Daily Archives: 8 маусым 2017

Қазақстан мен Қытай басшысы Экспо-дағы қытайлық павильонда болды

Ертең Астанада «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өз жұмысын бастайды Ляньюньган теңіз порты және «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы арасындағы контейнерлік қызметті іске қосу рәсімі ЭКСПО-дағы қытайлық павильонда ұйымдастырған телекөпір арқылы жасалды. Сол жерде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қытайлық делегацияға, соның ішінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге өз алғысын жеткізді. «Құрметті Си Цзиньпин мырза, менің шақыруымды қабыл алып, Қазақстан үшін, жалпы әлем ...

Жалғасы »

Астана саммиті: декларацияға қол қойылады

Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері басшылары негізгі шаралары бүгін өткізілетін Астана саммитіне қатысады.  Саммитте ШЫҰ-ға Үндістан мен Пәкістан ұйымның толыққанды мүшесі болып қосылады деп жоспарланған. Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа, оның ішінде Астана декларациясына қол қою жоспарланып отыр. ШЫҰ құрамында қазір Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан бар. Астанаға ШЫҰ-ның жоғарғы органы — Мемлекет басшыларының кеңесіне қатысуға Қытай Халық Республикасының ...

Жалғасы »

ЭКСПО-ға сый ретінде басталған құрылыс

Қарағанды облысының Саран қаласында Орталық Азиядағы ірі күн электр стансасының бірі болатын «SESSaran» ЖШС күн электр стансасының құрылысы басталды. Оның инвесторлары — Еуропалық Одақ өкілдері. Жоба құны 140 млн еуроға жуық. «Бүгін ерекше оқиға болып жатыр, біз ірі күн электр стансасы құрылысын ашып отырмыз. Бұл — біздің өңірдің ЭКСПО-ға сыйы, — деді облыс әкімі Ерлан Қошанов салтанатты шарада. — Осы ...

Жалғасы »

Ақтөбе қаласында жаңа сауда орындары пайда болады

«Көше саудасының 1000 орны» атты жобасы бастау алады. Осыған орай қалада жаңа сауда орындарының жерлері анықталуда. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында қала әкімі Ілияс Испанов жергілікті бизнес өкілдерімен кездесті. Жиында кәсіпкерлердің алдында туындайтын проблемалар, олардың шешу жолдары талқыланды. Ілияс Испановтың айтуынша, кәсіпкерлер тарапынан шағымдар жиі түседі. Көп жағдайда бұл жер мәселесімен байланысты. Кәсіпкер жер алғанның өзінде коммуникация желілерін тарту үшін бірнеше мекемені ...

Жалғасы »

Ғылым мен өндіріс бірлігі

Әріптестік Аймағымызда соңғы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру молайды. Өндірілген өнімнің ішкі қажеттілікті өтеуден артылғаны сыртқы рынокқа шығарылуда. Алдағы жылдарда оның көлемі әлденеше еселене түспек. Өңірде өндірілетін осы ауыл шаруашылығы өнімдері бәсекелестікке төтеп беретін болуы керек. Бұл талап ғылымның озық жетістіктеріне сүйенгенде, аталған салаға білімді, білікті кадрларды даярлап, тарта алғанда ғана орындалмақ. Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінде өткен облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың  ...

Жалғасы »

Қазақстанда теңдесі жоқ бейімдеу орталығы ашылды

Белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев пен оның зайыбы Әсел Тасмағамбетова Ақтөбеде «Мейірім» орталығын ашты. Олар әлеуметтік мекемені ашу үшін отбасылық бюджеттен 1,5 млрд теңге жұмсаған. Сәрсенбі күні Қазақстанның ең бай кәсіпкерлерінің бірі Кеңес Рақышев және «Сәби» қорының президенті Әсел Тасмағамбетова Ақтөбе қаласына келді. Олардың қаржылай қолдауымен қаладағы Кірпішті ауданында «Мейірім» бейімдеу орталығы ашылды. Аталған мекеме жетімдер үйінен шыққан жастарға арналған. Бұл ...

Жалғасы »

Ауыл шаруашылығы мамандары — ел тірегі

Тілектес ЕСПОЛОВ, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА вице-президенті, академик  — Құрметті Тілектес Исабайұлы, тәуелсіздік алған жылдардан бері еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда қандай елеулі жетістіктерге қол жеткіздік? Алдағы уақытта ауыл шаруашылығын заман талаптарына сай дамытуда қандай күрделі мәселелер бар? — Төрт түлігін түлетіп, егістігін жайқалтып, шаруасын өрге сүйреп отырған ауыл — қайнаған еңбектің және ұлттық руханияттың қайнар көзі. Әрбір ...

Жалғасы »

Қайрат пен бейнет

Тұрар Рысқұлов, Ұзақбай Құлымбетов бастаған қайраткерлеріміз Қазақстанның бар аймағында үлкен кәсіпорындар ашуды, өнеркәсіпті, жол қатынасын дамытуды жоспарлады. Алайда олар 1937-нің сүргініне ұшырады. Жұрт бұл сүргіннен ес жиып үлгермей, соғыс басталды. Ал соғыс біткеннен кейінгі шаруашылықты қалпына келтіру жылдарында Сталин жетекшілік еткен КСРО басшылығы біздің республикаға қатысты түпкі ниетін ашық жария етті: «Қазақстанды шығыстағы социалистік мал шаруашылығының негізгі базасына айналдырайық!» — ...

Жалғасы »

Бәсекелестікке бастайтын бағыт

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткен жылы білім ордаларының ректорларын сайлау жөнінде алғаш рет ашық конкурстар өткізіп, Атырау, Жетісу, Павлодар, Қостанай тәрізді төрт облыстың жоғары оқу орындарының жаңа басшыларына тізгін ұстатқан болатын. Биылғы көктемде дәл осындай конкурс арқылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне жаңа ректор келді. Ұстаздық қадамын мектеп мұғалімдігінен бастаған филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Амангелдіұлы Ердембеков ...

Жалғасы »

Ойдың өріне, жүректің төріне шыққан жыр

Ақын, драматург, қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, белгілі қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин 13 маусымда 70 жасқа толады. Оқырман оны «Беймаза көңіл», «Көктем көші», «Жетінші құрлық», «Азаматқа аманат», «Құралайдың салқыны», «Ғасырмен қоштасу», «Сырнайлы шақ», т.б. жыр жинақтары, «Шырақ жанған түн», «Тас киіктер», «Ақ құс туралы аңыз», «Қарымта», «Қилы заман» секілді драмалық шығармалары арқылы жақсы біледі. Ақын мерейтойына орай оқырмандар назарына оның ...

Жалғасы »