Daily Archives: 13 маусым 2017

Кәсіпкерлер көмек көрсетуге уәде берді

«Облыс әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен көктемгі су тасқыны нәтижесінде зардап шеккен Ақтөбе тұрғындарына көмек көрсету мәселелері бойынша кеңес өткізілді» деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Кеңеске өңірдегі ірі кәсіпорындардың басшылары шақырылды. Облыс басшысы олардың алдына табиғат апатынан зардап шеккен ақтөбеліктерге өз көмектерін жандандыру міндетін қойды. — Біздің облысымызға қатысы жоқ «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы 56 миллион теңге жинап, ақтөбеліктерге ...

Жалғасы »

Ақ жол саған, жас түлек!

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы атанған 200 түлекті құттықтады. «Жерұйық» мейрамханасында өткен салтанатты шарада облыс әкімі түлектерді құттықтап, ақ тілегін жеткізді. —  Сіздер 11 жыл оқыған мектептеріңмен және білім берген ұстаздарыңмен қоштасып, үлкен өмірге қадам бастыңдар. Сіздердің ендігі мақсаттарыңыз — жақсы білім алып, ел дамуына үлес қосу. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында адам капиталына үлкен ...

Жалғасы »

Қытайдағы қазақ қызы — «Экспо-2017» көрмесінің еріктісі

Астанада өтіп жатқан Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне келушілер де, онда қызмет етушілер де көп. Олардың қатарында еріктілер де бар. Өзінің аты айтып тұрғандай, ақысыз негізде, өз қалауымен туристерге көмек көрсететіндерге сұраныс айтарлықтай. Ұйымдастырушылардың сөзінше, үш айға созылатын бүкіләлемдік шара барысында 6 мың ерікті жұмылдырылмақ. Олардың жүзден астамы — шетелден келген жастар. Біз Қытай Халық Республикасынан осы көрмеге арнайы келген қаракөзіміз, сондағы ...

Жалғасы »

Үміткер — үшеу

Сайлау — 2017 Облыстық мәслихатта Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешовтің қатысуымен кеңес өтті. Онда алдағы 28 маусымда өтетін Парламент Сенатына кезекті сайлау қарсаңындағы жұмыстар жайы әңгіме өзегіне айналды. Облыс бойынша жергілікті сайлау комиссиясына 5 үміткерден өтініш түсті. «Сайлау комиссиясы белгіленген жоспарға сәйкес барлық шараларды атқаруда», — деп атап көрсетті облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнәр Күнбаева. «Қазақстан Республикасындағы ...

Жалғасы »

Ақтөбе ірі агломерациялық орталыққа айналады

Облыс əкімдігінде Ақтөбе агломерациясын дамыту мəселелері талқыланды. Еліміздегі ірі агломерациялық орталықтардың бірі ретінде анықталған Ақтөбе агломерациясы аймағына Алға, Қобда, Мәртөк, Мұғалжар, Хромтау аудандарының 70 елді мекені, соның ішінде Алға, Қандыағаш қалашықтары мен Хромтау моноқаласы кіреді. — 2013 жылы Елбасының тапсырмасымен Ақтөбе қаласы Астана, Алматы және Шымкентпен қатар, агломерацияның заманауи орталығына айналатын шаһарлардың қатарына кірді. Ақтөбе Батыс Қазақстанның орталығы болуы керек. ...

Жалғасы »

Еңбек қатынастары саласы — тұрақты бақылауда

Облыс басшылығы үшін еңбек қатынастары саласын бақылау, сондай-ақ еңбек қорғау мен қауіпсіздік мәселелері басымдық күйінде қалып отыр. Бұл бағыттағы шараларды жүзеге асырумен байланысты негізгі проблемалар облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте талқыланды. Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Мирболат Райымқұлов баяндағандай, жыл басынан бері мекемеде 731 өтініштер мен шағымдар қаралды, оның 80 пайызы еңбекақы мәселелері мен еңбекақының төленбеуіне байланысты. ...

Жалғасы »

Экспода Ақтөбе күндері өтеді

Брифинг «Ақтөбе ақпарат» орталығында облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы соңғы 5 айдағы жұмыстардың қорытындысы және «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі кезінде облыс атынан атқарылатын жұмыстар туралы брифинг өткізді. Ермек Кенжеханұлының айтуынша, аймақаралық байланыстарды кеңейту мақсатында Ресейдің бірқатар қалаларымен, Польша, Татарстан мемлекеттерімен қарым-қатынас орнату жоспарланған. Өзге елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін Қазақстандағы 45-тен аса дипломатиялық миссия өкілдерінің қатысуымен бизнес-форумдар ...

Жалғасы »

Мектептердің құрылысы баяу

Партиялық бақылау   «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы облыста жүзеге асып жатқан жобаларға партиялық қатаң бақылау орнатылған. Ол облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы арқылы жүзеге асырылады. Кеше осы аталған фракцияның жетекшісі Аманкелді Есіркеповтің төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында өткен жиында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарламасының облыс бойынша үстіміздегі жылғы бес айдағы игерілуі ...

Жалғасы »

Ырғызда банк бөлімшесі ашылды

Бүгінгі таңда облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қаржылық қызмет көрсету аясындағы жағдайды жақсарту үшін шалғайдағы тұрғындарды екінші деңгейлі банктердің аудандық филиалдарымен қамтамасыз ету үшін жұмыстар атқарылуда. Жақында «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы облыстық филиалының Ырғыз аудандық бөлімшесі өз жұмысын бастады. Ырғызда осыдан 20 жыл бұрын банк бөлімшесі жабылып, 2001 жылдан бері оның қызметтері пошта байланыс торабына жүктелген еді. Жаңа Банк бөлімшесінің ...

Жалғасы »

Шаралар мен шешімдер

Әдеп кеңесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа агенттіктің мемлекеттік қызметтер департаментінің басшысы Әділбек Мұқашев, сондай-ақ, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова мен кеңес мүшелері қатысты. Бұл жолы кеңес отырысында 9 мәселе қаралды.  Биыл 17 мамырда өткізілген Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қабылданған шешімдердің орындалуы туралы хабарламадан соң ...

Жалғасы »