереке » Мерекеге келіңіз!

Мерекеге келіңіз!

1 маусым—Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусымда Ақтөбеде көптеген мерекелік шаралар өтеді. Кітапханаларда, саябақтарда, мұражайларда, театрда, планетарийде, аула клубтарында ақтөбелік балақайлардың қатысуымен шаралар ұйымдастырылады.

«Нұрлы болашақ» бүкілқазақстандық акциясы аясында 1 маусым күні сағат 10.00-де Ақтөбеде облыс әкімдігінің алаңынан Қобыланды батыр атындағы стадионға дейін Әбілқайыр хан даңғылымен балалар және жастар музыкалық ансамбльдерінің шеруі өтеді.

Ақтөбеліктер және қала қонақтары қаламызда алғаш рет өтетін бұл керемет шеруді тамашалай алады.

Бұл шеруге 2200-ге жуық қатысушы шығады, олар — мектеп оқушылары, студенттер және мұғалімдер, спорттық және музыкалық ұжымдар. Бұл — балалар және жастар музыкалық ансамбльдері және ұлттық аспаптар оркестрлері, музыкалық ұжымдардың барабандық, би және өзге де түрлері, мажореткілер, черлидерлер.

Шеруге Алға, Мәртөк және Қарғалы аудандарының балалар ұжымдары қатысады.

Шерудің маршруты: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 — Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионға дейін.

1 маусым сағат 11.00-ден бастап мерекелік ойын-сауық бағдарламалары ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта, А.С.Пушкин атындағы саябақта, «Ретро» саябағында, Орталық стадион алаңында, Металлургтер мәдениет үйінде, «Керуен сити» ойын-сауық орталығы алаңында басталады.

1 маусым  ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта сағат 11.00-де «Бақытты елдің балалары» атты мерекелік ойын-сауықтық бағдарлама және «Лана» EVENT агенттігінің мерекелік бағдарламасы басталады.

Саябақ ауданында тас жолда сурет салу байқауы, әуемоделдік жұмыстардың көрмесі өтеді.

Орталық стадион алаңында сағат 11.00-де «Балақай – Алақай» атты мерекелік бағдарламасымен  «Алақай» қуыршақ театрының әртістері өз өнерлерін көрсетеді, сондай-ақ, осында ойындар, викториналар өткізіледі.

«Керуен сити» сауда ойын-сайық орталығының алдындағы сахнада сағат 11.00-де «Жайдарман» вокалды-хореографиялық студиясының  «Әрқашан күн сөнбесін!»  атты  мерекелік ойын-сауықтық бағдарламасы өткізіледі, сондай-ақ осы жерде қалалық Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдарының «Бал бөбегім — балғыным» атты мерекелік ойын-сауықтық бағдарламасы өтеді, ал сағат 14.00-де «Keruen kids Fest» атты мерекелік бағдарламамен жалғасады.

А.С.Пушкин атындағы саябақта Қазанғап атындағы өнер мектебінің шығармашылық ұжымдарының «Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты мерекелік ойын-сауықтық бағдарламасы, викториналар, ойындар ұйымдастырылады, ал, «Ретро» саябағында «Сыңғырласын әрқашан балалықтың күлкісі» атты мерекелік бағдарламасымен балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұжымдары өнерлерін көрсетеді.

«Металлург» мәдениет үйінің алаңында  «Вокруг света за одно лето» атты мерекелік театрландырылған концерттік ойын-сауықтық бағдарлама, «Айналайын – 2017» жас таланттардың байқау-фестивалі жеңімпаздарының және «Металлург» мәдениет үйі шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт өтеді.

1 маусым сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін «Анвар» ЖШС балаларды қорғау күніне арналған мереке ұйымдастырады, ол К.Нокин көшесі, 34 «б» мекенжайында орналасқан «Анвар» гипермаркетінің көлік тұрағында өтеді. Бағдарламада аттракциондар, балаларға арналған байқаулар және ойын-сауықтық бағдарламалар бар.

25 мамырдан 3 маусымға дейін Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында балалар үшін «Талисман» би театрының  «Золотой Ключик или приключения Буратино» атты мюзиклі ұсынылады.

31 мамырдан 1 маусымға дейін Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда балаларға қазақ камералық хорының әртістері қатысуымен «Белоснежка и семь гномов» атты музыкалық ертегінің көрсетілімі ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*