Daily Archives: 1 маусым 2017

«Күзеттің» орнына балабақша ашылды

«Күзет» ұйымына тиесілі болған ғимаратта «Райгүл» балабақшасы өз есігін айқара ашты. 1 маусым күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Рысқұлов көшесіндегі жаңа балабақшаның ашылу салтанатына барды. Аталған балабақша мемлекеттік-жеке әріптестік бағдарламасы аясында ашылды. Мектепке дейін білім беру мекемесінде 300 бала тәрбие алады және 25 адам жұмыс істейді. Қалалық білім бөлімінің басшысы Индира Бексұлтанованың айтуынша, бұл ауданға балабақша өте қажетті болған. Сондықтан ...

Жалғасы »

Ақтөбе қаласында тұңғыш хоккей-жаттығу спорт кешені ашылды

Балалар тегін жаттығатын хоккей модулі қысы-жазы ашық болады. Халықаралық балаларды қорғау күнінде көптен күткен мұз айдыны ашылды. Бұл спорт кешені Президенттің «Туған жер» жобасы аясында салынды. Бұған дейін өңірде қысқы спорт түрін дамытуға арналған спорттық ғимарат болмаған еді. Хоккей кешенінің құрылысына 544 миллион теңге жұмсалды. Оның жартысын жергілікті бюджет өтесе, қалған жартысын «КТП» ЖШС бас директоры Всеволод Щегельский қаржыландырды. Облыс ...

Жалғасы »

Ақтөбеде алғаш рет балалардың шеруі өтті

Шеруге 2 мыңнан астам талантты жас музыканттар мен әртістер қатысты. 1 маусымда балаларды қорғау мерекесіне орай облыс әкімдігінің алдында шеру басталды. Аталған шараға Ақтөбе қаласындағы 20-дан астам білім беру мекемесінің оқушылары атсалысты. Сондай-ақ, Қарғалы, Мәртөк және Алға аудандарының оқушылары өнер көрсетті. Шеруді ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мектептің үздік оқушылары, түрлі халықаралық, республикалық олимпиадалар мен жарыстардың жүлдегерлері атанған 20 балаға ...

Жалғасы »

Алаш арыстарын ұлықтау — ұрпаққа парыз

Конференция Сәрсенбі күні «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға және Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Тарихтан тағылым — өткенге тағзым» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, зиялы қауым өкілдері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңес мүшелері, белгілі тарихшылар, сондай-ақ мәдениет, білім беру мекемелерінің қызметкерлері қатысты. Шарада алғашқы болып ...

Жалғасы »

Колледждегі субұрқақ

Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінің аумағы соңғы екі-үш жыл ішінде ерекше көріктеніп, жаңара түсті. Қылқан жапырақты, басқа да әртүрлі тұқымды биік ағаштар бой көтеріп, айналаны жасыл желекке бөледі. Ал аула ішін көк шөп көріктендіріп тұр. Енді парк ішінде субұрқақ пайдалануға берілді. Мұнда студенттер саябағы әсем әдіптеліп, ұқыпты төселген аллеялар мен қатар-қатар сап түзеген гүлзарлар айналаға ерекше сән береді. Оқу корпусының маңдай алдында ...

Жалғасы »

Серікбол Қондыбайды еске алды

Осындай атаумен С.Бәйішев  атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында қазақ мифологиясының білгірі Серікбол Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға ғалымның апасы  Балсұлу Қондыбай, ақын, көсемсөзші Мейірхан Ақдәулетұлы, «Тарлан» колледжінің директоры Жәрдемғали Шүкіров және тағы басқа ақтөбелік ғалымдар мен өнертанушылар, студент-жастар қатысты.   Балсұлу Қондыбай інісі туралы естеліктер айтты. Оның бала кезінен зерек болып өскенін, туған жерін, Отанын ерекше сүйетінін ...

Жалғасы »

Темекі — денсаулықтың жауы

Акция 31 мамыр — Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күніне орай Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта студент жастардың қатысуымен ауқымды акция ұйымдастырылды. «Темекі — даму үшін қауіпті» атты шараға Ақтөбе қаласындағы барлық арнаулы білім беру ұйымдарынан 1500-ден астам адам қатысты. Акцияның негізгі мақсаты — темекінің денсаулыққа зиянды әсері туралы халыққа ақпарат беру және темекі шегумен күресу заңнамаларын жүзеге асыру. Шара барысында ...

Жалғасы »

Ақиқат арқауы

Спектакль Ақтөбе қаласындағы «Алақай» қуыршақ театрында қазақ мифологиясы ілімінің зерделі зерттеушісі Серікбол Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығы желісінде жазылған «Мифтің түбі — ақиқат» пьесасының премьерасы өтті. Спектакльді көпсалалы АҚӨМУ «Тарлан» колледжіндегі актерлік шеберлік мамандығының 4-курс оқушылары қойды. Қойылымның режиссері — колледж оқытушысы Гүлбақыт Қожаева. «Мифтің түбі — ақиқат» пьесасының авторы — ақын, филология ғылымының кандидаты Оңайгүл Тұржан. Автор шығармада қазақтың тарихын, ...

Жалғасы »

Кәсіби аппарат құру — бүгінгі күннің талабы.

Мемлекеттік қызмет ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Әлтайыр Ахметов ақтөбелік мемлекеттік қызметшілермен кездесті. Бұл кездесуге қала және аудан әкімдіктеріндегі қызметшілер онлайн режимде қатысты. Кездесу барысында Ә.Ахметов Мемлекеттік басқару академиясына түсуге байланысты, яғни магистратура және докторантураға қабылдану бойынша толық мәлімет берді. — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы —  мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыратын жоғары оқу орны. Академияның алға ...

Жалғасы »

Газетке жазылуды ұмытпайық

Қадірлі оқырман! Өздеріңіз білетіндей, «Ақтөбе» газеті қазір аптасына үш рет шығатын болды. Ел бойынша «Егемен Қазақстан» мен «Ақтөбе» газеті ғана дүйсенбіде «есіктеріңізді қағады». Осының өзі сіздерге ақпаратты жедел жеткізудің қамы! Қазір жылдам ақпарат алу заманы. Сол үшін де тек қана газетке сеніп отырмай, сайтқа да күш салып жатырмыз. Ертең шығатын газетті бүгін кешке сайттан оқуға болады. Барлық әлеуметтік желілерде парақшаларымыз ...

Жалғасы »