Daily Archives: 27 маусым 2017

«ЭКСПО-2017»: Ақтөбенің күндері басталды!

Дүйсенбі күні Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Ақтөбе облысының күндері басталды. 30 маусымға дейін жалғасатын шараның шымылдығын ақтөбелік өнер шеберлері ұйымдастырған «Ақтөбе — құтты мекен» гала-концерті ашты. Концертті тамашалағандардың қатарында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, т.б. мәртебелі қонақтар болды. «ЭКСПО-2017» қалашығы аумағындағы амфитеатрда өткен думанды ...

Жалғасы »

Тәртіп сақшыларына құрмет

Облыстық ішкі істер департаменті басшылығы мен жеке құрамы Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Оған ардагерлермен бірге облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Тәртіп сақшыларын құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов оларға жемісті еңбек, отбастарына амандық тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер органының 25 жылдығына орай өздеріне ...

Жалғасы »

Маңызды жобалар қаржыландырылды

Мәслихат Дүйсенбі күні облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Оған облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттарымен бірге, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Комиссия отырысында 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды. Бұл ...

Жалғасы »

Кәрім Мәсімов Ақтөбеде болды

Жұмыс сапары Ақтөбе облысына Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен келді. Ол Ақтөбе облысындағы ҰҚКД-нің жаңа ғимаратының құрылысының іргетасын қалауға қатысты. Сапар барысында мәртебелі мейманды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қарсы алды. ҚР ҰҚК төрағасының сапары еліміздің ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр. Кәрім Мәсімовке ҰҚК департаментінің ардагерлері мен бұрынғы қызметкерлерінің құрметіне арналған ...

Жалғасы »

Дипломатиялық өкілдік басшылары көрмені тамашалады

ҚР дипломатиялық өкілдік басшылары «Ақтөбе облысының қазынасы» көрмесімен танысты. Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық арнайыландырылған көрмесіне арналған Ақтөбе облысының күндеріне мыңдаған Елорда тұрғындары мен қала қонақтары қатысуда. «Қазанат» қалалық ипподромындағы этноауылда «Ақтөбе облысының қазынасы» атты ұлттық этнографикалық бұйымдар көрмесі өз жұмысын жалғастыруда. Оны Македония, Голландия, Германия, Швеция сынды бірқатар өзге де елдердің дипломатиялық өкілдік басшылары тамашалады. Шетелдік қонақтарды әсіресе ақтөбелік зергерлердің қолынан ...

Жалғасы »

Қытайдан келген қазаққа облыс әкімінің гранты берілді

Ақтөбеде «Қазақстан — атажұртым, қасиетім — ана тілім!»  атты қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ХІV халықаралық олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Қытайда, Моңғолияда, Өзбекстанда, Иран мен Ресейде тұрып жатқан қазақ диаспорасының балалары олимпиадаға қатысу үшін осында бас қосты. Жыл сайын Қазақстанның әр өңірінде өтетін дәстүрлі шараны бұл жолы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық орталығымен бірлесе Ақтөбеде ұйымдастырды. Олимпиаданың салтанатты ашылуы ...

Жалғасы »

Университеттегі жылы жүздесу

Байланыс және бұқаралық  ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті маркетинг орталығы және баспасөз қызметі бөлімінің ұйымдастыруымен «Бұқаралық ақпарат құралдарының білім беру саласын дамытудағы рөлі» атты шара ұйымдастырылды.  Бұл жиынға университет басшылығы, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС, «Қазақстан» РТРК АҚ облыстық филиалы, «РикаТВ» телекомпаниясының өкілдері, БАҚ өкілдері және университеттің филология, педагогика факультетінің профессор-оқытушылары құрамы қатысты. Журналистермен өткен жиында университет ...

Жалғасы »

Облыстық соттың төрағасы журналистерді құттықтады

Облыстық сот ғимаратында Байланыс және бұқаралық  ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орайластырылып өткізілген шарада облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өз ұжымындағы жаңалықтар мен жетістіктер туралы кеңінен баяндап берді. Қазіргі уақытта мұнда заманауи озық ақпараттық технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Олардың қатарында «Төрелік» жүйесі, сот жүйесінің интернет-ресурсы, «Сот шақыруы», «Сот құжаттарымен танысу», «SMS-хабарлау», аудиобейне тіркеу жүйесі, басқа соттармен байланысты ...

Жалғасы »

Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті

Астанада Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті. Құрылтайға 800 адам қатысты, олардың 350-і — шетелдерден келген қазақтар. Құрылтайға шетелдік қандастарымыз алты құрлықтың әр түкпірінен, 39 мемлекеттен жиналды. Барлық делегаттар мен қонақтардың 80 пайызы Дүниежүзі қазақтары Құрылтайына тұңғыш рет қатысып отыр. Құрылтайға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. — Қайда жүрсе де қазақтың тарихи отаны біреу-ақ. Ол — Қазақстан. Атамекеніміз жалғыз, ол ...

Жалғасы »

Жаңадан тағайындалған төрағалар мен судьялар таныстырылды

Облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай Мұғалжар аудандық сотында болып, жұртшылықпен, аудан активімен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен №2 Мұғалжар аудандық сотының төрағасы қызметіне жаңадан тағайындалған Аслан Мұқановты таныстырды. Ол еңбек жолын Мұғалжар аудандық сотының судьясы қызметінен бастаған, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьясы және төрағасы қызметтерін атқарған. Мұратғали Әкетай №2 Мұғалжар аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған Алтынбек Сабыровтың ...

Жалғасы »