Басты бет » Жаңалықтар » Қала көшелерін көріктендіру мен жолдарды жөндеу: нәтиже қандай?

Қала көшелерін көріктендіру мен жолдарды жөндеу: нәтиже қандай?

Ақтөбе қаласының басшылығы облыс орталығының жолдарын сапалы жөндеу, көшелерді көріктендіру мен жарықтандыру мәселелері бойынша өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында атқарылған жұмыс нәтижелері туралы есеп берді.

Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласы автомобиль жолдарын жөндеуге 3,4 миллиард теңге бөлінді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда едәуір көп. Жалпы ұзындығы 40,3 километр болатын 41 көше жөндеуден өткізіледі. Бұдан басқа, 44,3 километр жаяу жүретін бөліктер мен тротуарлар құрылымдалып, жарақтандырылды, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 4 есе дерлік көп. Сондай-ақ қала аумағында және селолық округтерде топырақ жабындысы бар 24 көше жөнделіп, тас төселеді.

Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша су тарту және нөсер кәрізі жүйелерін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданды. Қазіргі уақытта көктемгі су тасқынына мейлінше қауіпті аумақтарда су тарту каналдары мен нөсер кәрізі жүйелері құрылысы бойынша тағы да 13 жоба қарастырылу қамында.

Облыс әкімі қала басшылығына Ақтөбе шаһарын көріктендіру, санитарлық және сәулеттік келбетін жақсарту бойынша жұмыстарды жандандыру жөнінде бірнеше рет тапсырма берді. Соның нәтижесінде 2016 жылы үй маңдарындағы аумақтарды жөндеу және көріктендіру, балалар және спорт алаңдарын орнату, көшелерді жарықтандыру желілерін ұлғайту, қаланы көгалдандыру және көркейту, тағы басқа бағыттарда жұмыстар жүргізілді.

Нақты айтқанда, 75 үй маңы аумақтары жөнделді, жылдың соңына дейін тағы да 25 аула тәртіпке келтіріледі, оның ішінде жүретін бөліктер мен тротуарлар асфальтталады. Жалпы сомасы 80 миллион теңгеге 60 балалар ойын алаңдары орнатылды, демеушілік қаржысы есебінен спорттың дене жаттығуы түрлерімен шұғылданатын 10 алаңша және скейт-парк жарақтандырылды. Қаланың 121 көшесі түнгі жарықтандырумен қамтамасыз етілді, 6 нысанда түнгі жарықтандыруды қайта құрылымдау мен күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылуда. Ескірген тіректер алмастырылды, ескі шамдар тұтынылатын электр энергиясын 60 пайызға дейін азайтуға және пайдалану, қызмет көрсету шығындарын қысқартуға мүмкіндік беретін жарық диодты шамдармен жаңғыртылды.

Биылғы жылы қала аумағында гүлзарлар мен көгалдар көлемі екі есеге ұлғайды. Барлығы 34 мың шаршы метрден астам гүлзарлар мен 134 мың шаршы метрдей көгалдар отырғызылды. Көктемде 24 мыңнан астам көшеттер егілсе, күзде оның санын тағы да 72 мыңға ұлғайту жоспарлануда. Ал қатты тұрмыстық қалдықтар қалалық полигоны маңында 103 мыңнан астам ағаштар мен тал-шіліктер отырғызылмақшы.

Ақтөбе қаласы әкімдігінің алдына 2017 жылы өңірдегі елді мекендерді көріктендіру бойынша міндеттер қойылды.

 Облыс әкімінің баспасөз қызметі.   

Бір пікір

  1. Көшелердегі нөсер кəрізі тек көз бояушылық, алысқа бармай-ақ облыс əкімдігі жанындағы мед.академия алдындағы кəрізі тек топырақ пен жапырақтан арылмайды,тазалайтын мекеме жоқ.Кеше ғана сол жердегі жолаушылар жүретін бөліктен өте алмай,айналып өттік, шамалы жауған қар суы жиналған.Ал көктемде не болады? Осы көше тазалығымен айналысатын тендер тұтқан мекемелер не істейді?Көктемде екі ай,күзде екі ай мекеме қызметкерлерін апта сайын сенбілікке салады.Тазалыққа қарсы емеспін,сонда мемлекет ақшасын алған мекеменің 4 айдағы жұмысын неге өзгелер жасауы керек.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>