Daily Archives: 20 маусым 2017

Әр ауданда балалар мен жасөспірімдер туризм орталығы ашылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен жиналыста өңірдегі туризмнің проблемалары мен даму келешегі, сондай-ақ  жол бойындағы қызмет көрсету мәселесі  талқыланды. Облыстық  сыртқы байланыстар және туризм  басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлының айтуынша,  өңірде 90 қонақүй мен хостел жұмыс істейді. Өткен жылы олар 84,7 мың адамға 1,55 млрд теңгенің  қызметін  көрсетті. Туристік орындарға  қолжетімділікті арттырып, туризм инфрақұрылымын дамыту үшін бірқатар шаралар жүзеге асырылып ...

Жалғасы »

Ақтөбеліктер 400 тоннаға жуық өнімді ұсынды

Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ақтөбелік ауылшаруашылығын өндірушілер 400 тоннаға жуық өнімді ұсынды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 17-18 маусым күндері «Алау» сауда-логистикалық орталық алаңы және «Қазақстан» спорт кешенінде  өтті. Жәрмеңкеге Ақтөбе қаласы және 6 ауданнан кәсіпкерлер қатысты. Екі күн аралығында 50-ден астам азық-түлік өнімдерін өндіретін кәсіпорын және ауылшаруашылығын өндірушілер ...

Жалғасы »

Облыс әкімдігі мен БЖЗҚ арасында меморандумға қол қойылды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «БЖЗҚ» АҚ басқармасының төрайымы Нұрбибі Наурызбаевамен кездесті. Кездесу барысында әрі қарайғы өзара ынтымақтастық пен өңірдің әлеуметтік тапсырмаларын шешуде тізе қосып  әрекет етудің өзекті мәселелері талқыланды. Айта кетейік, Ақтөбе облысында 846 мыңға тарта адам тұрады. Халықтың жартысынан көбісі немесе 50,7%-ы – экономикалық тұрғыда белсенді азаматтар. Сонымен бірге, 480 мыңдай адамның БЖЗҚ-да жалпы сомасы 359,7 миллиард теңге болатын ...

Жалғасы »

Жергілікті полиция басшысы өзгерді

Мәслихат Облыстық ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің басшысы өзінің өтініші бойынша қызметінен кетті. Қанат Әлиев өз қалауы бойынша лауазымынан босату туралы облыс әкіміне өтініш жасаған. Оның себебі туралы айтылмады. Белгілісі, ол полиция қызметінде қалады. Сондықтан да кеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс оныншы сессиясында осы мәселе қаралды. Облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлованың  төрағалығымен өткен сессияда депутаттар жаңа үміткердің кандидатурасын қолдады. ...

Жалғасы »

Ойылдықтар көпбалалы отбасыға пәтер сыйлады

10 адамнан тұратын отбасы екіге бөлініп, екі пәтер жалдап тұрған. Дүйсенбі күні отағасының қолына үш бөлмелі үйдің кілті табыс етілді. Ержановтар отбасы Ойыл ауданынан Ақтөбеге 10 жыл бұрын көшіп келген. Махамбет ауданында көптеп-көмектеп үй тұрғызыпты. Бірақ көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері құлап, тұруға жарамсыз болып қалды.  Апат кезінде отбасы №40 мектепті де паналаған, пәтер  де жалдаған. Кейін қалалық әкімдік жатақханадан ...

Жалғасы »

Мәртөк ауданында тегін балабақша ашылмақ

40 орындық балабақша 6 шілде  — Астана күнінде  пайдалануға берілмек. Бұл туралы «Мәртөк тынысы» газетінің тілшісі Аманат Қалпиева хабарлайды. Аққұдық округіне қарасты Достық (Веренка) елді мекенінде ақтөбелік «Аслан-Али» ЖШС  бес бөлмелі үйді жалға алып, жөндеу жұмыстарына кірісіп кеткен. — Әзірге сыртқы әрлеуге көп мән беріп жатырмыз. Шарбағы ауыстырылып, талдар қиылды. Ішкі шкаф, орындық, кереует сияқты жиһаздарға тапсырыс беріп қойдық. Ғимарат ...

Жалғасы »

ХАБАРЛАМА

Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының,  бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың және кандидаттардың сенім білдірілген адамдарының назарына: Облыстық сайлау комиссиясы Ақтөбе облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша таңдаушылардың бірлескен отырысы 2017 жылғы 28 маусымда сағат 9.00-де облыс әкімдігінің конференц-залында өтетіндігін хабарлайды (тіркеу сағат 8.00-ден басталады). «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының ...

Жалғасы »

Қадір түні — тағдыр түні

Маусымның 21-інен 22-сіне қараған, яғни бүгінгі түн — қасиетті Қадір түні. «Қасиетті түнде жасаған дұғаларыңыз бен ақ тілектеріңіз қабыл болғай!» дей отырып, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің тапсырысы бойынша, белгілі қоғам қайраткері Марат Оспанов әулетінің демеушілігімен жарыққа шыққан «Ораза тағылымы» кітабынан «Қадір түні — тағдыр түні» атты мақаланы ұсынамыз: Қасиетті Рамазан айында Қадір түні де орын алғаны баршамызға аян. Исламда ...

Жалғасы »

Оқырмандармен кездесулер өтіп жатыр

«Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС басшылығы, «Ақтөбе және «Актюбинский вестник» газеттерінің өкілдерінің өткенде Ойыл ауданында оқырмандармен кездескенін жазған болатынбыз. Осындай кездесулер енді Ақтөбе қаласында жалғасып жатыр. «Атамекендегі» жүздесу Облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесуде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды. «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры Раукен Отыншин Президент мақаласында айтылған жобаларды жүзеге асыру жолында облыста қыруар шаруа  қолға алынғандығын, «Ақтөбе»  және «Актюбинский вестник» газеттерінде ...

Жалғасы »

Ардагерлерді ардақтады

Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай ішкі істер органдары саласында сан жылдар бойы қызмет етіп, облыс көлемінде құқықбұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрес шараларының сапасын арттыруға үлес қосқан бір топ сала ардагерлері құрметке бөленді. Оларды ҚР ішкі істер органдары мен «Ұлан» ұлттық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірғали Болсамбеков төсбелгілермен және «Құрметті ардагер» медалімен, сондай-ақ, Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасымен және ақшалай ...

Жалғасы »