Басты бет » Мереке » Бірге мерекелейік!

Бірге мерекелейік!

Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

  1. Қаланы мерекелік безендіру (билбордтар, баннерлер, кермелер, ұрандар, ұран сөздер, жалаулар және басқа материалдар) дайындау, 25 тамызға дейін, қаланың көшелері мен алаңдары
  2. Мемлекеттік органдарда, барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен мекемелердің еңбек ұжымдарында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған салтанатты жиындар өткізу, 25-нен 30 тамызға дейін, қаланың кәсіпорындары және ұйымдары.
  3. Ең төменгі зейнетақы алушыларға азық-түлік жиынтықтарын табыс ету қайырымдылық акциясы, тамыз, бөлек жоспар бойынша.
  4. Көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын салтанатты табыс ету, тамыз, Ақтөбе қаласының әкімдігі.
  5. «Мектепке жол» республикалық акциясы, 1 тамыз-1 қыркүйек, бөлек жоспар бойынша.
  6. «Ата заң – елдігімнің еңсесі», «Ата заң — ардақ тұтар айбынымыз», «Ата заңым – мақтанышым, қорғанышым» атты тақырыптық сағаттар, дөңгелек үстелдер, кітап көрмелері, 20-29 тамыз, қала кітапханалары.
  7. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кросс-кантриден ашық қала біріншілігі, 20 тамыз сағат 10.00, Ақжар-1 ауылы(карьер).
  8. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ерлер арасында волейболдан қала біріншілігі, 20 тамыз сағат 10.00, Қарғалы БЖСМ.
  9. Аз қамтылған отбасылар балаларына, мүгедек және жетім балаларға цирк қойылымының ақысыз көрсетілімі-қайырымдылық шарасы, 20 тамыз сағат 13.00, бөлек жоспар бойынша.
  10. «Ән ғұмыр» атты республикалық ән фестивалі, 28 тамыз сағат 19.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы.
  11. «Конституция — мәңгілік елдің берік тұғыры» атты кітап көрмесі, 22 -30 тамыз аралығында, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, 27 тамыз сағат 18.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы.
  12. «Ата Заңым — Алтын тұғыр, Айбарым» атты кітап көрмесі, тарихи кеш, 23, 24, 26 тамыз сағат 10.30, облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы.
  13. «Ата Заңым аялайды елімді» атты танымдық сағат, 24 тамыз сағат 10.00, №41 «Назерке» МДҰ.
  14. «Ата Заңым — айбыным» атты сурет көрмесі (кіру ақысыз), 25-31 тамыз аралығында, Қалалық оқушылар Сарайы.
  15. Грек-рим күресінен 2000-2001 ж. және 2003-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында ашық турнир, 25-27 тамыз аралығында, №4 ОБЖСМ.
  16. «Айбары асқақ Ата Заң» атты зияткерлік ойыны 25 тамыз сағат 10.00, қалалық жас туристер станциясы.
  17. «Ата Заң — өмір бағдаршамы» атты дөңгелек үстел, 25 тамыз сағат 11.00, 29 тамыз сағат 15.00, Қурайлы селолық әкімшілігінің мәжіліс залы.
  18. Ж.Ерғалиевтің «Есігімді қаққан кім?» атты драмасының премьерасы, 25 тамыз сағат 19.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.
  19. Конституция Күніне арналған қалалық бос орындар жәрмеңкесі, 26 тамыз сағат 10.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағы.
  20. «Адам және Заң» атты тақырыптық интерактивтік лекция, 26 тамыз сағат 11.00, №30238 әскери бөлімі.
  21. «Ата Заңым айбыным» атты тақырыптық шара, 26 тамыз сағат 11.00, облыстық планетарий.
  22. Жас суретші А.Утарбаеваның «Абстракционизм» атты көрмесі, 26 тамыз сағат 17.00, облыстық өнер музейі.
  23. Кеңейтілген ауыл шаруашылық жәрмеңкесі, 27 тамыз сағат 9.00, «Табыс» коммуналдық базары.
  24. «Ата Заңым — Алтын тұғыр, Айбарым» атты облыстық, республикалық, халықаралық байқау лауреаттарының концерті 27 тамыз сағат 9.00, №2 Балалар музыка мектебі.
  25. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қыздар арасында волейболдан қала біріншілігі, 27 тамыз сағат 10.00, Қарғалы БЖСМ.
  26. Самбо күресінен 2004-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында мектеп біріншілігі, 28, 29 тамыз сағат 9.00, Қарғалы БЖСМ.
  27. Тоғызқұмалақтан ересектер арасында жеке біріншілігі, 28 тамыз сағат 9.00, №1 ОБЖСМ.
  28. 2002-2004 ж. балалар арасында жалпы дене дайындығы бойынша мектеп біріншілігі, 28 тамыз сағат 10.00, Қарғалы БЖСМ.
  29. «Ат тұяғын тай басар» атты спектакль (кіру ақысыз), 28 тамыз сағат 11.00, «Алақай» қуыршақ театры.
  30. Благодар ауылдық округінің тұрғындары арасында дойбы, шахматтан жарыс, 29 тамыз сағат 10.00, Благодар ауылдық округі әкімдігінің ғимараты.
  31. «Конституция – кемел келешек кепілі» атты сурет көрмесі, 29 тамыз сағат 10.00, қалалық көркемсурет лицейі.
  32. «Ата Заң тарихы» атты тақырыптық лекция, 29 тамыз сағат 11.00, КА 168/2 түзету мекемесі.
  33. «Конституция – тұрақтылық пен дамудың негізі» атты танымдық сағат, 29 тамыз сағат 11.00, №1 Балалар музыка мектебі.
  34. «Азат елдің Ата Заңы» атты шығармашылық жұмыстардың көрмесі, 29 тамыз сағат 11.00, қалалық техникалық шығармашылық орталығы.
  35. «Конституция ұлы дала елінің құндылығы» атты құқықтық сағат, 29 тамыз сағат 11.00, С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы.
  36. «Тәуелсіз елдің тұғыры — Ата заң» атты тақырыптық кеш, 29 тамыз сағат 11.00, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы.
  37. «Азат елдің ар-намысы — Ата Заң» атты футбол және волейболдан спорттық жарыстар, 29 тамыз сағ.11.00, Ауыл шаруашылық колледжі, Қатысушыларды марапаттау рәсімі, сағ.17.00, Благодар ауылдық округі әкімдігінің ғимараты.
  38. «Арайланған Ата Заң» атты кітап көрмесі, 29 тамыз сағат 11.00, Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы.
  39. «Ата Заң – асыл арымыз» атты мерекелік концерттік бағдарлама, 29 тамыз сағат 15.00, Қалалық қазақ зағиптар қоғамы мәдениет Үйі
  40. Ақтөбелік суретшілердің «Менің қалам» атты бірлескен көрмесі, 29 тамыз сағат 15.00, облыстық өнер музейі.
  41. «Заңды білу — заман талабы» атты әділет департаменті өкілдерімен кездесу, 29 тамыз сағат 15.00, «Руханият» музейі.
  42. «Азат елдің ар-намысы — Ата Заң» атты концерт, 29 тамыз сағат 18.30, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония
  43. «Ата Заңым» атты ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына жергілікті композиторлардың патриоттық әндерінен концерттік бағдарлама, 29 тамыз сағат 20.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы.
  44. Workout спорттық алаңдардың ашылуы, 30 тамыз (келісім бойынша), бөлек жоспар бойынша.
  45. Жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған, Қазақстан ипотекалық компаниясы желісі бойынша бағдарламаларға қатысушыларға пәтер кілттерін салтанатты табыс ету, 30 тамыз (келісім бойынша), Кірпішті ауылы.
  46. Қарғалы с. 320 орындық балабақшаның ашылуы, 30 тамыз (келісім бойынша), Қарғалы селолық округі.
  47. Кірпішті ауылында 320 орындық мектептің ашылуы, 30 тамыз (келісім бойынша), Кірпішті ауылы.
  48. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жастарға арналған аула клубының салтанатты ашылуы, 30 тамыз (келісім бойынша),«Нұр Ақтөбе» шағын ауданы.
  49. СПК «Айбек» ет консерві цехының ашылуы, 30 тамыз (келісім бойынша), 41-разъезд.
  50. «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС ашылуы, 30 тамыз (келісім бойынша), Өнеркәсіп алаңы, 98.
  51. Конституция күніне арналған спортшылардың көрнекі қойылымдары, 30 тамыз сағ.10.00, №8 ОБЖСМ (Есет батыр көшесі, 146).
  52. «Экиден» спорт түрінен эстафета, 30 тамыз сағ.10.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы.
  53. 2000-2004 ж.т. қыздар арасында стритболдан қала біріншілігі, 30 тамыз сағат 10.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы.
  54. Балаларға түрлі түсті шарлар тарату, ақысыз аквагримм, «Менім Қазақстаным» атты сурет және фото көрмелер, көпіршіктер шоуы, ҚР Конституциясы бойынша викторина, 30 тамыз сағ.ат 10.00, «Мега Ақтөбе» ОСО (ғимарат ішінде).
  55. «Ел тірегі — Ата Заң» атты мерекелік бағдарлама, 30 тамыз сағат 11.00, Сазды қалалық мәдениет үйі.
  56. У-шу спорт түрінен турнир, 30 тамыз сағат 11.00, «Гранд» сауда үйі, 0-қабат.
  57. «Айбыны асқақ — Ата Заң» атты балалар шығармашылығының көрмесі, 30 тамыз сағат 11.00, қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы үйі.
  58. «Ата Заң елдігімнің еңсесі» атты мерекелік бағдарлама, 30 тамыз сағат 11.00, Қарғалы с., Жеңіс саябағы.
  59. «Ата Заңым — Айбыным» атты мерекелік бағдарлама, 30 тамыз сағат 11.00, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі
  60. Балалар мен жасөспірімдер арасында «Былғары доп — 2016» футболдан қала турнирі, 30 тамыз сағат 11.00, қаланың ашық спорт алаңдары.
  61. «Елдігімізді айшықтаған Ата Заң» атты мәдени-көпшілік шаралар, 30 тамыз сағат 11.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағы, «Мега» ойын-сауықтық сауда орталығы алаңы, А.С.Пушкин атындағы мәдениет және демалыс саябағы, «Ретро» саябағы.
  62. «Алақайлап шаттанады балақай» атты «Халықтық» «Мы Вас любим» клоунада театрының мерекелік ойын- сауықтық бағдарламасы, 30 тамыз сағат 11.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағының су жағалауы.
  63. «Өнерімді қабыл ал, Тәуелсіз ел» атты мерекелік ойын-сауық бағдарламасы, 30 тамыз сағат 11.00, «Мега Ақтөбе» ойын-сауықтық сауда орталығы алаңы.
  64. «Отбасым — тілегім, Ата Заңым – тірегім» атты «Халықтық» «Шашу» отбасылық ансамблінің мерекелік бағдарламасы, 30 тамыз сағат 11.00, А.С.Пушкин атындағы мәдениет және демалыс саябағы.
  65. «Ата Заң — мұрамыз, бақыт таңымыз» атты мерекелік ойын-сауықтық бағдарлама, 30 тамыз сағат 11.00, «Ретро» саябағы.
  66. «Сырлы бояу өрнегі» атты балалар арасында асфальтқа сурет салу байқауы, «Шалқар шабыт» атты жастар мен ересектер арасында бес саусақтың формасымен плакатқа сурет салу байқауы, 30 тамыз сағат 12.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағының су жағалауы.
  67. «Жер байлығы — ел байлығы» атты қалалық ауылшаруашылық  өнімдерінің және гүл салондарының байқау-көрмесі, 30 тамыз сағат 18.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағының су жағалауы.
  68. «Көше энергиясы» атты ауыр атлетикалық спорт түрлерінен шоу-фестивалі, 30 тамыз сағат 18.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағының сахнасы.
  69. Т.Ахтановтың «Ант» драмасы, 30 тамыз сағат 19.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.
  70. «Азат елдің ата Заңы» атты ашық су бетінде кеме үлгілеу спортынан «Кеме үлгілеу» үйірмесінің спортшыларының көрнекі орындаулары, шығармашылық жұмыстар көрмесі, 30 тамыз, сағат 19.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағының су жағалауы.
  71. «Жайдарлы жаз» атты жергілікті суретшілердің сурет көрме саудасы, 30 тамыз сағат 20.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағының су жағалауы.
  72. «Түрлі түсті ғажайыптар» атты түрлі түсті шарлардан фигуралар модельдеу шеберлік класы, 30 тамыз сағат 20.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағының су жағалауы.
  73. «Бар әлемге гүл сыйлаған Ата Заң» атты мерекелік хореографиялық-музыкалық композиция, мерекелік кештің ашылу салтанаты. «Жер байлығы — ел байлығы» атты қалалық көрме – байқауының қатысушыларын марапаттау рәсімі. «Дала үні, дала сыры!» атты мерекелік бағдарлама, 30 тамыз сағат 20.00, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағының Ту тұғыры алаңы.
  74. «Конституция — нұрлы өмір шырағы» атты «Бипыл» вокалды – аспапты ансамблінің ретро кеші, 30 тамыз сағат 20.00, А.С.Пушкин атындағы мәдениет және демалыс саябағы.
  75. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу орындарда мерекелік сауданы ұйымдастыру, 30 тамыз, қала алаңдары.
  76. «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 1200 орындық мектептің ашылуы, 1 қыркүйек (келісім бойынша), «Нұр Ақтөбе» шағын ауданы.
  77. Заречный-3 ауданында 600 орындық мектептің ашылуы, 1 қыркүйек (келісім бойынша), Заречный-3 ауданы.
  78. «Сымбат» мектебінің ашылуы, 1 қыркүйек (келісім бойынша), Батыс-2 ауданы.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>