Daily Archives: 14 шілде 2018

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев: Ел экономикасын дамытуда Ақтөбенің үлесі өте үлкен

Елбасы тапсырмасына сәйкес, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды.  Мақсаты — Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауларының, Бес әлеуметтік бастамасының, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде іске асырылу барысымен танысу. Үкімет басшысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев күтіп алып, өңірде жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды. «Соңғы екі-үш жылда бірде-бір облыста дәл ...

Жалғасы »

Өндіріс орындарын аралады

Үш зауыттың әлеуеті Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған топ әуелі Мұғалжар ауданына келді. Осындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады, атап айтқанда, Жаңажол вахталық кентінің дамуымен танысты. Премьер-Министрге газ өңдеу зауытында табиғи ілеспе газды өңдеудің автоматтандырылған процесі көрсетілді, осы жерде Алтынды ауылындағы «Altyn EX» ЖШС тау-кен байыту комбинатының және Жаңатаң ауылындағы «Газ процессинг компани» ЖШС газ өңдеу зауыты құрылысының ...

Жалғасы »

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы сараланды

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымовамен бірге «Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты» жауапершілігі шектеулі серіктестігінде болып, цехтарды аралап, шығарылып жатқан өнімдерге баға берді, кәсіпорынның жартыжылдықтағы өнеркәсіптік және инвестициялық қызметімен танысты. Премьер-министрді зауыт жұмысының жағдайымен таныстырған кәсіпорын директоры Анар Кашлаев инвестиция көлемінің 5 миллиард теңгеге жеткенін хабарлады. — Зауыт  түрлі көлемдегі сорғы-компрессорлық ...

Жалғасы »

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі — қоғамның дамуына қосылған үлес

Әр ұжымдағы еңбеккерлердің әлеуметтік жағынан қорғалуы, еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, еңбек қатынастарының заң аясында болуы тек еңбек өнімділігіне ғана емес, ел ішіндегі тұрақтылыққа да әсер етеді. Кеше Ақтөбеде, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен «Компаниялардың әлеуметтік саясаты: тәжірибесі және даму перспективалары» атты семинар-кеңесте осы мәселелер талқыланды. Жиын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның ғимаратында өтті. Жиынға ҚР Еңбек ...

Жалғасы »

Жұмысшыларға 90 пәтер берілді

«Казхром» ТҰҚ АҚ филиалы — Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 75 жылдық тойы қарсаңында зауыттың бірқатар қызметкерлеріне баспана кілттері табыс етілді. Мерейтойлық іс-шаралар шеңберінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Еуразиялық Топтың басқарма төрағасы Серік Шахажанов, «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті Арман Есенжолов Батыс-2 шағын ауданында салынған 90 пәтерлік жаңа үйге барды. Мерекелік салтанат барысында өндірістегі тапшы кәсіп иелеріне, кәсіпорынның жас және білікті ...

Жалғасы »