Басты бет » Мереке » Қала күнін бірге қарсы алайық!

Қала күнін бірге қарсы алайық!

АҚТӨБЕГЕ — 148 ЖЫЛ!

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!

Ақтөбе қаласының әкімдігі 28 мамырда 148 жыл толатын біздің қаламыздың туған күнімен шын жүректен құттықтайды! Барлық ақтөбеліктерге зор денсаулық, амандық, біздің сүйікті қаламызға әрі қарай даму мен гүлденуді тілейміз. 

Сіздерді осы күндері Ақтөбе қаласында өтетін мерекелік мәдени-көпшілік және спорттық шараларға шақырамыз.

Қала күні қарсаңында Ақтөбеде оқу орындарында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде, кітапханаларда, мұражайларда, мәдениет үйлерінде қала негізінің қалануына және дамуына, белгілі адамдардың, атақты жерлестердің өмірлеріне және қала өмірінің маңызды оқиғаларына арналған көптеген шаралар, кездесулер, мерекелік бағдарламалар өтеді.

26 мамырда Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту орталығында (Ағайынды Жұбановтар көшесі, 289 «а») қала күніне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.

28 мамырда қаланың туған күніне арналған «Сенің марафоның — сенің жеңісің!» атты Ақтөбе жартылай марафоны өткізіледі. Ол сағат 9.00-де облыс әкімдігі алаңынан бастау алып, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябаққа дейін өтеді. Ерлерге дистанция — 21 км, қыздарға —10 км және жаппай старт — 3 км. Қатысушыларды тіркеу 27 мамырға дейін.

28 мамырда сағат 11.00-де Батырлар аллеясында «Мәңгі есімізде» атты әдеби хореографиялық қойылым өтеді, оған 22 патриоттық клуб және қала мектептерінің 24 хореографиялық ұжымдары қатысады.

28 мамырда сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін А.С.Пушкин атындағы саябақта «Жас толқын — 2017» байқауы қатысушыларының гала-концерті және жеңімпаздарды салтанатты марапаттау өткізіледі.

Ал, негізгі ауқымды және түрлі меекелік бағдарламалар қала саябақтарында 28 мамырда кешкі уақытта жоспарланған.

28 мамырда сағат 20.00-де барлық ақтөбеліктер мен қала қонақтарын ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябаққа шақырамыз. Дәстүрге сәйкес дәл осы жерде қала күніне арналған ең ауқымды мерекелік бағдарламалар өтеді.

Бағдарламада: құттықтаулар, ЛЭД экраннан қаланың қазіргі заманғы дамуы туралы фильмнің көрсетілімі, «Сүйікті қалам, Ақтөбе!» атты хореографиялық калейдоскоп,  ең үздік қалалық  шығармашылық ұжымдардың өнерлері, «Ақтөбе» атты флешмоб, «Ayanastyles» сән орталығының қойылымы, байқаулар және викториналар, Ақтөбенің 148 жылдығына арналған 148 түрлі түсті шарлардың ұшырылуы ұйымдастырылады.

Саябақта балалар техникалық шығармашылық орталығы өз жұмыстарын көрмеде ұсынады, қала тұрғындары қолданбалы өнер көрмесінен бұйымдарды сатып ала алады.

Командалық жұмыс — көркемсурет лицейі оқушыларының байқауы «Арайлы мекен — Ақтөбе» деп аталады, бұл жерде үлкен форматтағы парақтарда олар өз қаласы туралы картиналарды ұсынады.

Саябақтың алаңдарында қала тұрғындары «Ақтөбенің мақтанышы — дені сау ұрпақ» атты спорттық сайыстарға қатысады.

28 мамырда сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін А.С.Пушкин атындағы мәдениет және демалыс саябағында барлығыңызды халықтық ұжым — «Рюкзак» бард клубымен кездесу күтеді.

Кешкі мерекелік бағдарлама «Кеш жарық, Ақтөбе!» деп аталады.

Ал «Ретро» саябағында сағат 20.00-де «Өнерімді қабыл ал, ару қалам!» атты Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония шеберлерінің концерті өткізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*