Daily Archives: 7 қазан 2016

Ағылшындар бар-жоғы бір гол соқты

Еуропа чемпионаты  Ақтөбе жанкүйерлері бейсенбі күні зор футбол мерекесін тамашалады. Бұрын Астанада немесе Алматыда өткізіліп жүрген халықаралық кездесулер енді Ақтөбеге келді. Біздің шаһарымыздың жанкүйерлері еліміздегі ең қызуқанды, ең жанашыр көрермендер екендігін жақсы білетін облыс басшылығы қалалықтарға, олар ғана емес, жалпы облыс тұрғындарына осындай мереке сыйлады. Бұл сыйды жерлестеріміз ыстық ықыласпен қабылдады. Стадионда ине шаншар жер қалмай, жас футболшыларымызға 90 минут ...

Жалғасы »

Алдағы 3 жылда Ақтөбе қаласында 15 мектеп салынады

«Ұстаз — ұлы мәртебе». Осындай атпен  Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында Ақтөбе қаласындағы мұғалімдерге арналған салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Сондай-ақ, білім беру мекемелерінің басшылары, педагогтер, ардагерлер, депутаттар, кәсіпкерлер жиналды. Алдымен сөз алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мемлекет тарапынан еліміздің білім саласына қай кезде де ерекше қолдау, көмек көрсетіліп жатқанын тілге тиек етті. — Елбасы Нұрсұлтан ...

Жалғасы »

Облыс әкімі ардагерлермен кездесті

Халықаралық қарттар күніне орай облыста алдыңғы буын өкілдеріне құрмет-ілтипат көрсету шаралары одан әрі жалғасын табуда. Кеше Ақтөбе қаласындағы «Салтанат сарайы» мейрамханасында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бір топ ардагерлермен мерекелік дастарқан басында кездесті. — Мынау тіршілікте, жалпы қоғамда сіздердің алатын орындарыңыз ерекше. Сіздер Ақтөбе өңірінің дамуына, еліміздің егемендігі үшін айрықша еңбек сіңірдіңіздер. Сіздерді біздің алтын қазынамыз деп есептейміз. Сондықтан да ақыл-кеңестеріңіз, ...

Жалғасы »

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар күшейтіле түспек

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен сыбайластыққа қарсы ықпал ету мәселелері бойынша және құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссиялардың бірлескен мәжілісі өтті. Жиында Мемлекет басшысының сыбайластыққа қарсы ықпал ету, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қорғау жөніндегі тапсырмаларының орындалу жайы, облыстық ішкі істер департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы мәселелер қаралды. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығы хабарлады. Облыс әкімі бизнестің дамуының барлық кезеңінде ...

Жалғасы »

Бизнеске оқыту жөніндегі бағдарлама сәтті басталды!

 Бизнеc  Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовпен кездесті. Аймаққа жұмыс сапарымен келген Абылай Мырзахметов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен ауыл бизнесін дамытуға байланысты жұмыстарды күшейтуге мүмкіндік беретін бірқатар мәселелерді талқылады. — Біздің облыста бизнесті дамыту үшін ең тиімді шаралар алынуда. Шағын және орта бизнес өкілдері мемлекеттік бағдарламалардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланып отыр. Аймақта 60 мыңға жуық кәсіпкерлік ...

Жалғасы »

«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы: сегіз күнде 45 мың адам қамтылды

Сегіз күн ішінде «Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы бойынша облыста 45 мың адам қамтылды. Кеше облыс әкімшілігінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен жұмыс тобы штабының кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Бұл жөнінде «Ақтөбе ақпарат» орталығы хабарлады. — Осы уақыт ішінде азаматтарды жеке қабылдау жүйелі түрде жүрді, бұл жұмыс прокуратурада да ұйымдастырылды. Мұндай кездесулер өте пайдалы, себебі адамдар өздерін мазалаған мәселелерді қозғайды, ...

Жалғасы »

Бағдарламалардың орындалуы қалай?

Мәслихат  Облыстық мәслихаттың депутаты Әпуажан Төлегенованың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Комиссия отырысына облыс әкімінің орынбасары Асқар Биахметов, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, сондай-ақ тұрақты комиссияның мүшелері мен депутаттар, басқарма басшылары қатысты. Отырыста облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рузия Айдашева облысты дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу және ...

Жалғасы »

Сайлау: 12 кандидат, 26 комиссия

Брифинг  Бейсенбі күні «Ақтөбе ақпарат» орталығында облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Күнбаеваның қатысуымен брифинг өтті. Брифингте 2 қыркүйек-4 қазан аралығында өткізілген мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу бойынша жүргізілген іс-шаралар баяндалды. — Шығып қалған азаматтардың орнына мәслихат депутаттарын сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 101-бабының 4-тармағына сәйкес, жылына екі рет, яғни наурыздың соңғы жексенбісі мен қазанның соңғы жексенбісінде өтеді. ...

Жалғасы »

Астаналық дәрігерлер ауданда ота жасады

Облысқа келген жұмыс тобының мүшелері мемлекеттік және салалық бағдарламаларды түсіндіру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Аталған бағдарламаларға сәйкес Шалқар және Мұғалжар аудандарында ауқымды жұмыстар атқарылды. Кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүргізген жұмыстарының нәтижесінде жұмыс тобының мүшелері Шалқар  ауданында 100-ге жуық жергілікті тұрғын қатысқан  2 шара өткізді. Жеті адамға көмек көрсетілген. Сапар аясында 50 ауылдық округте  дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылып, мемлекеттік қызметкерлермен, Шалқар қаласының тұрғындарымен ...

Жалғасы »

500 адам медициналық тексерістен өтеді

Республикалық топтың құрамындағы медицина саласының мамандары жергілікті тұрғындардың денсаулығын тексерді. Сапар барысында астаналық мамандар аудандық орталық ауруханада дәрігерлермен, медицина саласының қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде аудан әкімі Мавр Абдуллин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында халық денсаулығы мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып белгіленгенін атап, өңірге Астана мен Алматы қалаларынан және облыс орталығынан жергілікті тұрғындардың денсаулығын тексеріп, көмек көрсету үшін «Денсаулық» медицина пойызымен бір ...

Жалғасы »