Daily Archives: 19 маусым 2017

Ақтөбеде медицина қызметкерлерінің күні ерекше атап өтілді

Мерекеге орай ұйымдастырылған салтанатты шара  Батыс-2 ауданында  жаңадан салынған «Денсаулық» саябағында өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және арнайы шақырылған қонақтар ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген қайраткері, Бейбітшілік және рухани келісім жөніндегі Президент сыйлығының иегері, медицина ғылымының докторы Нина Қаюпова, Сеул ұлттық университеті госпиталінің вице-президенті Кванг Вунг Ли мен бауыр трансплантациясы бөлімінің клиникалық профессоры Кьюнг ...

Жалғасы »

«Нұрлы жер» бағдарламасы: аз қабатты несиелі баспаналар

Биылғы жылы 1,5 мыңға жуық ақтөбелік отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеке баспанаға қол жеткізеді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында көшпелі жиналыс өткізіп, «Нұрлы жер» бағдарламасының пилоттық жобасы аясында тез салынатын аз қабатты несиелі баспананың құрылысы бойынша жұмыс барысымен танысты. Ол еліміздің өзге өңірлері арасында бірінші Ақтөбе облысы осы жобаны жүзеге асырып жатқанын және оның сапалы ...

Жалғасы »

Қобдалықтар су тасқынынан зардап шеккен отбасыға 2 бөлмелі үй сыйлады

Қасиетті Рамазан айында Қобда ауданында да  қайырымдылық шаралары көптеп өтіп жатыр. Өткен жұмада аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет көктемгі су тасқыны кезінде үйі суға кеткен Асқарбек Сұлтановтың отбасына Ақтөбе қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Отағасы Мұғалжар ауданының Жұрын өңірінде туған. Жолдасы — Атыраудың қызы. Отау құрғандарына 12 жыл болыпты. Үш бала тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы туғаннан мүмкіндігі шектеулі бала. ...

Жалғасы »

Әр этномәдени бірлестік өз этноауылын салуы керек

Өткен жұма күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс отырысы өтті. Шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері, әртүрлі сала мамандары, «Қоғамдық келісім» медиация орталығының медиаторлары қатысты. Бердібек Сапарбаев жиналғандарға алдымен жаңадан тағайындалған Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылықтың меңгерушісі Нұрбақыт Барбосыновты таныстырып, ал бұл қызметті бұған дейін атқарған, бүгінде облыстық ішкі саясат ...

Жалғасы »

Ақтөбе батыс өңірінің медицина орталығына айналады

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың қатысуымен облыстағы медициналық  кластерді дамыту мәселесі талқыланды. Жиналысқа халықаралық медициналық орталықтың атқарушы директоры, Сеул ұлттық университеті госпиталінің вице-президенті Кванг Вунг Ли, Сеул ұлттық университеті бауыр трансплантациясы бөлімінің клиникалық профессоры Кьюнг Чуль Юн және  облыстың денаулық сақтау қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар қатысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі денсаулық сақтау және медициналық туризм жүйесін жетілдіру үшін материалдық-техникалық база мен ...

Жалғасы »

Оқушылар Орынбор лагерінде демалып жатыр

20 ақтөбелік оқушы Орынбордағы «Күншуақ елі» балалар орталығына демалуға келді. Олар — халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалардың, ғылыми жобалар мен конкурстардың жеңімпаздары. Оларға оқыту-сауықтыру орталығына бару жолдамасын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  халықаралық балаларды қорғау күніне орай тарту еткен болатын. Облыстық білім беру басқармасынан хабарлағандай, балалар межелі жерге аман-сау жетіп, лагерьге орналасқан. Олардың көбісі  туған жерлерінен жыраққа бірінші рет шығып тұр. Оқушылар ...

Жалғасы »

«Актюбинский вестник» — ғасыр табалдырығында!

Құттықтаймыз! Бүгін — облыстық қоғамдық-саяси «Актюбинский вестник» газетінің туған күні. Ғасыр табалдырығын аттағалы тұрған басылым 99 жасқа толып отыр. Елмен бірге талай-талай тарих белестерінен өткен газет өңір шежіресін байыпты түрде жазып, оқырмандарымен тұрақты түрде ой бөлісіп келеді. Бір жылы кем ғасыр аумағында бұл басылымда журналистердің бірнеше буыны еңбек етті. Олардың қай-қайсысын да бір мүдде — елге қызмет ету, жұртшылыққа айқын ...

Жалғасы »

Қалалықтар да, қарғалылықтар да риза

«Туған жерім — нұрлы елім» атты Ақтөбе қаласындағы Қарғалы ауданының күндері табысты өтті.   101-атқыштар бригадасы көшесіндегі мереке  «Біздің көшеде де той болар» деген әдемі үмітпен айтылатын сөз бар еді. Расында да, Ақтөбе қаласының көшелерінде солай болып жатыр. Таяуда «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы күндері өткен кезде  мұндай тойды Темір ауданы Сәңкібай батыр даңғылында ұйымдастырған еді. ...

Жалғасы »

«Әлия гүлі» достарымен бірге

Талапты жас өнерпаздардың басын қосқан «Әлия гүлі» достарын қарсы алады» VII Халықаралық балалар және жасөспірімдер шағармашылығы өнер фестивалі өтті. Шара Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туған күніне, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне, мемлекеттік рәміздердің 25 және облыстың 85 жылдығына орай өткізілді. Әр екі жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық фестивальге 18 ұжымнан 300-ге жуық жас дарын қатысты. Шараға Моңғолия, Татарстан, Түркия елдерінен, Ресейдің Мәскеу, ...

Жалғасы »