Daily Archives: 12 маусым 2017

Балықты заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Бір көліктен 13 қап сазан немесе 195 келі балық табылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 8 маусым күні Ырғыз ауданының жергілікті полиция қызметкерлері Ырғыз-Көтекөл тасжолы бойында «Опель Зафира» автокөлігін тоқтатты. Полицейлер көліктің ішінен заңсыз ауланған сазанның 13 қабын тапты. Барлығы 195 келі балық шықты. Қазіргі таңда 22 жастағы жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол ...

Жалғасы »

Мейрамбек Айнағұлов 1000 доллар ұтты

Ақтөбелік балуан Грузияда грек-рим күресі жарысынан бас жүлде мен 1000 доллар жеңіп алды. 10-11 маусым күндері Грузия астанасы Тбилисиде грек-рим мен еркін күрестен халықаралыс жарыс өтті. «Грузияның Бас Жүлдесі» деп аталатын сайысқа 180 спортшы келді. Иран, Түркия, Армения, Әзербайжан, Мажарстан, Швеция, Норвегия, Германия, Эстония елдерінің палуандары күш сынасты. Қазақстанның намысын Шалқар ауданының тумасы Мейрамбек Айнағұлов қорғады. Ол 59 келіге дейін ...

Жалғасы »

Ардагерлер ұйымы: отыз жылдық белес

Елімізде ардагерлер ұйымының отыз жылдық мерекесі кеңінен аталып өтілуде. Өткен жұма күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында ұйымдастырылған конференцияда ардагерлерге құрмет көрсетілді, марапаттар тапсырылды. — Қоғамда, күнделікті өмірде сіздердің алатын орындарыңыз бөлек. Еліміз тәуелсіздікке ие болғалы бері мемлекетіміз ардагерлерге айрықша көңіл бөліп, мүмкіндігінше қамқорлық жасап келеді. Сіздер де қоғам өміріне белсене араласып, елдік істерге үнемі қолдау-көмек жасап жүресіздер. ...

Жалғасы »

Қала жолдары жөнделуде

Қала көшелерінің, сондай-ақ қаладан шығатын жолдардың жөнделуі — бүгінгі күні шаһар жұртшылығы алаңдап отырған мәселелердің бірі. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сенбі күні Ақтөбе-Орск бағытындағы жолдың, сондай-ақ Чекалин және Прохоров көшелерінің ахуалымен танысты. Ақтөбе-Орск жолының жөнделетін 7,7 шақырымының жұмыстары 2016-2019 жылдарға белгіленген. Аталған жұмыстың құны 3 050,2 миллион теңгеге бағаланды. Былтыр 300 миллион теңге игерілсе, биыл бюджеттен 950 миллион теңге бөлініп ...

Жалғасы »

Қурайлыда құрылыс қызып жатыр

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға осыдан бір ай бұрын Қурайлы  ауылының жанынан  жер телімдері берілген болатын. Қазір бұл аймақта құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов тұрғындармен кездесіп, құрылысты  көріп қайтты.   Тасқыннан зардап шеккен 55 отбасыға 8 сотықтан жер учаскесі берілген. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қаладағы басқарушы компаниялардың барлығы осы ...

Жалғасы »

Түске дейін 10 мыңнан астам адам тамашалады

10 маусымда «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің алғашқы күні өтті. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, көрменің алғашқы күні түскі уақытқа дейін он мыңнан астам қонақ келіп үлгерген. «ЭКСПО» көрмесі аумағында қауіпсіздікке ерекше мән беріледі. Сондықтан мұнда келген әрбір келуші жеке заттарын тексеруден өткізуі тиіс. Бұл процесс едәуір уақытты алуы мүмкін және кезектің туындауына сөзсіз әсер етеді. ЭКСПО-2017 көрмесінің алғашқы таңында күн ашық болды және ...

Жалғасы »

Ел мен елді жақындастыратын шара

Пікірлер ЭКСПО біздің өмірімізге көп жаңалықтар енгізетіндігі қазірдің өзінде белгілі болып отыр. Өйткені ол ашылу сәтінен бастап күллі әлемнің назарын аударуда. Бұл — ең алдымен ел мен елді, халық пен халықты араластыратын, жақындастыратын ауқымды шара. Біз осы мүмкіндік арқылы барымызды әлемге танытамыз. Шетелдерден келген делегация мүшелері, туристер өз көздерімен көргендерін айналаға таратып отырады, елдестеріне жеткізіп барады. Қалай болғанда да біздің ...

Жалғасы »

Ғ.Нұрышевқа арналған республикалық конференция өтті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Қазақстандық қоғамды әлеуметтік жаңғырту аясында педагог кадрларды даярлау» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Басқосу 2004-2012 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры қызметін атқарған экономика ғылымдарының докторы, профессор Ғалымжан Нұрышевтің 60 жылдығына арналды. Аталған шара 1983-1995 жылдары Ақтөбе педагогикалық институтының ректоры қызметін атқарған  профессор Мұхтар Арын және Ғалымжан Нұрышев атындағы кабинеттердің ашылу рәсімімен басталды. Конференцияға ...

Жалғасы »

Интернет-конференция: сот төрағасы жауап берді

Облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді. Бұл шараның көздеген мақсаты — сот төрелігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, халықпен диалог орнатып, сот қызметі туралы көпшілікті ақпараттандыру. Жалпы жұртшылық интернет-конференцияның өтетіні туралы облыстық соттың ресми сайты арқылы алдын-ала хабардар етілді. Интернет-конференцияның өту барысында тұрғындардан 12 сұрақ келіп түсті. Көпшілікті толғандырған негізгі мәселелер Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 14 желтоқсаннан қолданысқа ...

Жалғасы »

Коллекторлық қызмет іске қосылады

Брифинг Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақтөбе филиалының директоры Перизат Әсімбетова БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Жиында базалық мөлшерлеме, коллекторлық қызмет, ұлттық валюта банкноттары және жарияланған бағдарламалар туралы ақпараттар берілді. Перизат Әсімбетова үстіміздегі жылдың 5 маусымында ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені симметриялы пайыздық мөлшерлеме дәлізімен төмендету туралы шешім қабылдағаны туралы мәлімдеді. Өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлеме 11,5 пайызға дейін, ал өтімділікті алу ...

Жалғасы »