Басты бет » Мереке » Құрметті ақтөбеліктер және Ақтөбе қаласындағы жерлестер!

Құрметті ақтөбеліктер және Ақтөбе қаласындағы жерлестер!

Сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Туған жерім — нұрлы елім» атты 26-27 тамыз күндері Ақтөбе қаласында өтетін Шалқар ауданының күндеріне шақырамыз!

26 тамыз 2016 жыл

11.00 — С.Бәйішев ат.облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Өнер мен дәулет қоңған жер» атты Шалқар ауданынан түлеп ұшқан әдебиет, өнер саласындағы еңбек сіңірген тұлғалармен кездесу өтеді.

19.00Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Шалқар аудандық халық театры В.Ежовтың «Бұлбұлдар түні» спектаклін қояды.

27 тамыз 2016 жыл

9.00 — «Табыс» коммуналдық базарында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіледі.

10.00 — «Тарихи тұлғаларға тағзым» — (Тілеу батыр, Мөңке би, І.Үргенішбаев )  мемориалды тақта жанына гүл шоқтарын қою

14.00 — Ақтөбе облыстық қарттар мен мүгедектер интернат  үйінде және «Ақтөбе қаласының сал ауруларды қолдау орталығы» Ақтөбе қалалық қоғамдық ұйымында «Жүректен жүрекке!» атты қайырымдылық акциясы болады.

15.30 — Ақтөбе қаласы ипподромында спорттық ойын «Көкпар» өтеді.

18.00 — Тұңғыш Президент ат.орталық мәдениет және демалыс саябағында

— ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдары көрмесі

— спорттық ойындар (қазақша күрес, асық ату,гір көтеру, қол күресі, арқан тарту)

20.00 — аудан өнерпаздары мен жерлестердің концерті

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*