Daily Archives: 24 қазан 2016

Әлеуметтік нысандардың құрылысы қатаң бақылауда

Алдағы жылы Ақтөбе қаласында бірнеше әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, мемлекеттік жеке әріптестік аясында он нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. Сенбі күні аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыс орталығында құрылысы жүріп жатқан бірнеше әлеуметтік нысанды аралап көрді. Естеріңізге сала кетейік, облыс орталығында биыл денсаулық сақтау, спорттық және мәдени нысандардың құрылысы басталған болатын. Қаланың орталық көшесінде, ...

Жалғасы »

Облыс әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

«Нұр Отан» партиясы  Облыс әкімі, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының  төрағасы Бердібек Сапарбаев партияның облыстық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Өңір тұрғындары жер алу, кәсіп ашу, ауыл шаруашылығымен шұғылдануға қажетті жер телімін алу жайын айтып, көмек сұрады. Алдына келген әр тұрғынның мәселесін мұқият тыңдаған өңір басшысы тиісті орындарға тапсырмалар берді. Қоғамдық қабылдауға келген өңір тұрғындарының бірін медицина бағытында кәсіп ...

Жалғасы »

Жыл басынан бері 22 221 ақтөбелік жұмыспен қамтылған

  Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен облыс әкімдігінде «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасының жүзеге асырылу жайы талқыланды. Биылғы жылы облыста жұмыссыздардың саны көбеюіне жол бермеу үшін кешенді жоспар құрылып, 19 262 адамды жұмыспен қамту шаралары қолға алынған болатын. Нәтижесінде аталған жоспар 115,4 %-ға орындалып, облыс бойынша  22 221 адам жұмыспен қамтылды. — Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, біз өңірдегі жұмыссыздар ...

Жалғасы »

Ақтөбеде әлем чемпионаты басталады!

26-30 қазан күндері аралығында Ақтөбе қаласындағы «Қоныс» спорт сарайында гір көтеруден әлем чемпионаты өтеді. Оған 34 елден 440 спортшы қатысқалы отыр. Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан білгеніміздей,  АҚШ, Германия, Жапония, т.б. дамыған мемлекеттердің спортшылары күш сынасатын жарысқа тұңғыш рет қатысқалы отырғандар да бар екен. Олар — Оңтүстік Африка Республикасы мен Үндістан елдерінің өкілдері. Дүбірлі доданың салтанатты ашылу рәсімі — 27 ...

Жалғасы »

Ақтөбеде ауыл шаруашылығы еңбеккерлері мерекесі аталып өтті

Сенбі, 22 қазан күні Ақтөбе қаласының ипподром алаңында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Биыл аталған сала еңбеккерлерінің төл мерекесі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты кең көлемде атап өтілді. Бұл күні ипподромда ұйымдастырылған салтанатты шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытындағы озық кәсіпорындардың басшылары мен алдыңғы қатарлы қызметкерлері қатысты.  Бұл — егінін ...

Жалғасы »

«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жоба жұмысы жалғасып жатыр

Облыста «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы жалғасып жатыр. 22 қазан күні мемлекеттік және салалық бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары Темір, Хромтау, Қарғалы және Ақтөбе қаласында өтті. «Ауқымды түсіндіру жұмыстары» бағыты аясында Темір ауданында 8 шара өтіп, оған 282 адам қатысты. Тұрғындар арасындағы түсіндіру жұмыстары бойынша  221 адам қамтылды. Бұл жұмыстар аудандар мен  ауылдарда да жалғасты. Қопа ауылында өткен жиында  жоғары оқу орындарына ...

Жалғасы »

Халықпен кездесті, кеңес берді

ҚР Ұлттық Экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Шыңғыс Ахметов бастаған республикалық ведомствоаралық жұмыс тобы өкілдері Темір ауданына келді. Топ құрамында ҚР Бас прокуратурасы, «Атамекен» ҰКП, «Даму» қоры және Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, Аграрлық несие корпорациясы, «Қазагромаркетинг» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ  өкілдері бар. Олар, мемлекеттік бағдарламаларды көпшілікті жан-жақты түсіндіру мақсатында, бес күн бойы ауданда кәсіпкерлерімен кездесулер, жастарға арналған бизнес-трениг ...

Жалғасы »

Бәкір Тәжібаевтың 90 жылдығы тойланады

Қазақтың көрнекті ақыны, сазгер, драматург Бәкір Тәжібаевтың 90 жылдығына орай Ақтөбе қаласында, оның туып-өскен жері Байғанин ауданында 26-28 қазан күндері  мәдени-көпшілік шаралар өтеді. Биыл  Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Ақбұлақ ауылында дүниеге келген, бірнеше жыр жинақтарының, халық арасында кең тараған әндер мен драмалық шығармалардың, 150-дей ән мәтіндерінің авторы, ақын, сазгер, драматург  Бәкір Тәжібаевтың туғанына  90 жыл толды. Осы атаулы датаға орай ...

Жалғасы »

Ескі гүлзардың жаңа келбеті

№6 орта мектеп маңындағы гүлзарды ауқымды өзгерістер күтіп тұр.  Өткен сенбіде бұл шағын бақты көркейту жұмыстары басталып, 1000 түп түрлі ағаш егілді. Бүгінгі таңда тұрғындар серуендейтін гүлзардың жұмыс жоспары жасалды. Сенбілікті аралаған Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияровтың айтуынша, алаңның көлемі 23,3 мың шаршы метрді құрайды. Кіре берісі арка түрінде жасалып, тренажер, баскетбол, волейбол, үстел теннисі алаңдары, велосипед жолы салынады. ...

Жалғасы »

Бюджетаралық қатынастарды реттеу керек!

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты «2016 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасында бюджет кірісін 842 миллиард теңгеге ұлғайту көзделген. Осыған байланысты Ұлттық қордан кепілді трансфертті 400 миллиард теңгеге азайту және республикалық бюджеттің шығыс бөлігін 380 миллиард теңгеге ұлғайту – экономикалық өсімнің жандана түскенінің, жан-жақты тұрақтылықтың, сонымен бірге, халықтың әл-ауқат деңгейі өскендігінің айғағы. Қазақстанда өндірілген тауарларды экспортқа шығару көрсеткішінің, ...

Жалғасы »