Daily Archives: 10 қазан 2016

Бақытты болғыңыз келе ме?

Ақысыз ақыл  Ақтөбеде ірі кәсіпкер, бірнеше кітаптың авторы Серікбай Бисекеев жастарға бақытқа жетудің жолдарын үйретті. Дей тұрғанмен, ақысыз шеберлік сыныбына қызығушылық танытқандар аз болды. Әңгімесінің әлқиссасын Петерборда өткен қиын-қыстау студенттік өмірінен бастаған іскер азамат бүгінде тасы өрге домалап тұрған халықаралық компаниясын ешкімнің көмегінсіз, өзінің таза еңбегімен құрғанын айтты. Қостанайдың қазағы екенін, бірақ мемлекеттік тілге шорқақтығын бірден мойындаған ол осындай семинарларында ...

Жалғасы »

Облыс әкімі сенбілікке қатысып, құрылыс алаңдарын аралады

Сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов бастаған топ қалада жүргізіліп жатқан құрылыс алаңдарының жұмысымен танысып, бірқатар іс-шараларға қатысты.  «Нұр Ақтөбе»: жаңа су бұрғыш құбыр және емхана  Бақылау рейді «Нұр Ақтөбе» ауданындағы су тарту және жарықтандыру жүйесін қадағалаудан басталды. Жауапты мамандардың айтуынша, жаңадан тұрғын үйлер бой көтеріп жатқан ауданның басты мәселелерінің бірі —  су тарту. Себебі ...

Жалғасы »

5 ауылдық округтің өнімі мен өнері

«Ауыл — еліміздің алтын қазынасы» фестивалі биыл тұңғыш рет Орталық саябақта өтті   Өткен сенбі күні ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Ақтөбе қаласына қарасты ауылдық округтердің «Ауыл — еліміздің алтын қазынасы» атты фестивалі өтті. Ел егемендігінің 25 жылдығына арналған шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Благодар, Қарғалы, Қурайлы, Новый және Сазды ауылдық округтерінің әрқайсысы киіз үй ...

Жалғасы »

«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы: он күннің оңды нәтижелері

Президенттің тапсырмасы бойынша 2016 жылғы 29 қыркүйектен облыста «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылуда. Аймаққа ведомоствоаралық топ келді, оның құрамында 200 маман бар, олардың жартысынан астамы мемлекеттік қызметкерлер емес, негізінен азаматтық сектор сарапшылары, бизнес субъектілерінің, даму институттарының, діни және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері. Тәжірибелі кадрлар іріктеліп алынған. Жоба жүзеге асырылғаннан бері топтар облыстың 45 мың тұрғынын қамтыды. Негізгі бағдар ...

Жалғасы »

Жас сарбаздар әскерге аттанды

Күзгі шақыру  Өткен сенбіде облыстан 36 сарбазды ҚР Қарулы Күштері қатарына әскерге салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Шараға облыстық ішкі саясат, білім және мәдениет басқармаларының өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері мен сарбаздардың ата-аналары жиналды. Биылғы күзгі әскери науқанда өңір бойынша 900-ден астам бозбала Отан алдындағы борышын өтеуге аттанбақ. Олардың алғашқы легі яғни 36 сарбаз Ұлттық Қауіпсіздік комитеті  шекара қызметінің ...

Жалғасы »

Шындық деректері

Тұсаукесер  С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай белгілі публицист Сағат Жүсіптің «Ашаршылық ақиқаты» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл кітапқа құпия мұрағаттарда толық ашылмай, терең зерттелмей, тиісті саяси бағасы берілмей келе жатқан, нақты кейіпкерлері өмірден өткен 1918-1922 және 1931-1933 жылдардағы қазақ ашаршылығы жайлы әртүрлі дерек көздерінен алынған мәліметтер мен естеліктер кірген. Қызылорда қаласынан келген белгілі өлкетанушының ...

Жалғасы »

Террорлық әрекетке қарсы дайындық пысықталды

Облысымызда Астанадан арнайы келген  жұмыс тобы халықпен кездесу өткізіп, жеті бағыт бойынша түсіндіру шараларын жүргізіп жүр. Кеше алтыншы бағыт бойынша жұмыс істейтін, анығы, террорлық әрекетке қарсы дайындықты пысықтайтын топ Ақтөбе базарларын аралап, жағдайды өз көздерімен көрді. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің өкілі Кенже Салықов бастаған мамандар әуелі «Арай» базарының әкімшілігінде жұмысшылармен кездесті. — Біздің жұмыс тобы бір ай бойы, ...

Жалғасы »

Бизнес бастаушыларға қолдау көрсетті

Ақтөбе облысына Астанадан келген мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының өкілдері араласқаннан кейін шалқарлық кәсіпкердің тәркіленген мүлкіне қатысты проблема шешілді. Қазір жұмыс тобының мүшелері «Кәсіпкерлік саласын дамыту» бағыты бойынша аудандарды аралап жүр. Жергілікті тұрғындар және кәсіпкерлермен кездесіп, бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік саясатты түсіндіруде. Бұған дейін Мұғалжарда болған топ мүшелері өткен демалыс күндері Шалқар ауданына барды. Бірқатар бизнес нысандарында болып, ...

Жалғасы »

«Жұлдызды Жұмекен» кітабының тұсаукесері өтті

Жұма күні Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда философия ғылымдарының докторы, академик, жазушы Ғарифолла Есімнің «Жұлдызды Жұмекен» атты кітабының тұсаукесері өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты. Кітаптың тұсаукесері облыстық филармонияның камералық хорының орындауындағы «Киелі Отан» әнімен басталды. Шараны облыстық «Ақтөбе» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы жүргізіп отырды. Кеште «Жұлдызды Жұмекен»» кітабының авторы Ғарифолла Есім оқырмандарға өз кейіпкері жайлы әңгімелеп, жылы лебізін ...

Жалғасы »

Қазақтың Құлымбетовін ескерусіз қалдырғанымыз қалай?..

… кезінде Ұзақбай Құлымбетовке қатысты сан қилы пікірлер айтылғанмен, бүгінгі тарихшылар ол туралы бірауыздан: «Кеңестік жүйеге қызмет етті, коммунистік идеологияның қайраткері еді десек те, қазақ халқына барынша адал болған, елжанды тұлға», — деген тоқтам жасап отыр. Ол — ауыл мұғалімінен республика басшысына дейінгі үлкен жолдан өткен, ХХ ғасыр басындағы аса маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің басы-қасында болып, халқына сол өзгерістердің мейлінше пайдалы ...

Жалғасы »