Басты бет » Басты жаңалықтар » «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта жаңғыртылды

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта жаңғыртылды

Бүгіннен бастап облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайта жанданды.

Облыстық әкімдікте аталмыш жобаны жүзеге асыру мәселесі жөнінде жиын өтті.  Жұмыс топтарының басшылары өңір басшысына жоспарлаған іс-шаралар туралы баяндады.  Жобаны жүзеге асыру уақыты 3-27 сәуірге дейін жалғасады.  Жергілікті мамандардан құрылған жұмыс топтары Ақтөбеде және облыстың Байғанин, Мұғалжар,  Алға,  Шалқар, Темір  секілді 5 ауданында жұмыс жүргізеді. Олар  жобаның 8 бағыты бойынша ауыл-аймақтарда жұмыс жүргізетін болады.

Халықпен жұмыс жасау кезінде  негізгі басымдық өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу,  діни экстремизмді болдырмау,  мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіру, өңірдегі бизнес ортаны дамыту сияқты бұдан бұрын да атқарылып келе жатқан жұмыстарға беріледі.

Кездесу кезінде түсіндірме жұмыстарын жүргізгенде қарапайым халықтың тілінде сөйлеулеріңізді сұраймын.  Сағат бойы арнайы термин сөздерге толы лекциялар оқудың қажеті жоқ. Сол үшін әр кездесуге алдын ала дайындалу керек.  Ең бастысы, мұның бәрі халыққа пайдасын тигізіп, облыстың  жобаға қатысқан әр тұрғыны оның тиімділігін сезінуі тиіс. Нәтижеге қол жеткізуді мақсат ету керек, — деген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс тобы басшыларының алдына нақты тапсырма қойды.

Еске салайық,  Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ауқымды жобасы алғаш рет облыста былтыр 29 қыркүйек пен 28 қазан аралығында жүзеге асырылған болатын.  Өңірге Астанадан 230 сарапшыдан құралған ведомствоаралық топ келді. Бұл жоба облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында жергілікті мамандардың күшімен  жалғасын тапты.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*