Daily Archives: 25 маусым 2017

Ақтөбе мен Жамбыл арасындағы байланыс беки түсті

Өңіраралық кооперацияны дамыту мақсатында 23-24 маусымда Жамбылда Ақтөбе облысының күндері өтті. Тараз қаласында екі өңірдің жергілікті билік өкілдері мен іскер азаматтары тәжірибе алмасып, өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.  Бес бағыт бойынша байланыс орнады Облысымыздың Жамбыл облысындағы күндері аясындағы шаралар бес бағыт, яғни ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім, мәдениет, спорт салалары бойынша жалғасын тапты. Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев бастаған ақтөбелік  делегацияны тараздықтар  ...

Жалғасы »

Назарбаев пен Монако xанзадасы Экспо-ны аралады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға келген Монако xанзадасы II Альбертпен бірге осы елдің павильонын аралап көрді. 25 маусымда ЭКСПО көрмесінде Монаконың ұлттық күні тойланды. Таңертең даладағы шатырда мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған Монако xанзадасы  II Альберт мен Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.  Осыдан кейін делегациялар осы елдің павильонына өтті. Сол жерде барлығы жиналып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алды. Осыдан кейін ...

Жалғасы »

5 айдың қорытындысы қандай?

Әлеуметтік-экономикалық даму Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе өңірі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші жағынан алғашқы бестікке кіруі тиіс. Алайда көзделген жоспар әзірге толық орындалмай отыр. Облыс әкімінің қатысуымен өткен селекторлық аппарат кеңесінде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың алдын ала қорытындысы талқыланды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқарамасының басшысы Олжас Смағұлов хабарлағандай, алғашқы бес айда өңірдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі индикаторлары болып табылатын алты салада көрсеткіштер жоғарылауы ...

Жалғасы »

Кәсіби мереке құрметіне

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония ғимаратында Ақтөбе қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы — Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қайыржан Тоқышев, Ақтөбе қаласы мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасова жиынға қатысқан мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, оларға кәсіби біліктілік ...

Жалғасы »

Ораза айт мерекесіне халық көп жиналды

Ақтөбеде айт намазынан кейін жаңбыр жауды. Мұны жамағат жақсылыққа балап, Алланың нұрына теңеп отыр. Жексенбі демалыс күні болса да, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ине шаншар жер табылмады. Дұға ету үшін мешітке сыймаған жамағат сыртта да сап түзеді. Айт намазы таңғы сағат 7-де оқылды. Бұған дейін облыс әкімінің атынан Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов жиналған тұрғындарды мұсылмандардың айтулы мерекесімен құттықтады. ...

Жалғасы »

Алты мектептің құрылысы биыл аяқталуы тиіс

Ақтөбе қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 10 мектеп салынып жатыр. Оның алтауы биыл пайдалануға берілмек. Бұл туралы Ақтөбе қаласы әкімінің бірінші орынбасары Жандос Байырханов мәлімдеді. Мектептердің құрылысына жұмсалып жатқан қаражаттың тиімділігін облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанынан құрылған «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» комиссиясы бақылап отыр. Осыған орай, өткен бейсенбі күні қала әкімінің бірінші орынбасары Жандос Байырханов комиссия алдында есеп берді. ...

Жалғасы »

Білім беру сапасы немесе біліктілік сыны

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі кеңейтілген отырысы Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінде өтті. Жиынға №22 Мәртөк  сайлау округінен сайланған депутат Аманкелді Есіркепов төрағалық етті. Шараға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, колледждердің директорлары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Депутаттар алдында облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова жүйесінің бүгінгі ...

Жалғасы »

20-ға жуық мұғалім емтиханнан құлады

Бұған дейін жаңа бағдарлама бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткен мұғалімдер кәсіби жарамдылығын дәлелдей алмады. Оның көбі аудандарда ағылшын тілі пәнінен сабақ берген. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталық» АҚ филиалының директоры Нұргүл Әбішеваның айтуынша, былтыр үш мұғалім емтиханнан құлаған. Ал биыл бірден 18 мұғалім жетілдіру курстарынан алған білімдерін растай алмады. Мамандар мұғалімдердің тест тапсыра алмауына алаңдап отыр. Олардың сөзінше, егер осылай ...

Жалғасы »

Ақтөбелік керуен оңтүстікке барды

Өңіраралық  кооперация Ақтөбе және Жамбыл облыстары арасындағы өңіраралық кооперация — соңғы жылдардың жемісі. Кеше ғана Жамбыл облысында Ақтөбе облысының күндері өтті. Тараз қаласына біздің облыстан 20 жүк көлігіне тиелген ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді. Өткен бейсенбі күні қаладағы Айбек ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі алдынан аттанған керуен Жамбыл облысының орталығында өткен жәрмеңкеге 115 тонна өнім апарды. Оның ішінде ақтөбелік  макарон бұйымдары, көкөніс,  ...

Жалғасы »

Димаштың ән кеші өтеді

27 маусым күні «Астана Аренада» халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Димаш Құдайбергеннің «Бастау» атты ән кеші өтеді. Концерт көрермендерінің 40 пайызы — шетелдіктер. Соңғы күндері әлемнің түкпір-түкпірінен — Қытай, Ресей, Жапония, Франция, Германия, АҚШ, т.б. елдерден ән сүйетін жандар Қазақстанның астанасына ағылып келіп жатыр. Димаштың анасы Светлана Айтбаевадан білгеніміздей, «Бастау» ән кешіне сатылған билеттердің 40 пайызын шетелдіктер алған. Әр елдерден келген ...

Жалғасы »