Daily Archives: 15 маусым 2017

Хромтауда гемодиализ бөлімшесі ашылды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кеше жұмыс бабындағы сапармен Хромтау ауданында болды. Ол Дөң ауылдық округінде болып, осында құрылысы жүріп жатқан 600 орындық мектеп құрылысымен танысты. Сондай-ақ, Оңғар, Сарысай Никельтау ауылдарында тұрғындармен кездесті. Ауыл шаруашылығы кооперативтері басшыларымен өнім өндіру, өткізу мәселелеріне қатысты ой-пікір бөлісті. Аудан әкімі Аманғали Бердалин биылғы бес айдың қорытындылары туралы өз есебін берді. ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР — АЛДЫҢҒЫ ОРЫНДА ...

Жалғасы »

Жомарт өлке — Қарғалы

Аудан күні   Табыс жалғаса береді Қарғалы ауданының тұрғындары өз өлкелерін мақтаныш тұтады. Расында да, бұл өңірге келгенде Табиғат-ана мейлінше жомарттық танытқандай. Таулы, жазықты шұрайлы жерлері өте көп. Мемлекеттің көмегімен, өздерінің күш-қайратымен қарғалылықтар осы әсем өлкені түлету үстінде. Әрине, оның негізі аға ұрпақтың маңдай терімен бұған дейін қаланғаны да белгілі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі даму қарқыны хақында аудан әкімі Рахат ...

Жалғасы »

Ұмытылмайтын ерлік ұлықталды

Қобда ауданының Әлия ауылында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 92 жыл толуына орай «Әлия — батыр қызы сен халқымның» атты облыстық мәдени шара ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, басқарма басшылары, қоғамдық ұйым төрағалары, Әлияның туыстары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты. Патриоттық шара алдымен батыр қыздың туған жері Бұлақ ауылындағы саябақта орналасқан ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ...

Жалғасы »

Ақтөбеде екі әйелдің бауыры ауыстырылды

Ақтөбеде соңғы екі күнде екі адамның бауыры ауыстырылды. Бұл жолы бірі — 43, екіншісі 53 жастағы әйелге туғандары  бауырын берді.  Отаны Сеул ұлттық университетінің профессоры Кванг Вунг Ли бастаған оңтүстіккореялық мамандар мен ақтөбелік хирургтер бірлесе жасады. Алғашқы күні 43 жастағы ақтөбелік әйелге ағасы донор болды. Науқас 2009  жылдан бері бауыр циррозымен ауырған. Ал екінші күні Қызылорда қаласынан келген 53 жастағы ...

Жалғасы »

И.Білтабанов көшесі

Есте қалар есімдер Ақтөбе қаласының Мәскеу ауданындағы ескі көшенің бірі — Иманғали Білтабанов көшесі. Ілгеріде бұл көше Веерная аталған. Оренбург-Ташкент теміржол құрылысын салуға Мәскеуден келген теміржолшылар осы аймаққа қоныстанып, кейін аудан «Москва» аталып кетеді. Еліміз тәуелсіздік алған тұста бұл аудандағы көшелердің атауы өзгерді. Веерная көшесіне  Кеңес Одағының Батыры Иманғали Білтабановтың есімі беріледі. Иманғали Білтабанов Қобда ауданы Қосөткел ауылында туған. 1943 ...

Жалғасы »

Рухани жаңғыру жолы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында университет ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков 8 күн қатарынан түрлі факультеттер студенттеріне дәріс оқыды. Дәрістер «Экономикалық бәсекелестікті дамытудағы жастардың рөлі»,  «Ұлттық сананы жаңғыртудың тамыры төл тарихымыздан нәр алады», «Болашақ ұстаз болмысы», «Ағылшын тілін үйрену — бүгінгі күннің талабы»,  «Білімді студент — білікті маман», «Туған жер — ...

Жалғасы »

Медициналық қызметтің сапасы қандай?

Тұрақты комиссия Облыстық мәслихатта әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, департамент басшылары, қоғамдық кеңес пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиында облыс тұрғындарына көрсетілетін медициналық, фармацевтикалық қызметтердің сапасы және дәрі бағасына қатысты мәселе көтерілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев медициналық көмектің қолжетімділігін, сапасын арттыру және осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды ...

Жалғасы »

Барлық ауданда дін істерімен айналысатын орталық ашылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барлық ауданда дін істерімен айналысатын орталық ашуды тапсырды. Өңір басшысы Бердібек Машбекұлы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалу нәтижесі қаралды. Отырысқа қатысушылар аймақта діни ахуалдың тұрақты екенін айтты. Іс-шаралар жоспарына сәйкес, ақпараттық-түсіндіру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған, ...

Жалғасы »

Ғимараттарды мүгедек жандарға бейімдеу керек

Сәрсенбі күні Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалық етуімен қала әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі бойынша кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Оған «Нұр Отан» партиясы, облыстық басқармалар, өндірістік палаталар, қалалық емханалар, жолаушылар тасымалдаушы компаниялар, ірі сауда үйлері, қоғамдық ұйымдар басшылары қатысты. Шара барысында Елбасы Жолдаулары және Үкімет қаулысымен негізделген нақты тапсырмалардың шаһарда қандай дәрежеде орындалып жатқаны, соның ішінде әлеуметтік, көлік инфрақұрылым нысандарының ...

Жалғасы »

Бригада және сәбилер

Деректерге сүйенсек, жыл сайын әлемде 15 миллионнан астам  бала ай-күні толмай өмірге келеді. Олардың ішінде шетінеп кететіндері көп. Дамыған елдер шала туған нәрестелердің 90 пайызын аман алып қалады екен. Біздің елімізде де  сәбилер өлімін азайтудың түрлі жолдары қарастырылған. ШАЛА ТУҒАН СӘБИЛЕРДІҢ 96 ПАЙЫЗЫ ТІРІ ҚАЛАДЫ 1970 жылы бірқатар елдерде, оның ішінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания мемлекеттерінде  аса қауіпті жүктілік кезінде  перинаталдық ...

Жалғасы »