Daily Archives: 26 қазан 2016

Бердібек САПАРБАЕВ: Баспасөз бетінде жазылған арыз-шағымдар тез арада шешілуі керек…

Қалалық әкімдікте облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен кеңес өтті. Кеңесте Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов «2016 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есеп берді.  Тоқсан сайын кездесеміз… Кеңеске облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыстық және қалалық басқармалар мен бөлімдердің басшылары, қалалық мәслихат және қаладан сайланған облыстық мәслихаттың депутаттары, Ақтөбе қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері ...

Жалғасы »

«Тәуелсіздік түлеткен поэзия» бағдарламасы үздік авторлық бағдарлама атанды

Жақында «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйытқы болуымен  Алматы қаласында  республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы өтті. Жарыстың басты мақсаты — кәсіптік білім берудің маңызын күшейту және талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерге қолдау көрсету, мұғалімдердің зерттеу және авторлық бастамаларын дамыту. Шараға еліміздің әр өңірінен 218 үміткер қатысып, бақ сынады. «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік  қосымша білім беру орталығының бөлім меңгерушісі Г.Сеилованың айтуынша,  конкурстың қорытынды ...

Жалғасы »

Үш жеңімпаздың үлгісі

Байқау  «Нұр Отан» партиясының «Үздік бастауыш партия ұйымы» байқауының қорытындысы жарияланды. 7 негізгі критерий бойынша сынға түскен қатысушылар арасынан 3 жеңімпаз анықталып, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Жыл сайын ұйымдастырылатын шараның басты мақсаты — бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру, жинақтаған жұмыс тәжірибесін елдің барлық аймақтарына тарату. Партиялық және сайланбалы қызметтерге ұсыну мақсатында білікті де белсенді бастауыш партия ұйымы ...

Жалғасы »

Су қоймасы қайта жаңғыртылады

Суармалы жерлердің көлемін ұлғайту үшін облыстың су қоймалары қайта жаңғыртылуда. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Сазды су қоймасындағы  қайта жаңғыртудың барысын қарады. Бұл жобаны жүзеге асыруға  бастамашы болған аймақ басшысының өзі болатын. Ол жоба суармалы жерлердің алаңын ұлғайтуға, Ақтөбе қаласындағы жасыл алқаптарды тұрақты суаруға және су ресурстарын тиімді пайдалануға жағдай жасайды. «ҚазСуШар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының басшысы Бекзат Наметовтің баяндауынша, ...

Жалғасы »

Ақтөбе облысында құны 22 млрд теңге болатын 90 әлеуметтік жоба жүзеге асырылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен тексеру комиссиясының қызметі, жаңа құрылысқа жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасын жасау мәселелері бойынша жиын өтті. Жиында тексеру комиссиясының басшысы Сағат Еңсегенұлы 2016 жылдың 9 айындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындысын баяндады. Оның айтуынша,  мемлекеттік аудиттің 107 нысанында 13 аудиторлық іс-шара өткізілген. Баяндаманы тыңдаған өңір басшысы Бердібек Сапарбаев тексеру комиссиясының  қызметі тиімді болу үшін орын алған кемшіліктерге ғана назар ...

Жалғасы »

«Шіркеудегілер де мемлекеттік тілге шорқақ болмауы тиіс»

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының архиепископы Антониймен кездесті. Басқосуға басқарма басшылары, сала мамандары қатысты. Өңір басшысы дін өкілімен әңгімеде Ақтөбедегі жағдайдың тұрақты екенін, жалпы діни алауыздықтың жоқтығын білдірді. Сондай-ақ, бұл күндері жаңадан құрылған ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері, басқа да елордалық делегацияның жұмыс сапарымен шаһарда жүргенін, бірлесе алуан жұмыстардың атқарылып жатқанын қосты. — ...

Жалғасы »

«Паллада» дүкенінде қауіпсіздік толық сақталмаған

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Паллада» дүкені әрі қарай қару-жарақ сақтаудың қауіпсіздігін сақтамаса, дүкенді жабу қажеттігін айтты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қаладағы «Пантера» және «Паллада» қару-жарақ дүкендеріне барды. Аймақ басшысы құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге облыс орталығында орналасқан қос дүкеннің қауіпсіздігін қарап шықты. Бұған дейін Бердібек Сапарбаев дүкендердегі қауіпсіздік жағдайын тексеріп, бірнеше рет барған ...

Жалғасы »

Жөнделген жолдардың сапасы қатаң бақылануда

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен Ақтөбе облысында жол жамылғысын жөндеу кезіндегі технологиялық нормалар мен ережелерді сақтау қатаң бақылануда.   Биылғы жылы облыста көлік инфрақұрылымын дамыту, республикалық маңызы бар жолдарды қалыпқа келтіру жұмыстарына 11,37 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы 169,9 шақырым көлік жолдарын қалыпқа келтіру және жөндеуге, сондай-ақ Ақтөбе қаласындағы көше желісінің  40,4 шақырымдық көлік жолдарын күрделі жөндеуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, ...

Жалғасы »

Ауызсу және ауыл шаруашылығы

Тұрақты комиссия  Облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы №21 Қарғалы сайлау округінің депутаты Гүлжанат Ерғазинаның төрағалық етуімен өтті. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов және депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Жиында екі мәселе көтерілді. Бірі — облыстың елді мекендерін орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету, екіншісі облыстың ауыл шаруашылығы ...

Жалғасы »

Облыстық штабтың отырысы өтті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың кезекті отырысына қатысты. Жиынға, сондай-ақ, күш құрылымдарының, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Жиында бірқатар мәселелер, соның ішінде облыстық жедел штабтың лаңкестік сипаттағы қауіп-қатерлерге қарсы әзірлігінің жайы қаралды. Күштік құрылымдардың жедел топтарының тойтарыс берудегі тиімділігін арттыру, түрлі деңгейдегі оқу-жаттығулар кезінде анықталған кемшіліктерді жою, 6655-әскери бөлімнің лаңкестік сипаттағы шабуылдарға тойтарыс ...

Жалғасы »