Daily Archives: 16 тамыз 2017

Ресейде аюлар мас тұрғынның азық-түлігін қолымен бірге жеп қойды (Видео)

Ресейдің Иркутск қаласында аюлар жергілікті тұрғынның қойылтылған сүтін қолымен бірге жеп қойған, – деп хабарлайды L!FE. Салдарынан зардап шеккен ер адам ауыр жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Сөйтсек, ішімдікке тойып алған ер адам аюларды қойылтылған сүтпен тамақтандырғысы келіпті. Осы мақсатта ол қоршаудан өтіп, аюларды тамақтандыра бастаған. Алайда жыртқыш аңдар ер адамның қолын тістеп алып, кафе қызметкері көмекке келгенше жібермей қойған. Осы дерек ...

Жалғасы »

Facebook желісінің сауда алаңы іске қосылды

Еуропаның 17 елінде Facebook желісінің Marketplace деп аталатын сауда алаңы іске қосылды. Бұл ресурста жеке тұлғалар жарнама бере алады. Marketplace платформасы атап айтқанда Венгрия, Германия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Дания, Ирландия, Испания, Франция, Чехия, Швеция мен Швейцария тұрғындары үшін қолжетімді. 2016 жылы іске қосылған бұл платформа бұған дейін тек АҚШ, Канада, Мексика, Австралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания ...

Жалғасы »

Атырау облысында белгісіз аурудан сиырлар қырылып жатыр

Атырау облысының Исатай ауданында белгісіз дерттен сиырлар өліп жатыр, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі. «Ауданымызда әлдебір белгісіз дерттің салдарынан ірі қара қырылып жатыр. Өткен айда 275 ауру сиыр тіркеліп, олардың 120-сы өлген, қалғандары бақылауға алынды. Қазір зертханалық тексерулер жүргізіліп жатыр, облыстық радиологиядан радиацияларды жою үшін мамандар шақырылды. Әзірге сиырлардың ауруға шалдығу себебі жайлы нақты ештеңе айта алмаймыз», – деді Исатай ...

Жалғасы »

Таразда шенеуніктің қабылдауына келіп, артынша өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамға қатысты іс тергеліп жатыр

Полиция өңірлік Еңбек инспекциясы басқармасындағы шенеунікке шағымын айтып, артынша өз-өзіне қол жұмсамақ болған Жамбыл облысы тұрғынына қатысты деректі тергеп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл оқиға 14 тамызда болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам Жамбыл облысы бойынша Еңбек инспекциясы басқармасына мемлекеттік еңбек инспекторының әрекеттеріне шағымдану үшін келген. “Оның шағымын ешкім тыңдаған жоқ, нәтижесінде ол 6-қабаттағы кабинеттің терезесінен секіріп кетпек болды”, ...

Жалғасы »