Басты бет » 2017 » мамыр

Monthly Archives: мамыр 2017

Ақтөбеде темекінің белгілі бір түрін ұрлаған тұрғын ұсталды

Тәртіп сақшылары 43 жастағы ұрыны қолға түсірді. Ол қала дүкендерінен тек қана «Парламент» пен «ЛД» маркалы темекілерді ұрлаған. 18 мамырда «Құқық тәртібі» шарасы аясында 43 жастағы тұрғын ұрлық жасау сәтінде ұсталды. Бұған дейін оның он шақты рет темекі тауарларын қолды еткені белгілі болды. Полицейлердің айтуынша, ол тек қана «Парламент» және «ЛД» маркалы темекілерді блоктап ұрлаған. Қазіргі таңда 43 жастағы күдікті ...

Жалғасы »

Көп мәселені депутаттардың белсенділігі шешеді

Сессия Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Сонымен қатар сессияға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері, қалалық және аудандық мәслихаттардың хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының жалпы отырысына облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова төрағалық етті. Сессияның күн тәртібі бойынша алғашқы кезекте 2016 жылғы облыстық ...

Жалғасы »

Қоғамдық сананы жаңғыртудың логотипі ұсынылды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Қоғамдық сананы жаңғыртудың ресми логотипін ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. Логотипте жоғарыға қарай ұшып, қанат қағып бара жатқан түрлі түсті құс бейнеленген. Еске сала кетейік, 19 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев қоғамдық сананы жаңғыртудың бағдарламасын жүзеге асыру үшін Ұлттық комиссия жасақтауға қаулы шығарды. Комиссия құрамына қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, журналистер, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Үкімет мүшелері, ...

Жалғасы »

Биыл 112 мың бала жазғы демалыспен қамтылады

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен балалардың жазғы демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру жұмыстары бойынша жиын өтті. Биыл өңірде қала сыртындағы 11 лагерь жұмыс жасайтын болса, оның 9-ы — жекеменшік иелігінде. Бұдан өзге мектеп жанынан 380 лагерь, 30 шатырлы лагерь өз жұмысын бастайды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше жазғы демалыспен оқушылардың 92 пайызы, яғни 112 мың бала қамтылады. Ырғыз-Торғай мемлекеттік ...

Жалғасы »

Сана жаңғырмай, адам жаңғырмайды

«Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру бүгінгі күннің басты міндеттерінің біріне айналуда. Өйткені осы маңызды құжат арқылы Елбасымыз ұлтымыздың алдағы даму бағытын айқындап берді. Оның басты ұстанымы — қоғамға деген көзқарасты, нақтырақ айтқанда, сананы жүйелі түрде өзгерту қажеттігі. Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі облыстық комиссияның кеңейтілген мәжілісін өткізген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ең алдымен осы жайларға тоқталды. Аталған ...

Жалғасы »

Жолақы бағасы көтерілмейді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен жиында  жолаушылар тасымалының қазіргі жағдайы талқыланды. Жиында өңір басшысы аталған мәселенің маңыздылығына тоқталып, жолаушылар тасымалын ретке келтіру қажеттігі туралы әңгіменің бұған дейін де қозғалғандығын еске салды. — Қазіргі күні қоғамдық көліктердің жүру уақытының арақашықтығы мен қозғалыс кестесі, қалалық автобустар салонының санитарлық-техникалық жағдайы көңіл көншітпей отыр. Ақтөбеліктер кейде аялдамада сағат бойы тұрып қалатындарын айтып, шағымдануда, ...

Жалғасы »

Өздері жоқ болса да, сөздері бар…

31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні «Руханият» облыстық музейі жанынан ашылған «Ұрпақ+» бағдарламасы аясында жұмыс істейтін танымдық клуб мүшелері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «жаралы жылдар жаңғырығы» деп аталатын кездесу кешін өткізді. Оған қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары шақырылды. Жиында ел тарихын түгендеуге үлес қосып, ата-баба өткен жолды зерттеп жүрген азамат Серік Әбілжанов баяндама жасап, ...

Жалғасы »

«Халық жауының» соңғы хаты немесе арманда кеткен аталар туралы

31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Өмірдің ең қызықты сәттері есте қалады. Сол сияқты тіршілігіңде орын алған қайғылы, мұңды оқиғалар да ешқашан ұмытылмайды. XX ғасырдың 30-50-жылдарында болған қудалау қатігездіктері осы күнге дейін ел есінен кетпейді. Қаншама жылдар артта қалып, ғасыр жаңарса да, әділетсіздік, зұлымдық оты шарпыған  тағдырлар ұмытылмақ емес. Сталиндік репрессияның, қатыгез саясаттың салдарынан еліміздің талай азаматтары ...

Жалғасы »

Бурьянов — байқау жүлдегері!

Құттықтаймыз! Облыстық «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Владимир Бурьянов тау-кен-металлургия тақырыбы бойынша «Алтын Гефест-2017» байқауының жүлдегері атанды. Марапаттау рәсімі Астанадағы «Салтанат сарайы» конгресс-холы сахнасында өтті. Аталған конкурсқа 9 номинация бойынша 190-нан астам адам қатысқан. «Тау-кен-металлургия саласындағы Еңбек адамы туралы үздік журналистік жұмыс» аталымында өзінің «Горизонты жизни дяди Саши» деп аталатын туындысы топ жарған әріптесіміз арнайы дипломға, «Алтын гефест» мүсіншесіне және ақшалай ...

Жалғасы »

«Самрұқ-Қазына» қорында жұмыс істегің келе ме?

Түлектер «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры талантты түлектерді іздестіруде. Іріктеуден сәтті өткен жастар 2 жыл бойы ірі компанияларда тәжірибе жинайды. Бүгін Студенттер сарайында Ақтөбенің биылғы түлектеріне «Жас Өркен» бағдарламасының ерекшеліктері түсіндірілді. Бұл бағдарламаға қатысу үшін Қазақстанның азаматы болуың керек. Сондай-ақ, жоғары оқу орынды осы жылы тәмамдаған түлектер бақтарын сынай алады. Ең қызығы, түлектің дипломдағы бағаларына үлкен мән берілмейді. Жастардың өз-өзіне сенімділігі, ...

Жалғасы »