Daily Archives: 18 маусым 2017

200 адам қатысқан флешмоб

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында  «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында Ақтөбе қаласындағы Қарғалы ауданының күндеріне байланысты салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараны тамашалауға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев бастаған бір топ жергілікті билік өкілдері, еңбек ардагерлері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері мен қала тұрғындары қатысты. Аудан күндеріне арналған салтанат «Бір шаңырақ астында» көрмесімен ұйымдастырылды. Бұл күні ...

Жалғасы »

Көрерменді дүр сілкіндірген айтыс

Қарғалы ауданы күндерінің бір ерекшелігі деп Т.Ахтанов атындағы драма театрда өткен ақындар айтысын айтуға болар. Ахтанов театрында Қарғалы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында  ақындар айтысы өтті. Шараға  облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева, Қарғалы ауданының әкімі  Рахат Сыздықовтар қатысты. Айтыстың тізгінін белгілі айтыс ақыны, облыстық шығармашылық үйінің қызметкері Оралбай Кәметия ...

Жалғасы »

Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарының назарына!

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық  Заңының 26-бабының 2,4-тармақтарына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы Ақтөбе облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша таңдаушылар тізімін танысу үшін ұсынады. Әрбір таңдаушы таңдаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді тексеруге және тізімге енгізілмегені, дұрыс енгізілмегені, сондай-ақ тізімдердегі таңдаушылар туралы деректерде жаңсақтық жіберілгені жөнінде шағымдануға құқылы.  Ақтөбе облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатын сайлау бойынша ...

Жалғасы »

Сайлаушылармен кездесті

Сенат депутаттығына үміткер Мұхтар Жұмағазиев Байғанин ауданында болып, аудандық мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым мүшелері алдында өзінің сайлауалды бағдарламасын жан-жақты баяндап берді. Қарапайым зоотехник болып еңбек жолын бастап, аудан әкімі қызметтерін атқарған. Сенат депутаттығына кандидат көпшілікті мазалайтын толғақты мәселелердің бақылауға алынатындығын жеткізді. Ол әсіресе, ауыл шаруашылығы саласының ауылдағы ағайынға тиімді, бағдарламалардың қолжетімді болуына, кейбір тұстарын жетілдіруге жұмыстанатынын айтты. Мал шаруашылығы ...

Жалғасы »

Ықпалды шаралар жүргізу қажет

Құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан этикалық нормалардың бұзылуы мәселесі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жұмысындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, жалпы облыс бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы жайы — міне, осындай түйінді мәселелер облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қаралды. Жиынды ашқан облыстық кеңестің төрағасы Қуаныш Елубаев мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат бүгінгі күні негізінен болған оқиғалардың салдарларымен күрес емес, келеңсіз құбылыстардың туындауына жағдай ...

Жалғасы »

Ең үздік жас мемлекеттік қызметшілер

А.Досжанова атындағы конференц-холда 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Ақтөбе облысының ең үздік жас мемлекеттік қызметшісі» атты облыстық байқауы өтті. Жас мемлекеттік қызметшілерді қолдау, олардың кәсіби тәжірибесін, мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген байқауға 15 қызметкер іріктеліп алынды. Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті және Ақтөбе облыстық әкімдігі, банк мекемелері ұйымдастырды. ...

Жалғасы »

Тегін экскурсиялық электробус қатынайды

Астанада «ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында «Хайгер квазар» қазақстандық тұңғыш электробус қатынай бастады. Экскурсиялық электрлі автобус жолаушыларды тегін тасымалдайтын болады. Жоба Астана қаласының әкімдігі мен «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қорының қолдауымен жүзеге асты. «Хайгер квазар» электр автобусының бірегей техникалық ерекшеліктері бар: батареясы небәрі 8 минут қуатталатынына қарамастан 70 шақырымнан астам жол жүре алады. Электробус көлік құралының техникалық жағдайын шынайы уақытта ...

Жалғасы »

Қарылға Баймағанбетова атындағы шәкіртақы тағайындалды

Биыл аудандағы 294 түлектің 200-і ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Аудан бойынша 20 оқушы — «Алтын белгі» иегерлері. Аудан орталығындағы үлкен білім ордаларының бірі — Қарауылкелді орта мектебінен биыл 54 түлек үлкен өмірге қадам басты. Мектеп директоры Қанат Қойшығұлованың айтуынша, биылғы оқу жылын 629 оқушы аяқтаған. Білім сапасы — 65 пайыз. Оқушылардың мектеп бітіру салтанатында аудан әкімі А.Шериязданов қияға қанат қаққалы ...

Жалғасы »