Басты бет » Мереке » Сот мерекелік іс-шаралар өткізді

Сот мерекелік іс-шаралар өткізді

Ақтөбе облыстық соты мен барлық аудандық және оған теңестірілген соттарда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығы мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді

Мереке күні Ақтөбе қаласындағы «Мәңгілік алау» мемориалдық кешеніне  гүл шоқтарын қойды. Соғыс  құрбандарын бір минут үнсіз тұрып еске алды. Салтанатты рәсімге облыс судьялары, соғыс және тыл,  сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Осылай басталған іс-шара облыстық соттың ғимаратында жалғасты. Облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай соғыс ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және сот жүйесінің ардагерлерін Жеңіс күні мерекесімен құттықтады.

Мерекелік концертте соғыс жылдарының әндері орындалды, Ұлы Отан соғысы туралы қысқа деректі фильм көрсетілді.

Іс-шараның соңында ардагерлер соғыс жылдарындағы майдандық асхананы еске түсіріп, далада ұйымдастырылған дәмнен ауыз тиді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*