Daily Archives: 12 қазан 2016

Ойылға көгілдір отын келді!

Ойылдықтар аудан орталығына көгілдір отынның келуін салтанатты жағдайда атап өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының директоры Аманжол Тәжіғалиев, сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты. Газ — Тәуелсіздіктің тартуы! «Ақтөбе облысының елді мекендерін газдандыру және газ тарту жүйелерін жаңғырту» инвестициялық жобасы аясында ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы Ойыл ауданының орталығы Ойыл ауылындағы көшеаралық және жеткізуші ...

Жалғасы »

Мәдениет қызметкерлері марапатталды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Қуатты өңірлер — қуатты Қазақстан» атты Астана қаласындағы Ақтөбе облысы күндерінің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан мәдениет және өнер мекемелері қызметкерлерін марапаттады. Шара облыстық Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония залында өтті. Құттықтау сөзінде облыс әкімі: — Халқымыз өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, рухани байлығы деп бағалаған. Өнерімізді шыңдау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге жігер ...

Жалғасы »

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді. Өңір басшысы қабылдауға жазылған облыс тұрғындарының арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға келгендердің көпшілігін тұрғын үй және жер қатынастары мәселесі толғандырады. Бірқатар ақтөбеліктер белгілі бір мәселелер бойынша нақты негізді ұсыныстар білдірді. Мысалы, осында облыстық білім басқармасы жанынан ақсақалдар кеңесін құру туралы ой айтылды. Қабылдау барысында барлығы 16 өтініш қаралды. Облыс басшысы ...

Жалғасы »

Облыста ауыл шаруашылығы бағытындағы пайдаланылмаған 378,7 мың гектар жер анықталды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы және коммерциялық бағыттағы жерлерді алуды анықтау мәселелері бойынша жиын өткізді. Биылғы жылғы қаңтардан қыркүйек айына дейін аймақта ауыл шаруашылығына арналған жер заңдылығын бұзумен пайдаланылып келген немесе пайдаланылмаған 378,7 мың гектар жер анықталды. Тексеру нәтижесінде 216 құқық бұзушы анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою және 1 жыл ішінде жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізу жөнінде ұйғарым алды. ...

Жалғасы »

Шағын және орта бизнестің қайтарымы қайда?

Бердібек Сапарбаев бизнестің даму қарқынына риза емес. Шағын және орта бизнестің проблемалық мәселелері мен перспективасы облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жиынға мемлекеттік органдардың, даму институттарының, екінші деңгейдегі банкілердің басшылары, кәсіпкерлер қатысты. Облыс басшысы Мемлекет басшысының еліміздің экономикасының басым бағыты ретінде анықталып отырған шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше назар аударып отырғанын атап көрсетті. ...

Жалғасы »

Ақтөбе өнімдері Қызылорда тұрғындарына ұсынылады

Елбасының өңіраралық кооперацияны дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Қызылорда өңірінде өтетін Ақтөбе күндеріне орай мол дайындықтар жасалуда. Осыған байланысты біз облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қаржаубай Ыбырайымұлымен сұхбаттасқан едік. Ол бізге осы шара барысында атқарылатын істер туралы айтып берді. — Ең алдымен, ақтөбелік делегация Қызылордаға барар жолдағы үш ауданның шаруашылықтарында болып, олардың тыныс-тіршілігімен таныспақшы. Мұның өзі өзара тәжірибе алмасуға, бар мен ...

Жалғасы »

Қарғалы су қоймасында кіші ГЭС салынады

Жасыл экономика  «Жасыл экономика» үлгісіне көшу — әлемдік мұрат. Озық технологиялы елдер бұл жолға әлдеқашан түсті. Біріккен Ұлттар Ұйымының  даму бағдарламасы бойынша осы істі бастап жатқан мемлекеттер де жетерлік. Біздің еліміз де бұл мақсатты берік ұстанып отыр. Қазір «Жасыл экономика» үлгісіне ауысу үшін Қазақстанды қолдау жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыттағы сынамалық жобаларға жобалық-сметалық құжаттамалар ұсыну жөнінде 3 техникалық семинар ...

Жалғасы »

Облыста әр гектардан 13 центнерден өнім жиналды

Брифинг  Биылғы жылы облыс диқандары егістік алқабының әр гектарынан 13 центнерден өнім жинады. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Мұндай мол өнім облыста 1991 жылы ғана алынған болатын. «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қаржаубай Ыбырайымұлы журналистерге осындай мәліметті ұсынды. Егін орағы қыркүйек айындағы жаңбырға байланысты шамалы артық уақытқа созылып кетті. Алайда, диқандар ...

Жалғасы »

Аудандарда террорлық іс-қимылға қарсы дайындық қалай?

Баспасөз мәслихаты Астанадан арнайы келген  жұмыс тобы облыс аудандарын аралап, халықпен кездесіп, жеті бағыт бойынша түсіндіру шараларын жүргізіп жүр. Бірі мемлекеттік бағдарламаларды насихаттаса, тағы бірі террорлық іс-қимылға қарсы қалай әрекеттену керектігін түсіндірді. Террорлық әрекетке қарсы дайындықты пысықтайтын, анығы алтыншы бағыт бойынша үгіт-насихат жүргізіп жүрген топ мүшелері жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесті. — Біздің топ алтыншы бағыт бойынша жұмыс жасайды. Мақсатымыз — ...

Жалғасы »

Қоғамдық бірлестік басшыларымен жүздесті

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Қабыл қоғамдық бірлестіктердің басшыларымен кездесті. Жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде елімізде Мүгедектер күні аталып өтіледі. Бұл күннің жариялану мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жандардың толғандырған мәселелеріне назар аудару, адам құқығын сақтау және мүгедектерді қоғам өміріне қатыстыру. Осы мақсатта «Рауан» мейрамханасында қала әкімінің орынбасары мүгедектерді қолдау сұрақтарымен айналысатын қоғамдық бірлестіктердің төрағаларымен  кездесу өткізді. Басқосуда бірлестік белсенділері ...

Жалғасы »