Daily Archives: 5 қазан 2016

Екі елдің Президенттері Бердібек Сапарбаевтың үш ұсынысын мақұлдады

Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының ХІІІ өңіраралық форумында Бердібек Сапарбаев екі мемлекет басшыларының алдында жедел шешуді талап ететін бірқатар мәселелер туралы айтты. — Екі елдің сауда-экономикалық қатынастары деңгейін көтеру және «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық дәлізін толық қуатында пайдалану мақсатында біз Ресей Федерациясы басшылығынан аталған автожол құрылысының  Орынбор облысы тарапындағы бөлігін аяқтауды  тездетуді сұраймыз. Бұл — бірінші мәселе. Екіншіден, Ақтөбе ...

Жалғасы »

Облыстық балалар ауруханасына 40 млн теңгенің гранты берілді

Ақтөбеде үш күнге созылған халықаралық эндоскопиялық хирургияның VI құрылтайы қорытындыланды. Салтанатты шарада  соның аясында атқарылған бірқатар жұмыстардың игіліктері айтылып, сала үздіктерін облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов марапаттады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, бұл — аталған сала мамандарының кәсіби біліктілігінің өсуіне, жалпы Ақтөбедегі медицинаның дамуына сеп болатын бірден-бір ауқымды шара. Съезд аясында әртүрлі деңгейдегі эндоскопиялық, яғни пышақсыз 35 ...

Жалғасы »

Зардап шеккендер саны — 2036

Брифинг Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық инспекциясы мен облыстық ветеринарлық басқарма өкілдерінің бастамасымен «Құтырма ауруының алдын алу» атты тақырыппен брифинг өтті. Басқосуға қатысқан ветеринарлық станцияның директоры Қадырбек Миркашев, Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев, облыстық ветеринария басқармасының ветеринариялық шараларды талдау және ветеринариялық есеп бөлімінің басшысы Иса Базаровтар құтырма ауруының ...

Жалғасы »

«Олардың мақсаты — үрей туғызу»

«Латын тілінен аударғанда, «террор» сөзі үрей, қорқыныш дегенді білдіреді, ал торроршылардың басты мақсаты — жұртшылықты үрейде ұстау, қорқытып-үркіту» — дейді астаналық ғалым Алмат Нұрадинов. Дүйсенбі күні облыстық «Руханият» музейінде Астана қаласынан келген ғалымдардың қатысуымен мұғалімдерге арналған семинар өтті. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, психология ғылымдарының кандидаты Алмат Нұрадинов мұғалімдерге жастардың теріс ағымдар ықпалына түскенін неғұрлым ертерек анықтаудың жолдары ...

Жалғасы »

Дін және зайырлылық

Облыс тұрғындарына мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында келген жұмыс тобы құрамында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30-дан астам маманы бар. Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов пен ҚМДБ аппаратының жетекшісі Ғалымбек Мәжиевтің, сондай-ақ, Дін мәселелерін талдау және зерттеу орталығының бөлім басшысы, белгілі заңгер-шариғатшы Мұхан Исаханның қатысуымен «Дін және мемлекет» тақырыбында семинар ...

Жалғасы »

Ащысайдың су жүйесі жаңартылады

ҚР Ұлттық Экономика вице-министрі Айдар Әріпханов бастаған республикалық ведомствоаралық жұмыс тобының өкілдері ауданға келді. Олар елімізде кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны жан-жақты түсіндіру шарасы аясында аудан кәсіпкерлерімен кездесулер, дөңгелек үстел, семинар-тренингтер мен шеберлік сабақтарын өткізді. Жастарға арналған бизнес-тренинг сабақтары да ұйымдастырылды. Кездесу барысында ҚР Ұлттық Экономика вице-министрі А.Әріпханов «Кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны жалпы таныстыру» бойынша мәлімдеме жасады. — Кәсіпкерліктің ...

Жалғасы »

Алғада 115 адам шағын несие алды

Қазір құрамына он бір министрліктің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Терроризмге қарсы  республикалық орталықтың, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің,  Қазақстан халқы Ассамблеясының, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы мен өзге де үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар жұмыс тобы белгілі бір уақыт аралығында жергілікті тұрғындармен кездесулер, семинарлар өткізіп, мемлекеттік бағдарламаларды халыққа кеңінен түсіндіріп жүр. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ...

Жалғасы »

Ақпараттық технологияны дамыту — заман талабы

Республикалық жұмыс тобының мүшелері аудан әкімдігінің мәжіліс залында ақпараттық жұмыс бойынша өз істерін бастап кетті. Жиында аудан әкімі Бауыржан Қаниев мамандардың жұмысына сәттілік тілеп, жергілікті тұрғындарды мүмкіндігінше көкейде жүрген сауалдары мен ұсыныс-пікірлерін ашық айтуға шақырды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ербол Нұрғалиев республикалық жұмыс тобының алға қойған мақсат-міндеттеріне тоқталып, бір айға жоспарланған жұмыстардың негізгі бағыттары турасында айтты. Облыстық телехабар тарату ...

Жалғасы »

Мемлекеттік инспектор қабылдайды

2016 жылғы 14 қазанда сағат 15.00-де «Нұр Отан» партиясы Ырғыз аудандық филиалының (Ә.Жангелдин көшесі, 27) қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Шалқар Заманбекұлы Байбеков азаматтарға жеке қабылдау жүргізеді. Анықтама телефоны: 8 (71343) 21-8-12.         

Жалғасы »

Бизнес және бағдарлама

Мемлекеттік бағдарлама Түйе өсіру — мал шаруашылығының дәстүрлі салаларының бірі. Кәсіп бастауды енді ғана қолға алған Еділжан Елеуов мемлекеттік бағдарламаның көмегімен мал шаруашылығының ішінде түйе өсіруге ерекше көңіл бөліп отыр.    Түйе бағу —  тиімді іс Еділжан Елеуов — Ырғыз өңірінің тумасы. Жасы жиырманы енді ғана алқымдаған жас жігіттің алдына қойған жоспарлары көп. «Құласаң нардан құла» демекші, ол  майда-шүйдеге емес, ...

Жалғасы »