Басты бет » Жаңалықтар » Қаланы қардан тазарту 28-і күні түнде басталды

Қаланы қардан тазарту 28-і күні түнде басталды

Ақтөбенің алғашқы қары коммуналдық қызметтерді аса абыржыта қоймады. Өйткені мердігер ұйымдар 15 қазаннан бастап тәулік бойы кезекшілік ету режиміне көшкен болатын.

Қардың жаууына байланысты бүгін 28 қазанға қараған түнде көшеге 65 бірлік арнаулы техника шықты, оның ішінде тазалағыш, құм шашатын тракторлар, өзі аударатын және тиейтін машиналар, автогрейдерлер бар.

Ақтөбе қаласы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшысының орынбасары Жомарт Бақыткелдінің айтуынша, түнде қар түсісімен техникалар, әсіресе тазалаушы тракторлар мен құм, тұз шашатын машиналар бекітілген көшелерден бірнеше рет жүріп өткен. Тайғақ болады деген көше қиылыстарына, көпірлерге сусымалы материалдар төгілді.

Таңертең ертелетіп қар шығарып, бордюрлерге дейінгі аумақтарды тазарту үшін 10-ға жуық бригада жұмысқа қосылды.

Бұдан басқа, басқарушы компаниялар да жұмысшылары мен техникаларын тротуарларды қардан тазарту жұмысына қосты. ПИК және кондоминиум нысандары басшыларына аула аумақтарын қардан тазарту міндеттері қойылды.

Қаланы қардан тазарту жұмыстары жалғасуда. Қардың мол түсуіне байланысты күні бойы жұмысқа тартылатын техникалар саны да көбейетін болады.

 Н.ДОСОВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>