Daily Archives: 12 шілде 2018

Үздік тауар өндірушілер анықталды

Кеше Ақтөбеде «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары жарияланды. Байқауға облыстағы қырыққа жуық жетекші кәсіпорындар қатысты. — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған басты міндеттердің бірі — әлемнің дамыған отыз елінің қатарына тезірек ену. Ал бұл мақсатқа жету үшін экономиканың өндірістік секторын кеңінен дамыту қажет. Президенттің тапсырмаларына сәйкес «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-байқауы елімізде 13-рет өтіп жатыр. ...

Жалғасы »

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевқа

Құрметті Бердібек Машбекұлы! Сізді және бүкіл Ақтөбе облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы — барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш. Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла кірісті. «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Ақтөбе облысы да елорданың дамуына атсалысуда. Барлық өңірлер тарту етіп жатқан жаңа нысандар халықтың игілігіне қызмет ...

Жалғасы »

Президенттің бес әлеуметтік бастамасы: қосымша 20 мың грант бөлінді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Михаил Чирков сейсенбі күні Ақтөбедегі Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Кездесуге, сондай-ақ облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нұрбақыт Барбосынов жүргізіп отырды. Парламент депутаты сөзінің басында жұмыс сапарының мақсаты ...

Жалғасы »

Құжаттар зерделенуі керек

Әдеп жөніндегі кеңес ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезектен тыс отырысында Алға ауданы әкімдігінің бөлім басшыларына  қатысты қозғалған тәртіптік істер қаралды. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және қаржылық жұмыстар бөлімінің басшысы Бауыржан Досымов және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ескендір Бекіш мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жазаланды. Қызметтік тексеру барысында конкурстық рәсімдердің ...

Жалғасы »

Білім беру гранты: өтініштер 18 шілдеден бастап қабылданады

ҰБТ  қорытындысы бойынша  білім беру грантына арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 18-26 шілде аралығында қабылданады. Мемлекеттік білім гранты республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінеді. Республикалық комиссияның отырысы 27 шілде мен 5 тамыз аралығында өткізіледі. Талапкер конкурсқа қатысу үшін өтініште өзі таңдаған мамандық пен жоғары оқу орнын көрсетеді. Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда төрт мамандықты көрсете алады. Конкурсқа қатысу үшін ұлттық жоғары ...

Жалғасы »

Ақтөбе аспаны астындағы сурет

Ақтөбеде облыстық өнер музейінің ұйымдастыруымен бір апталық «Plein Air Aktobe» халықаралық кескіндеме симпозиумы өтті. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Астананың 20 жылдығына орай өткен симпозиум 20-дан астам суретшінің басын қосты. Кескіндеме жанрына, қалалық пейзаждарға қызығушылықты қалыптастыру, облыстық өнер музейі қорын симпозиум қатысушыларының туындыларымен толықтыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Башқұртстан, Өзбекстан, Татарстан, Ресей Федерациясының Пермь, ...

Жалғасы »

Юнеско ұйымдастырған фестиваль

Жақында Астана қаласында «The Planеt of ART» халықаралық фестивалі ұйымдастырылды. Кеш барысында Елордамыздың 20 жылдығына арналған «Астана — бейбітшілік қаласы» атты арнайы балалар шығармашылығы альбомының тұсаукесері өтті. Шараның өтуіне ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры және қазақстандық және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ЮНЕСКО клубтары мен ассоциацияларының федерациясы ұйытқы болды. Фестивальдің мақсаты —  жас ұрпақ арасындағы достастық қарым-қатынасты нығайту. Төрт күнге созылған ...

Жалғасы »

Халықаралық фестиваль: алты оқушы жүлдемен оралды

Бурабай демалыс аймағындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Вurabay summer fest» халықаралық балалар мен жасөспірімдердің телевизиялық  фестивалі өтті. Шарада ақтөбелік талантты жастардың өнері жоғары бағаланып, екі бала бас жүлде, бір бала І орын, үш бірдей оқушы ІІІ орын алды.  Фестивальдің республикалық кезеңіне 400 адам қатысты. Өнерлі, дарынды балалар еліміздің  түкпір-түкпірінен және Қытай, Белоруссия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркиядан жиналды. Байқау қорытындысында ...

Жалғасы »

1 шілдеден бастап қандай өзгерістер болды?

Биыл 1 шілдеден бастап елімізде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері, жалақы, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсетуде бірқатар өзгерістер болды. Сонымен… Зейнетақы мен жәрдемақы өсті Елбасының халыққа арнаған Жолдауында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны еңбек өтіліне қарай 1,8 есеге ұлғайту турасында тапсырма берілгеннен бері, зейнеткерлердің осы уақытты тағатсыздана күткені анық. Әр айдың алғашқы күнінде зейнетақы мен жәрдемақы алатындар үшін көптен ...

Жалғасы »

Ғылым – Инновация – Өндіріс: арадағы байланыс қандай?

Немесе Ақтөбе ғалымдарының инновациялық жаңалықтарын  коммерцияландыру қалай жүргізіліп жатыр? Әлемді пластик «елесі» кезіп жүр. Ресми дерек бойынша, жер бетінде бір күнде үш миллион тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдық шығарылады екен. 2100 жылдарға қарай бұл сан үш есе өседі деген болжам бар. Осы қалдықтардың дені пластик ыдыстар, полиэтилен пакеттері көрінеді. Зерттеулерге қарағанда, сауда орындарынан зат салып алып шығатын полиэтилен пакеттерін тұтынушы ...

Жалғасы »