Daily Archives: 6 маусым 2017

Лаңкестік әрекеттің құрбандары еске алынды

Былтыр 5 маусымда лаңкестік шабуылдан қаза болған сарбаздарды еске алуға олардың туған-туыстар мен жақындары Ақтөбеге келді. Осыдан тура бір жыл бұрын лаңкестік топ №6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған еді. Соның салдарынан бөлімнің үш әскери қызметкері қаза болды. Олар — майор Даниэль Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев, қатардағы сарбаз Досбол Сапар. Сейсенбі күні Отан үшін жан тапсырған батырларды еске алуға арналған ...

Жалғасы »

Баға бақылаудан тыс қалмайды

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында монополияға қарсы реттеудің өзекті мәселелері, сонымен қатар, облыс бюджетінің осы жылдың бес айы ішінде орындалуы және мемлекеттік сатып алу бойынша ағымдағы жағдай қаралды. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлнұр Масинаның баяндамасын тыңдаған өңір басшысы баға белгілеуді қадағалау мәселесіне зейін аударды. Азық-түлік, дәрілік заттар бағасы, ...

Жалғасы »

Ақтөбе облысы шағын және орта бизнесті дамытуда көшбасшылар қатарында

Шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері мен перспективалары облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен кездесу барысында талқыланды. Облыс басшысы бизнес субъектілеріне  мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау көрсетіліп, жыл сайын қаржыландыру артып келе жатқанын атап өтті. Сонымен 2016 жылы өңірдің шағын және орта бизнесін дамытуға 41 миллиард теңге бөлінген болатын. — Бізде мемлекеттік бағдарламалар мен пилоттық жобалар жүзеге асырылуда. Аталмыш салада 130 мың ...

Жалғасы »

Жобалар тиімді болуы тиіс

Қала құрылысы кеңесінің мәжілісінде облыс әкімі білім беру, мектепке дейінгі мекемелер, мәдени және музей ғимараттары құрылыстарының ұсынылған жобаларына байланысты сын айтты. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төленбергенов Қобда селосындағы музейдің, сондай-ақ Темір қаласындағы 100 орындық интернатпен бірге 300 оқушылық мектептің, ауысымына 50 адам қабылдай алатын дәрігерлік амбулаторияның жобаларын қарауға ұсынды. Кеңес мүшелері бұл жиында барлығы салыну ...

Жалғасы »

Есте сақталатын ерлік

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония залында 2016 жылдың 5 маусымында ерлік пен қайсарлық танытып, лаңкестік шабуылдың құрбаны болған №6655 әскери бөлімінің қызметкерлеріне арналған еске алу кеші өтті. Шараның ашылу салтанатында ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов сөз сөйледі: — Қазақтың батырлары қай кезде де ерлік көрсетіп, кең-байтақ жерімізді сақтап қалған. 1991 жылы еліміз ...

Жалғасы »

Тыңдайды… кеңес береді

Сенім телефоны Ақтөбе қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған «Мәселе жоқ!» сенім телефоны өз жұмысын бастады. «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылып отырған жобаға 7 миллион теңге бөлінген. «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте сөз алған жобаның ұйымдастырушысы, «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айгүл Дүйсенованың айтуынша, мақсат — түрлі қиын жағдайларға ...

Жалғасы »

Мемлекеттік рәміздер мәртебесі

Облыстық сотта, сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген соттарда мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай мемлекеттік рәміздер Қазақстан Тәуелсіздігінің біріктіруші бейнесін білдіретінін атап өтті. Атап айтқанда, біздің мемлекеттілігіміздің, егемендігіміздің басты негіздерінің бірі – мемлекеттік рәміздерінің құрылуы Елбасының тікелей бастамасымен өтті. Бүгін біздің ел халықтың әл-ауқатын нығайтуға және жақсартуға бағытталған жоғары дамыған әлеуметтік және экономикалық ...

Жалғасы »

Бас сүйегінен жарақат алып көз жұмған жігіттің бүйрегі екі науқасқа салынды

Облыстық көпсалалы ауруханада бас сүйегінен жарақат алып көз жұмған жігіттің екі бүйрегі екі науқасқа салынды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі Ерлан Сұлтангереевтің айтуынша, 27 мамыр күні 1994 жылы туған жігіт бас сүйек және ми жарақатымен Байғанин аудандық ауруханасына түседі. Жігіттің жағдайы ауыр болғандықтан дәрігерлер 1 маусым күні Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына алып келеді. Алайда көрсетілген медициналық көмектің барлығы нәтижесін ...

Жалғасы »

Табиғатты аялады, сыйлықтармен марапатталды

Атаулы күн 5 маусым — Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай облыстық экология департаменті Ақтөбе қаласындағы Ақжар-2 ауылының маңында сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Шараға қаладағы жоғары оқу орнының студенттері, «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары және департамент мамандарынан 200-ге жуық адам қатысты. Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторы Асхат Муфтаковтың айтуынша, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар наурыз айында бастау алған. — Дүниежүзілік қоршаған ...

Жалғасы »

Полицейлер велосипедтің сериялық нөмірін тексереді

Ақтөбе қаласында велосипед ұрлығы көбейген. Қала бойынша мамыр айында 70-тен астам велосипед ұрланды. Маусым айынан бастап «Велосипед» жедел-алдын алу шаралары жүзеге асуда. Ақтөбелік полицейлер велосипед теуіп бара жатқан тұрғынды тоқтатып, велосипедтің сериялық нөмірін тексереді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қалада велосипед ұрлығы өршіп тұр. — Мамыр айында 73 велосипед ұрланды. Соның ішінде ұрылар 26 велосипедті подъезден, 11-ін жеке тұрғын үйдің ауласынан жымқырған. ...

Жалғасы »