Daily Archives: 28 қазан 2016

Бас прокурор Жақып Асанов: Мұндай ауқымды іс-шара елімізде тұңғыш рет өткізіліп отыр

ҚР Бас прокуроры республикалық жұмыс тобының  1 айда атқарған ісінің  қорытындысын жария етті.   Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылғы 29 қыркүйекте облыста «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін ведомствоаралық топ өз жұмысын бастаған болатын. Міне, осы жұмыстардың қорытындысын шығаратын уақыт та келді. Бас прокурор Жақып Асанов облыс жұртшылығымен кездесіп, ай ішінде атқарылған істерді саралады, ой-тұжырымдарын ортаға салды. ...

Жалғасы »

Бас прокурор Хромтауға барды

Еліміздің Бас прокуроры Жақып Асанов пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған топ Хромтау ауданына іссапармен барды. Жұмыс сапары барысында олар Дөң кен-тау комбинатының кеншілер мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Сондай-ақ, Хромтау тау-кен техникалық колледжінің тыныс-тірлігімен танысты.   «ЖҰМЫСЫМЫЗДЫҢ  НӘТИЖЕЛІ  БОЛАТЫНЫНА СЕНІМДІМІЗ»  Кеншілер мәдениет үйінде өткен жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов бастаған, құрамында 200-ден астам білікті ...

Жалғасы »

Жаңа кодекс жобасы талқыланды

Ақтөбеде Парламент Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті. Жиын ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің жобасын талқылау мақсатында ұйымдастырылды. Оған облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының, құқық қорғау органдарының, көмірсутекті шикізат пен пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын компаниялардың өкілдері шақырылды. Жиынды Парламент Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы ...

Жалғасы »

«Анвар» ЖШС 20 тауардың бағасын қаңтарға дейін өсірмейді!

«Анвар» ЖШС-на қатысты супермаркеттерде әлеуметтік маңызы бар 20 тауардың бағасы 1 қаңтарға дейін көтерілмейтін болды. Сондай-ақ, түрлі тауарларға жататын 300 атауға 20 пайыздан 40 пайызға дейін жеңілдіктер жасалатын болады. Бұл жөнінде «Анвар» ЖШС бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Т.Салфиков хабарлап отыр. Т. Салфиков атап өткендей, бағаны өсірмеу туралы шешім мен жеңілдіктер — ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын мерекелеуге қосқан үлес ...

Жалғасы »

Қала көшелерін көріктендіру мен жолдарды жөндеу: нәтиже қандай?

Ақтөбе қаласының басшылығы облыс орталығының жолдарын сапалы жөндеу, көшелерді көріктендіру мен жарықтандыру мәселелері бойынша өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмаларын орындау аясында атқарылған жұмыс нәтижелері туралы есеп берді. Ағымдағы жылы Ақтөбе қаласы автомобиль жолдарын жөндеуге 3,4 миллиард теңге бөлінді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда едәуір көп. Жалпы ұзындығы 40,3 километр болатын 41 көше жөндеуден өткізіледі. Бұдан басқа, 44,3 километр жаяу жүретін бөліктер ...

Жалғасы »

Балалар арасында тіс ауруы көп

Форум  Бүгінгі таңда  балалар арасында тіс ауруы көп. Республика бойынша балалардың 25 пайызының ғана тісі сау. Тіс ауруының алдын алу, емдеу және маман даярлау ісінде әлі де кемшілік көп. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті А. Досжанова атындағы конференция залында өткен «Алдын алу стоматологиясының мәселелері, стоматологияда стандарттау қырларын оңтайландыру» атты  ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумда осы және өзге де мәселелер ...

Жалғасы »

Қаланы қардан тазарту 28-і күні түнде басталды

Ақтөбенің алғашқы қары коммуналдық қызметтерді аса абыржыта қоймады. Өйткені мердігер ұйымдар 15 қазаннан бастап тәулік бойы кезекшілік ету режиміне көшкен болатын. Қардың жаууына байланысты бүгін 28 қазанға қараған түнде көшеге 65 бірлік арнаулы техника шықты, оның ішінде тазалағыш, құм шашатын тракторлар, өзі аударатын және тиейтін машиналар, автогрейдерлер бар. Ақтөбе қаласы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ басшысының ...

Жалғасы »

Берген уәде орындалуы тиіс!

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жер қойнауын пайдаланушылардан келісімшарттық міндеттемелерін орындауды талап етті. Облыстық әкімдікте, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов пен және даму инвестициялар жөніндегі вице-министр Тимур Тоқтабаевтың, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің, өзге де ведомстволар өкілдерінің  қатысуымен өткен кеңесте, жер қойнауын пайдалану салаларының өзекті мәселелері талқыланды. Осы ретте айта кету керек, бұған дейін үстіміздегі жылдың ақпан айында Ақтөбеде осындай кеңес ...

Жалғасы »

Ақтөбеге 18 ветеринар маман жетіспейді

Республикалық топ  Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бас кеңсесінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Тұрсын Қабдұлданов бастап келген республикалық топ мүшелерінің қатысуымен өткен оқу-семинар кезінде айтылды. Республика  көлемінде жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қалыптасқан эпизоотиялық ахуал және қолданыстағы ветеринария саласындағы кейбір заңдылықтарға енгізілген өзгерістер туралы оқу-семинары Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары-ҚР Ауыл ...

Жалғасы »

Қаржы маңызды салаларға бағытталды

Сессия  Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп, 2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы облыстық мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды. Сессия  жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айдашева  бюджетке байланысты облыстық мәслихаттың бұрынғы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жасаған хабарламасында  ...

Жалғасы »