Daily Archives: 19 қазан 2016

Ақтөбе Әбіш есімін ұлықтады

Ақтөбеде орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттеріне Әбіш Кекілбаев атындағы шәкіртақы тағайындалады. Сондай-ақ, Әбіш мұрасын тереңірек танып-білу, насихаттау мақсатындағы ғылыми-практикалық конференция дәстүрлі түрде өтетін болады. Бұл жөнінде кеше Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өткен «Ғұлама тұлға, ғибратты ғұмыр» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтты. Жиынға зиялы қауым өкілдері, әдебиетсүйер қауым, студент жастар, журналистер қатысты. Алдымен ...

Жалғасы »

«Әбіштану» дәрісханасындағы кездесу

Әбіш Кекілбаевты еске алуға арналған шараларға қатысуға келген қонақтар — белгілі қаламгерлер және қоғам қайраткерлері, жазушының туыстары Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндегі «Әбіштану» дәрісханасында болды. Бұл күні мұнда әбіштану дәрісін филология факультетінің ІІ курс студенттері өтіп жатыр екен. Дәрісті филология ғылымдарының докторы, профессор Баян Борашев оқыды. Дәрісханаға Әбіш Кекілбаевтың шағын мүсіні де қойылыпты. Мұнда қонақтарды аталмыш оқу орнының ...

Жалғасы »

Назарбаев зияткерлік мектебінде Әбіш Кекілбаевқа арналған кабинет ашылды

Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевты еске алуға арналған шаралардың бірі Назарбаев зияткерлік мектебінде өтті. Аталған білім шаңырағына келген қонақтар Әбіш Кекілбаевқа арналған кабинеттің жұмысымен, жалпы мектептің тыныс-тіршілігімен танысты.   Қыркүйек айында ашылған Әбіш Кекілбаев атындағы кабинетте Әбіштану сабағы элективті курс ретінде өткізіледі. Сабаққа  негізінен шығармашылыққа жақын оқушылар қатысады. — Әбіштану сабағы әр сыныптың оқушыларына аптасына бір ...

Жалғасы »

«Әбіштану» кабинеті ашылды

Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевты еске алуға арналған іс-шаралар аясында Ақтөбе қаласындағы М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта «Әбіштану» кабинеті ашылды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов, елімізге белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері  — Қажығали Мұханбетқалиев, Ханбибі Есенқараева, Зейнолла Алшынбаев, Мейірхан Ақдәулетұлы, тағы басқа өнер адамдары, сондай-ақ жазушының аяулы жары Клара Жұмабаева қатысты. Алдымен қонақтар қаланың ...

Жалғасы »

«Ханша-дария хикаясы» сахналанды

Т.Ахтанов атындағы драма театрда қазақтың классик жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Ханша-дария хикаясы» повесінің негізінде қойылған спектакльдің тұсаукесері өтті. Оған Ақтөбеде өткен Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевты еске алуға арналған шараларға шақырылған меймандар түгел қатысты. Спектакльдің  тұсаукесеріне келген Ақтөбенің зиялы қауымы мен көрермендердің қарасы мол болды. Бұдан бірнеше жыл бұрын Әбіш Кекілбаевтың «Ханша-дария хикаясы» повесінің  сахналық нұсқасын ...

Жалғасы »

Ақтөбеге олимпиада чемпионы келді

Сейсенбі күні бір топ ақтөбелік жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинді әуежайдан күтіп алды. Даңқты спортшы мұнда ҚР кубогы сарапқа салынатын сайысқа қатысу үшін келді. Құшақ-құшақ гүлдер, қолтаңба алу үшін Диманың бейнесі бар қағаздарды ұстаған қыз-жігіттер басты қонақты ерекше ілтипатпен қарсы алды. Қазақстанның атын әлемге әйгілеген жүзгіш мұндайды күтпесе керек, таң-тамаша күйде қалып, журналистерге былай деп қысқа қайырды: — Мен Ақтөбеге ...

Жалғасы »

Сазды су қоймасы қайта жаңғыртылады

Анық-қанық Сазды өзеніндегі Сазды су қоймасы қайта жаңғырту  нысаны ретінде қаралуда. Бұл аталған су қоймасы Ақтөбе қаласынан 7 шақырым жерде, Сазды ауылдық округі аумағында орналасқан. Нысан республикалық меншікте 1967 жылдан пайдаланылып келеді және еліміздің су шаруашылығы мемлекеттік кәсіпорнының балансында тұр. Су қоймасының негізгі мақсаты — Ақтөбе қаласы аумағындағы бау-бақша шаруашылығымен айналысатын ұжымдарды, шаруа қожалықтарын сумен қамтамасыз ету болатын. Сонымен бірге ...

Жалғасы »

5 маусым оқиғасына қатысты іс бойынша сот басталды

Ақтөбеде 5 маусым оқиғасына қатысты іс бойынша сот отырысы басталды. 5 маусым күні Ақтөбеде қару-жарақ сататын екі дүкенге және №6655 әскери бөлімге лаңкестік шабуыл жасалған еді. Лаңкестердің қолынан 7 адам қаза тапты, 30-ға жуық адам түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті. Қаза тапқандардың 3-еуі — әскери қызметкерлер. Олардың екеуі отбасылы азаматтар еді, әрқайсысының соңында төрт-төрттен, яғни сегіз бала жетім қалды. Бәрі де ...

Жалғасы »

«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету»: жан-жақты жұмыстар жүргізілуде

Облыста мемлекеттік және салалық бағдарламаларды түсіндіру бойынша жұмыстар одан әрі жалғасуда. Бұл туралы «Ақтөбе-ақпарат» орталығы хабарлады. Хромтау ауданында «Бизнес ортаны дамыту» бағдарламасы бойынша 387 адамды қамтыған 4 шара өтті, 13 адам көмек алды. Хромтау қаласындағы тау-кен техникалық колледжінің акт залында 230 жас жігіттер мен қыздар үшін семинар ұйымдастырылды, онда кәсіпкерлік, кәсіпкердің психологиясы мен табысқа бағдар ұстау дағдылары туралы айтылды. Сондай-ақ ...

Жалғасы »

Айтар арыз-шағымыңыз болса, дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері қабылдауға келіңіз!

Ақтөбе облысының прокуратурасы мемлекеттік органдарға жүгіну институтының тиімділігін арттыруға бағытталған «Арыз-шағым-жұртшылық пікірі» жобасын қолға алды. Жобаны іске асыру барысында облыс әкімдігі мен прокуратурасы, сондай-ақ, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті облыстық филиалы арасында мемлекеттік органдардың іс-әрекеті мен әрекетсіздігіне қатысты өтініштерді қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірлескен өкімге қол қойылды. Ал кеше осы жобаны іске асыру мақсатында облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен халыққа қызмет ...

Жалғасы »