Daily Archives: 21 тамыз 2017

«Sinopec Group» компаниясы облыста жаңа жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев «Sinopec Group» трансұлттық корпорациясы бас директорының орынбасары  Цзяо Фанчжэнмен кездесті. Кездесу барысында өңірдің дамуына əсер ететін өзара тиімді əріптестікті дамыту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, негізгі экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері талқыланды.                                                                     Әңгімелесушілер тек шикізат секторында ғана емес, өңдеу саласындағы əріптестікті кеңейтуге де қызығушылық танытты. Жуырда «Sinopec Group» компаниясында өңірдегі өңдеу өнеркəсібінің нақты жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігін ...

Жалғасы »

Мемлекет басшысы өңірлерге Ақтөбе облысының тәжірибесін қолдануды ұсынды

18 тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өтті. Кеңеске Сенат төрағасы, Премьер-Министр және оның орынбасарлары, Президент Әкімшілігінің Басшысы және оның орынбасарлары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты. Отырыс барысында мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру, рухани жаңғыру мәселелері талқыланып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есептер ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Мақсатымыз — қазіргі ұрпаққа тарихты жеткізу

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Президент Әкімшілігінің Басшысы – Ұлттық комиссияның төрағасы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның үшінші отырысы өтті. Ұлттық комиссия төрағасы бағдарламаның ауқымды жалпы ұлттық жобаға айналу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, отырыста қаралатын екі мәселеге арнайы тоқталды. Оның бірі — «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өңірлерде атқарылған жұмыстардың ...

Жалғасы »

Ырысты мекен — Ырғыз

Аудан күндері 18-19 тамызда «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында Ақтөбе қаласында Ырғыз ауданының күндері өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Акция көше мерекесінен басталды Ырғыз ауданы күндерінің алғашқы қадамы Ақтөбе қаласындағы Ы.Алтынсарин көшесінде «Аймаққа білім шуағын шашқан Алтынсарин» атты көше мерекесінен басталды. Шарада Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов жиналғандарға жылы лебізін білдірді. Биыл «Туған жерім — нұрлы ...

Жалғасы »

Басты бағыттар бойынша

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында облыстық сотта дөңгелек үстел өткізілді. Бұл шараға облыстың тергеу судьялары, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы аудандық соттардың төрағалары мен тергеу судьялары қатысты. Облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай тергеу судьяларының өкілеттілігін кеңейту  заң үстемдігін қамтамасыз етуде «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге ...

Жалғасы »

ЭКСПО қонақтары велосипед құрастырды

«ЭКСПО–2017» халықаралық көрмесінің қонақтары Корея павильоны ұйымдастырған қайырымдылық акциясына қатысты. Нәтижесінде, Корея павильонының өкілдері ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсететін «SOS Қазақстандағы балалар ауылы» халықаралық қайырымдылық ұйымына барды және көрмеге келушілер құрастырған велосипедтерді табыстады. Шараға Корей агенттігінің сауда және инвестициялар бойынша клиенттерді қолдау қызметінің басшысы Сон Сок Ги және «SOS Қазақстандағы балалар ауылы» корпоративтік ауылының директоры міндетін атқарушы Дана Егешбаева ...

Жалғасы »

Ауыл спортшылары «Ақ бидайда» сынға түсті

Алға ауданында «Ақ бидай-2017» ауыл спорты ойындары өтті. Барлық аудандардан мыңға жуық спортшы қатысып, спорттың 17 түрінен сынға түсті. Шараның ашылуы Алғаның Орталық стадионында өтті. Облыстық ауыл спорты ойындарының ашылуы Алғада ерекше ұйымдастырылды. Орталық стадион арнайы безендіріліп, кеш басталғанша led экраннан облыс спортшыларының жетістіктері көрсетілді. Алаңға халық көп жиналды. Ауданның өнерлі жастары би билеп, спорттық ойындар көрсетті. Отандық спорттың дамуына ...

Жалғасы »

Ақтөбеде тұңғыш рет триатлоннан чемпионат өтті

Ақтөбе қаласында тұңғыш рет жүзу, жүгіру, велосипед жарыстарынан командалық триатлоннан қала чемпионаты өтті. Чемпионат  Ақтөбе су қоймасының «Саяхат» жағажайында басталды. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов жарысқа қатысушыларды спортшылар мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі. Жарыстың бірінші кезеңі жүзуден басталды. Суда жүзушілер 200 метр қашықтыққа жарысты. Олардың қатарында қала әкімі Ілияс Испанов та болды.  Күн жел, су толқынды болса да спортшылар бұл сайыстан ...

Жалғасы »

Елбасы мақаласы талқыланды

Ақтөбе қаласы әкімдігі және қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қала тұрғындары арасында талқылау мақсатында «Болашаққа қадамды бірге жасаймыз» атты кеңейтілген жиын өтті. «Нұр Отан» партиясы облыстық ғимаратына жиналған Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаева мен бірқатар зиялы қауым өкілдері Елбасы мақаласының Ақтөбе қаласында жүзеге асырылуы жөнінде талқылады. Жиында алғаш сөз алған Ақтөбе қалалық ...

Жалғасы »

Орскілік кәсіпкерлер қызығушылық танытуда

Ресейлік кәсіпкерлер Бадамшада болып, осындағы кездесуде аймақаралық кооперацияны дамыту, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін Орск базарларына шығару мәселелері талқыланды. Аудан әкімі Рахат Сыдықов қонақтарды өзі басқаратын өңірдің бүгінгі экономикалық-әлеуметтік даму ахуалымен таныстырды. — Біздің көрші Ресеймен достық қарым-қатынасымыздың негізі ежелден қалыптасқан, сондықтан жаңа қадамдарымыздың да орнықты болатындығына сенім білдіргіміз келеді,— деді ол. — Біздер қазіргі уақытта Қызылорда облысымен аймақаралық кооперацияны дамыту ...

Жалғасы »