Daily Archives: 17 қазан 2016

Ақтөбеден неге олимпиада жүлдегері шықпайды?

Облыстық әкімдікте өңір спортының дамуы жөнінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен жиын өтті. Жиынға спорт саласының ардагерлері, спортшылар және аудан әкімдері мен осы салаға жауапты мамандар  онлайн режимінде қатысты. Жиында екі мәселе қаралды. Біріншісінде, өңір спортының  дамуы сөз болса,  екіншісінде,   26-30 қазан күндері өтетін гір көтеру спортынан әлем чемпионатына дайындық жұмыстары пысықталды. Аймақ  басшысы  соңғы жылдары облыстың спорттағы жетістіктерінің төмен ...

Жалғасы »

Қызылордалықтар: Ақтөбенің дәмі де, әні де ерекше!

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ КҮНДЕРІ   Сенбі күні Қызылорда қаласындағы Тағзым алаңында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Оған облыстан 120-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысты. Жәрмеңкеге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.  300 тонна өнім: арзан баға және жоғары сапа Бұл күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне келген қызылордалықтардың қарасы көп ...

Жалғасы »

Мемлекеттік қолдаудың жарқын көрінісі

Бизнестің жол картасы— 2020  Облыс әкімінің  орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен облыстық өңірлік  үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңестің қарауына «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау алуға үміткер шағын және орта бизнес тұлғаларының 11 жобасы енгізілді. Бір сүйсінерлігі, кәсіпкерлер кеңеске ұсынған жобалардың көпшілігі екінші деңгейлі банктерден медициналық жабдықтар, автокөліктер, айналым қорын толықтыру үшін алған несиелерінің проценттік мөлшерлемелеріне субсидия ...

Жалғасы »

Ахтанов театры екі автобусқа қол жеткізді

Тұсаукесер Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Т.Ахтанов атындағы драма театрдың үш труппасына іскерлік және гастрольдік сапарларға шығуға ыңғайлы заманауи үлгідегі екі автобусқа қол жеткізуіне мүмкіндік жасады. Сол жаңа автобустардың тұсаукесер рәсімі өтті. Т.Ахтанов атындағы драма театр директорының орынбасары Жандос Еспанбетов: — Өткен жылы облыс әкімі Бердібек Машбекұлы театрға келгенде, көліктеріміздің тозып тұрғанын, алыс-жақын жолдарға шығатын 40 орындық «Икарус» автобусы керектігін айтқан ...

Жалғасы »

300-ге жуық заң бұзушылық анықталды

Жол қозғалысы Ақтөбелік полицейлер «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 300-ге жуық заң бұзушылықты анықтады. Іс-шараның мақсаты —  жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау. Шара аясында жүргізушілердің құжаттары тексерілді, яғни жолаушылар мен жүктерді жүйелі және жүйесіз тасмалдауды жүзеге асыруға рұқсат құжаттарының барлығы, автобустың техникалық жағдайы және олардың бекітілген талаптарға сәйкестігі, автобус жүргізушілерінің рейс алды медициналық және техникалық тексеруден өту құжатының бар-жоғы анықталды. Ақтөбелік ...

Жалғасы »

Үйеңкілер 25 жылдықты бейнелейді

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты «25 қайырымды іс» акциясы аясында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы —  «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті ұжымы тәуелсіздікке тарту ретінде қаланы көгалдандыруға атсалысты. Департамент ұжымы Ақтөбе қаласының сәулетті жеріне «Тәуелсіздікке 25 жыл» деген символикалық жазу түрінде 25 түп үйеңкі ағашының жас көшетін екті. Акцияға ұжым мүшелері ...

Жалғасы »

Жанашыр

Бақыт Имашев десе құлағы елең ете қалатын аудан жұртшылығы ол кісіні аудан тынысы мен тіршілігіне кеңінен қалам сілтейтін жалғыз ардагер журналист ретінде біледі. Ол 1950 жылы Атырау облысы, Исатай ауданы, Бегайдар ауылында дүниеге келген. Сол уақыттағы «Чапаев» кеңшарына қарасты Горький орта мектебін бітіріп, алғаш еңбек жолын 1968 жылы Атырау (бұрынғы Гурьев) қаласындағы балық консерв комбинатында мотороллер жүргізушісі болып бастаған. Мамандығы ...

Жалғасы »

Мәңгілік елдің шапағаты

Руханият  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай С.Бәйішев атындағы  облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы  «Қоғамдық келісім» мекемесімен бірлесіп  «Мәңгілік Ел»  атты мерекелік  кеш  өткізді. Шараға колледж , мектеп оқушылары, оқытушылар және БАҚ өкілдері қатысты. Кеш қонағы, Оңтүстік Корея елінің азаматы, Ақтөбе қаласындағы Седжонг Хан атындағы  кәріс тілі орталығының директоры Сонг Ши Менг: «Қазақстан — әлем таныған  ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны ...

Жалғасы »

Оқырманның қолында — Есенбайдың «ұланғайыры»

Әдеби кеш С.Бәйішев  атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы үстіміздегі жылы «Оқитын  өлке» акциясы бойынша қазақтың көрнекті ақыны,  жерлесіміз Есенбай Дүйсенбайдың «Ұланғайыр» жыр кітабын облыс жұртшылығына ұсынған  болатын. Жақында облыстық кітапхана Байғанин аудандық орталық кітапханасымен бірлесе отырып,  Есенбай ақынның шығармашылығына арнап  онлайн режимінде «Бозторғай жырмен оянған өлке»  атты    әдеби кеш өткізді. Жергілікті ақын-жазушылардың бір шығармасын насихаттау, жастардың отандық әдебиетке, классикаға, қазіргі әдебиет ...

Жалғасы »

Мемориалдық тақта орнатылды

Өнеге  Қазақ КСР білім беру саласының үздігі, ұстаз, күйші Ысқақ Райымбергенұлына арналған мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті. Аталмыш мерориалдық тақтайша өзінің ұстаздық саналы ғұмыры өткен Ақтөбе гуманитарлық колледжінің қабырғасынан ашылды. Бұл игі істің жүзеге асуына жергілікті мәдени қоғамдар, зиялы қауым өкілдері мен ұрпақтары себепкер болған. Шараның ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов сөз сөйледі. — Қазақ халқы шежірелі тарихы ...

Жалғасы »