Басты бет » Жаңалықтар » Ақтөбеге 18 ветеринар маман жетіспейді

Ақтөбеге 18 ветеринар маман жетіспейді

Республикалық топ

 Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бас кеңсесінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдұлданов бастап келген республикалық топ мүшелерінің қатысуымен өткен оқу-семинар кезінде айтылды.

Республика  көлемінде жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қалыптасқан эпизоотиялық ахуал және қолданыстағы ветеринария саласындағы кейбір заңдылықтарға енгізілген өзгерістер туралы оқу-семинары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары-ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтің тапсырмасы негізінде өткізіліп отыр. Семинарға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдұлданов, «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік мекемесінің ветеринария бөлімінің бас маманы Серік Күлдібаев, «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМК Методология, өндірістік бақылау және аккредитациялық бөлімінің өндірістік бақылау жөніндегі бас менеджер сарапшысы Валихан Шоқыбасов, сондай-ақ, облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекция, аймақтағы ветеринария бөлімдерінің басшылары мен мамандары, ветеринарлық станцияның және ауылдық ветеринарлық пункт меңгерушілері, мал дәрігерлері қатысты.

Қазір мұндай оқу-семинарлары еліміздің барлық аймағында өткізіліп жатыр. Бұл салаға жауапты мамандардың басын қосып, кең көлемде оқу-семинар өткізуіміздің мақсаты — бұл саладағы өзекті мәселелерді анықтау, ауруларға қарсы бірегей стратегиялық іс-шараларды қабылдау. Сонымен қатар, мал арасындағы ауруларды, малдың жалпы қозғалысына бақылауды күшейтіп, тамақ және ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, — деді топ жетекшісі.

Т.Қабдұлдановтың айтуынша, қазір Ақтөбе облысы бойынша эпизоотиялық жағдай бірқалыпты. Бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

— Қазақстан — Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше. Соған байланысты мал өнімдерін сату мәселесі мемлекеттік деңгейден халықаралық деңгейге көтерілді. Бүгінгі күні ветеринарлық мәселелердің барлығы жіті бақылауда. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 5-бабында көрсетілгендей, ел Үкіметі ветеринария жүйесінің құрамына кіреді және осы ветеринария саласында қолданылатын заңдылықтар, ондағы стратегиялар мен алгоритмдер, концепциялардың барлығы Үкімет тарапынан үнемі бақылауда болады.

Өткен жылдары елімізде 138 мыңға жуық киік пастереллез ауруынан қырылды. Оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазақстан аумағында киіктердің өлекселері көмілді. Сөйтіп елімізде кеміргіштердің әсерінен пастереллез ауруы тіркелді. Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында малдан пастереллездің 7 түрі кезігіп, оған қарсы іс-шаралар жүргізілді. Бүгінгі күні жағдай қалыпты, — деді Т.Қабдұлданов.

Мал арасында кездесетін мұндай жұқпалы аурулардың қайталанбасына кім кепіл деген сауалымызға ол: «Бүгінгі күні пастереллез ауруына қарсы вакциналар жеткілікті түрде республикалық қорда сақтаулы. Қажеттілік туындаған жағдайда кез келген уақытта дәріні бөлу және аймақтарда залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арналған препараттар қолымызда бар»,— деді ол.

Биыл министрлік тарапынан бұрын пастереллез ауруы тіркелген жерлерде киіктерді болдырмау үшін арнайы үркіту шаралары қабылданыпты. Жұмыс нәтижесі киік індеті тіркелген аумаққа жануарлардың басқа бағытпен көшіп-қонуына әсерін тигізген. Ауқымды жұмыстардың арқасында биыл киіктер арасында пастереллез ауруы тіркелмеген.

Бүгінгі күні республика бойынша 199 ветеринарлық станция, 2341 ветеринариялық пункт бар. Бұлардың барлығына натуралды норма бекітілген. Жетпіс атаудан тұратын ветеринарлық қызметтің жұмыс жасауына барлық жағдай жасалған. «Негізгі мақсат — бүгінгі күні бұл салаға жергілікті жердің жайлауы мен суын танитын мамандарды тарту. Барлық ветеринарлық пункттегі мамандарға  2600-ден астам арнайы көлік пен дәрі-дәрмектерді сақтайтын термочемоданға дейін сатып алынды. Маманға барлық жағдай жасау үшін көлік іші  хирургиялық, акушерлік құралдармен толық қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні аймақтардағы ветеринарлық мамандардың жұмысына жағдай жасау міндеті  жергілікті атқарушы органдардың құзырында», — деді республикалық топ жетекшісі Т.Қабдұлданов.

Еліміздің ветеринария саласына қазір 4 мыңға жуық маман жетіспейді.

Ақтөбе облысы бойынша 18 ветеринар маман жетіспейді. Мамандар аудандардағы ветеринарлық пункттерге қажет. Қазір жоғары оқу орындарын бітірген мамандар ветеринарлық пункттерге барып, малдың арасында жүріп, жұмыс істеуге қатты қызығушылық танытпайды, — деді ол.

Биыл «Дипломмен-ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы бойынша елімізде ауыл шаруашылығы саласына 134 маман жұмысқа орналасыпты.

Оқу-семинарға қатысушыларға үлкен экран арқылы «Республикалық ветеринарлық зертхананың» өндірістік іс-шаралары, сондай-ақ, инфекциялық аурулардан қолайсыз ошақтардағы сауықтыру іс-шараларын жүргізу ережелері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, ветеринария саласындағы көптеген мәселелер талқыланып, мамандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

 Арайлым НҰРБАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>