Daily Archives: 21 қазан 2016

Тоғыз айдың түйіні

Жазғы жұмыстардың етек-жеңі жиналып, көп шаруа тиянақталып қалған тұста облыс әкімдігінде өткізілген бұл жиын негізінен өткен тоғыз айдың қорытындыларын қарауға арналды. Жиынға барлық деңгейдегі әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары, шағын және орта бизнес өкілдері, ірі компаниялардың жетекшілері қатысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кіріспе сөзінде әлі де болса негізгі салалардың көрсеткіштері төмен екендігін атап көрсетті. Мүмкіндіктер, резервтер жеткілікті екендігін айтқан ол, көптеген ...

Жалғасы »

Құрметті ауыл тұрғындары мен агроөнеркәсіптік кешен еңбеккерлері!

Біз ең маңызды кәсіби мерекелердің бірі  — Ауыл шаруашылығы  еңбеккерлері  күнін атап өтеміз. Мемлекет басшысының назар аударып, қолдау көрсетуінің  арқасында экономиканың бұл секторы қарқынды дамып келеді. Жыл сайын аталған саланы дамытуға аз қаражат бөлінбейді,  соның нәтижесінде ауылдың экономикасы мен әлеуметтік саласы қарыштап дамып,  лайықты өмір сүру үшін бар жағдай жасалуда. Биылғы жылды облыс ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлері   жоғары көрсеткіштермен аяқтады.  ...

Жалғасы »

Дін және азаматтық қоғам министрі жастармен кездесті

Бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев жастармен кездесу өткізді. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Басқосуда облыс басшысы өңірдегі жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, Елбасы тапсырмасына сәйкес облыста әлеуметтік-экономикалық мәселелердің оң шешім тауып жатқанын айтты. Елбасы тапсырмасына сәйкес, біздің өңірде жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. ...

Жалғасы »

Ел кубогы жолындағы жарыс өтіп жатыр

Бейсенбі күні Ақтөбеде жүзу спортынан ҚР Кубогы жолындағы жарыс басталды. Жарысқа келген спортшылар арасында Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин де бар. Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі: — Тәуелсіздіктің 25 жылдығы тұсында Қазақстан Кубогының Ақтөбеде өткізілуі — біз үшін үлкен құрмет. Осы жарысқа орай Ақтөбеге Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мен Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина келіп, міне, қазір, ортамызда ...

Жалғасы »

Ақтөбеде 2 мың бала су спортымен айналысады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин мен Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллинаны қабылдады. «Достық» су спорты түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің облыстық мектебінде өткен кездесуге белгілі спортшылар, аталмыш мектепте жаттығып жүрген жас өрендер, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. — Дмитрий мен Зүлфияның жеңісіне дейін елімізден су спорты түрлері бойынша Олимпиада мен Паралимпиада чемпиондары шықпаған еді. Сіздердің жеңістеріңіз ...

Жалғасы »

Маман мәселесі қашан шешіледі?

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Ақтөбеде теолог мамандар мен діни бірлестіктер жетекшілерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты. Жиында облысымыздағы діни ахуал төңірегінде сөз қозғалды. Осы мәселеге орай облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан, «Аңсар» кеңес беру-оңалту орталығының директоры Асқар Сабдин, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспановтар сөз сөйледі. Мәліметтерге ...

Жалғасы »

Министр ҮЕҰ өкілдерімен кездесті

Ақтөбеге іссапармен келген Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бейсенбі күні облыстағы үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Министр өз сөзінде жаңадан құрылған министрліктің жұмысы, міндеттері туралы да жан-жақты әңгімелеп берді. Басқосуда мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасы әңгіме  өзегіне айналды.  Жиынды облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының төрайымы Айгүл Дүйсенова ашып, жүргізді. — Қазір елімізде азаматтық қоғам институттарының жұмысына ...

Жалғасы »

12 аудан, 3 қаланың бас жоспарлары жаңартылды

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Серік Төленбергенов жыл басталғалы атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізді. «Ақтөбе ақпарат» орталығында журналистердің сұрақтарына жауап берген басқарма басшысы биылдыққа бюджеттік қаражат есебінен 88 әлеуметтік сала нысанының құрылысы жүргізілгенін айтты. Нысандардың құрылысына жұмсалған қаражаттың жылдық көлемі 24 миллиард теңгені құраған, оның ішінде 17,4 миллиард теңгесі Ұлттық қордан, 1,3 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, 5,3 ...

Жалғасы »

Ақтөбеде 738 бала бірде-бір екпе алмаған

Ақтөбе қаласы бойынша 27 ауызсу құбыры жұмыс жасаса, соның 10-ның ғана санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар. Қалған су құбырларының санитарлық талаптарға түрлі сәйкессіздіктері бар. Бұл туралы бейсенбіде облыс әкімдігінде облыстық мәслихаттың құрылыс, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысында айтылды. Депутат Марат Итеғұловтың төрағалық етуімен өткен комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері мен ...

Жалғасы »

Тұрақтандыру қорының ісі тиянақты ма?

Тұрғындардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған тұтыну нарығындағы бағаларды тұрақтандыру қорының жұмысы әрдайым атқарушы биліктің назарында. Осы бағытта жұмыс істейтін штабтың кезекті отырысында алдағы қысқы, көктемгі кезеңдерде халықты көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету барысы қаралды. Жиынға төрағалық еткен облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев бұл маңызды мәселенің жан-жақты шешілуі  бүгінгі басты талап екендігін білдірді. Облыстың тұрақтандыру қорына картоп пен көкөністі қысқы ...

Жалғасы »