Daily Archives: 16 қазан 2017

Экспо-дан тартылған жол өңірді өзгеріске бастайды

V халықаралық инвестициялық форум қорытындысы бойынша 200 миллиард теңгенің он бір меморандумына қол қойылды. Ақтөбе облысы экономикасының жетекші салалары бұрынғыдай өнеркәсіптік және мұнай-газ секторы болып табылады. Алайда алдағы уақытта мұның өзіне өзгерістер енуі мүмкін. Өйткені соңғы жылдардағы экономикалық түрленулер өндірісті әртараптандырып, жаңа басымдықтарды белгілеуді алға тартуда. Мемлекет басшысы қойып отырған талап та осы. Елбасы Үкімет мен облыстардың әкімдеріне жаңа технологияны ...

Жалғасы »

Ақтөбеде Италия елшілігі өкілдігін ашу жоспарда бар

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Италияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Стефано Раваньянмен кездесті. — Мемлекет басшысының қойған басты міндеттерінің бірі — елде қолайлы инвестициялық жағдай жасау. Бұл үшін өңірде мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Біріншіден, шетелдік инвестициялардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілген. Екіншіден, инвесторларға қажетті қолдау көрсетіліп, Қазақстанның заңнамаларында көзделген барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар ұсынылады, — деді облыс әкімі. Б.Сапарбаев Бүкіләлемдік банктің мәліметінше, ...

Жалғасы »

Ірі холдинг іргелі істерге мүдделі

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеге «Aktobe Invest-2017» бесінші халықаралық инвестициялық форумына қатысуға, сонымен қатар инвестицияланатын неғұрлым тартымды жобаларды талқылау мақсатында облыс басшылығымен жеке кездесу үшін Біріккен Араб әмірліктерінен келген Al Qudra Holding компаниясының бас директоры Мишель Нассурмен кездесті. Кездесуді ашқан Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысы мен БАӘ арасындағы тауар айналымы төмен екенін, бұл екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтудің әлеуетін және экономиканың түрлі ...

Жалғасы »

«Al-Masaood Oil and Gas» компаниясы инвестиция салуға әзір

«Al-Masaood Oil and Gas» компаниясының бас директоры Ахмад аль-Таннир «Aktobe Invest-2017» бесінші халықаралық инвестициялық форумына қатысуға Ақтөбеге келген сапарында онымен кездескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында екі ел арасында тығыз әріптестік қатынастар орнатылып, бүгінгі таңда Ақтөбе облысы мен БАӘ арасында сауда және экономикалық қатынастарды дамыту үшін зор әлеуеттің бар екенін атап өтті. Тараптар экономиканың түрлі салаларындағы ынтымақтастықтың даму ...

Жалғасы »

«Алтын күз»: желаяқтар жарысты, көшеттер егілді

Кеше Ақтөбе қаласында дәстүрлі «Алтын күз» марафоны өтті. Жеңіл атлетикадан ұйымдастырылған сайыста қатысушылар 500 метр, 3 және 10 шақырым қашықтыққа жүгірді. Шараның жабылу рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Ақтөбе қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаровтың айтуынша, жыл сайын өтетін жарыстың маңызы зор. Тиісінше биыл, өткен жылмен салыстырғанда, жүгіремін деушілер де көп екен. — Жарысқа ер адамдар ...

Жалғасы »

Мал шаруашылығының бүгіні және ертеңі

«Aktobe Invest-2017» форумы «Aktobe Invest-2017» форумының аясында Шығармашылық академиясы ғимаратында «Жаһандану кезеңіндегі агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі» панельдік сессиясы өтті. Оның екінші тобына негізінен мал шаруашылығы саласында бизнеспен шұғылданатын кәсіпкерлер жиналды. Олар бұл саладағы қазіргі қол жеткен табыстарды жалғастырып, жаңа белестерге шығудың мүмкіндіктерін қозғады, сауалдары да осы төңіректе болды. Форумның модераторы болған Қазақстан ет қауымдастығының төрағасы Мақсұт Бақтыбаев ресми шараның ...

Жалғасы »

Қолдау. Субсидия. Кепілдік

Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында «Aktobe Invest-2017» V халықаралық инвестициялық форумы аясында «Өңірдің әлеуетін ескере отырып мемлекеттік қолдаудың шаралары» тақырыбында панельдік сессия өтті. Сессияны «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жобалық қаржыландыру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік департаментінің басшысы Дамир Мусин жүргізді. Оның айтуынша, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ мақсаты — Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына көмектесу. Бүгінгі күні холдинг ірі кәсіпкерлікті қолдау, шағын және орта бизнесті ...

Жалғасы »

Міндет — құрылыс қарқынын бәсеңдетпеу

«Нұрлы жер» Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуына жұмылдырылған құрылыс компаниялары басшыларымен кездесіп, «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабының құрылысын салу мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді. Өткен сенбіде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұр Ақтөбе» ауданындағы шағын қабатты тұрғын үйлер салынып жатқан құрылыс алаңында болды. Құрылыс басында Бердібек Машбекұлына компания өкілдері істің ешбір кедергісіз жүргізіліп жатқанын айтты. Облыс әкіміне ...

Жалғасы »

Халықаралық сарапшының жоғары бағасы

Халықаралық сарапшы облыста дуальды оқыту әдісінің енгізілуіне  жоғары баға берді.  Өткен сенбіде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  Герман халықаралық әріптестік жөніндегі қоғамның аға кеңесшісі (GIZ), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  министрлігінің халықаралық кеңесшісі Райнер Гёртцпен кездесті. Р.Гёртц Ақтөбеге дуальды білім беру жөніндегі  семинар-жаттығуға қатысу үшін келген. Кездесу барысында олар дуальды білім берудің еліміздің батысында, атап айтқанда, Ақтөбе облысындағы даму келешегін талқылады. ...

Жалғасы »

Ақтық сын және алғыс

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан футбол федерациясының, «Ақтөбе», «Астана», «Қайрат», «Ордабасы», «Ертіс», «Тобыл», «Атырау», «Тараз», «Ақжайық», «Қайсар» және «Оқжетпес» футбол клубтарының басшылығымен кездесті. Кездесуге Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов, федерацияның вице-президенті, кәсіби футбол лигасының президенті Азамат Айтқожин, УЕФА-ның Fair Play бойынша және әлеуметтік жауапкершілік комитетінің вице-президенті Қайрат Боранбаев және тағы басқалар қатысты. Биыл Қазақстан кубогының ақтық жарысы Ақтөбе қаласында ...

Жалғасы »