Daily Archives: 4 маусым 2017

Ақтөбе Мемлекеттік рәміздер күнін кең көлемде атап өтті

Мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына тура 25 жыл толды. Мерейлі мерекені облыс жұртшылығы кең көлемде тойлады.  4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара облыс әкімдігі алаңынан бастау алды. Шаһарымыздың бас алаңынан авто-вело-мото шерушілер және атты әскерлер тобы қолдарына мемлекеттік нышан — көк Байрағымызды алып, сап түзеді. Егемен еліміздің ең қастерлі нышанын ұстаған топ қаланың орталық көшелерімен жүріп өтіп, ...

Жалғасы »

Шетел травматологтары ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Екі күн бойы Ақтөбеде АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Ресей, Қытай, Түркия елдерінен келген травматолог-ортопедтер мен еліміздің мамандары жол-көлік оқиғасы мен апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету жолын талқылады. Шараның соңында облыс әкімдігі мен шетелдік мамандар ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Облыс әкімдігінде өткен жиында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев сырт елден келген қонақтарға алғысын айтты. — Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрбір қазақстандықтың денсаулығына ...

Жалғасы »

Жиырма жылдың жемісі

Мерей Бірлігі мен ынтымағы жарасқан аймақтық «Славяне» этномәдени бірлестігінің құрылғанына 20 жыл толды. Осыған орай Ақтөбе қаласындағы «Бірлік пен келісім» сулы-жасыл гүлзарының маңында мерекелік кеш өтті. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. «Славяне» этномәдени бірлестігі — 1997 жылдың мамырында славян мәдениетін, этникалық ерекшеліктерін сақтап, дамыту мақсатында құрылған орталық. Бірлестік мүшелері 20 жылдық мерейтойында ақтөбеліктерге ...

Жалғасы »

Таяуда автоматтандырылған жаңа газ бөлу станциясы іске қосылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жаңа автоматтандырылған газ бөлу станциясы-300 нысанында болып, таяу уақытта іске қосылатын бұл құрылыстың жұмыс барысымен танысты.   Ақтөбе – 500 мыңдық тұрғыны бар, серпінді даму үстіндегі қала. Қазір жұмыс істеп тұрған газ тасымалдау жүйесі қаланың өспелі қажеттілігін қанағаттандыруы тиіс. Бұл бәрінен бұрын жаңа тұрғын үй массивін және енді құрылымдала бастаған Ақтөбе қаласындағы шағын және орта бизнес субъектілерін, ...

Жалғасы »

Министрдің халықпен есептік кездесуі өтеді

Биылғы жылғы 16 маусымда сағат 11.00-де Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында (Д. Қонаев көшесі, 4) Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың халықпен есептік кездесуі өтеді. Министрліктің қызметіне қатысты сұрақтарыңызды diakm_rk@mail.ru  электронды мекенжайына жолдасаңыз немесе 74-18-31, 74-18-32 телефон нөмірлері арқылы хабарлассаңыз болады. Министрдің халықпен есептік кездесуі www.bnews.kz ақпараттық порталында тікелей көрсетіледі.

Жалғасы »

Шалқар-Ырғыз тасжолы жөнделеді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Шалқар ауданында болды. Шалқар қаласынан Ырғыз ауылына дейін көлікпен барған өңір басшысы алдағы уақытта жол мәселесі шешіледі деп уәде етті. Пайданың көзі — кооперация Жұма күні Бердібек Сапарбаев Шалқар ауданының екі ауылы — Бегімбет пен Байқадамға барды. Онда облыс басшысы әлеуметтік маңызы бар мекемелерді аралады, солардың жұмысымен танысты. Бегімбет ауылы — Шалқар ауданындағы Айшуақ ...

Жалғасы »

Ақтөбеге алты елден травматологтар келді

Конференция А.Досжанова атындағы конференц-холда «Политравма диагностикасы және кешенді емнің заманауи концепциясы»  атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынға АҚШ, Оңтүстік Корея, Германия, Ресей, Қытай, Түркия және өзіміздің ел аумағынан травматолог-ортопедтер мен хирургтер келді. Шараның мақсаты — Ақтөбедегі травматология бағытын дамыту, озық елдердің тәжірибесін меңгеру. Конференцияда облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысушылардың қадамына сәттілік тілеп, облыс медицинасының дамуын баяндады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан ...

Жалғасы »

Ырғыз ауданында көптен күткен банк филиалы ашылады

9 маусымда ауданда тұңғыш банк операциясы жасалады. Бұдан былай, аудан тұрғындары 400 шақырым қашықтықта орналасқан Ақтөбеге келмей, тұрғылықты жерде несие алады. Жұма күні облыс әкімі Шалқар ауданынан бірден Ырғыз ауданына барды. Өңір басшысы ауданда бірінші рет ашылғалы тұрған «Халық банк» филиалының ғимаратына кіріп, құрылыс жұмыстарымен танысты. — Егер біз кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасасақ қана, ол дамиды. Үлкен ауданда өзінің банк ...

Жалғасы »

Пандус салуға пейілділер көп пе?

Өткен жұма күні Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік ғимараттардың бейімделуі және олардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету бойынша көшпелі жиын өткізді. Шараға облыс әкімінің мүгедектер мәселесі жөніндегі кеңесшісі Құралай Байменова, құзырлы орган өкілдері, басқа да мемлекеттік мекемелер қызметкерлері қатысты. Басқосудың мақсаты — мемлекеттік мекеме мен кәсіпорын басшыларына мүгедек жандардың ғимараттарға кедергісіз кіріп-шығуын қамтамасыз етуге шақыру, оларға ...

Жалғасы »

«Жігер»: 120 жас шынықты

Мәртөк ауданы Хлебодар ауылында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай «Жігер» әскери-патриоттық жиыны өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының ұйымдастыруымен өткен шараның мақсаты — жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жетілдіру, әскери-патриоттық клубтардың іс-қимылын үйлестіру, сондай-ақ, бозбалаларды әскери қызметке даярлау. Жиынға 17-23 жас аралығындағы әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, Алға, Әйтеке би, Қобда, Мәртөк, Ойыл, Темір, ...

Жалғасы »