Daily Archives: 3 қазан 2016

Прокуратураның «жедел желісі» жұмыс істейді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы 29 қыркүйектен бастап  Ақтөбе қаласында  және облыстың бірқатар аудандарында орталық мемлекеттік органдар мен сараптамалық қоғамдастықтың 200-ден астам маманынан құралған топ жұмыс жасауда. Топ облыс тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық және экономикалық саладағы мәселелерін шешумен айналысуда. Топтар аудандарда болған уақытта әртүрлі мәселелер бойынша күн сайын азаматтарды қабылдау жүргізуде. Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары өздерінің сұрақтары бойынша Ақтөбе облысы прокуратурасының ...

Жалғасы »

Көрген де арманда, көрмеген де арманда!

Өткен жексенбі күні Астанадағы Конгресс-холл залында өткен гала-концертте «Қуатты өңірлер — қуатты Қазақстан» атты Ақтөбе облысының күндері қорытындыланды. Оған ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова бастаған құрметті меймандар — министрлер, депутаттар, әкімдер мен астаналықтар қатысты. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов, Парламент Сенатының депутаты Елеусін Сағындықов, облыс әкімі ...

Жалғасы »

Ақтөбе зиялыларын қабылдайды!

Ақтөбеде «Жұбанов орталығы» салынады, «Ақтөбе жерлестерін шақырады» атты жоба қолға алынбақ. Бұл туралы Астанадағы Ақтөбе күндері аясында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Астанада тұратын ақтөбелік зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде айтылды. Оған ақын-жазушылар, суретшілер, журналистер, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар шақырылды. Шығармашыл тұлғалардың туындылары — тарих, ертеңгі ұрпаққа үлгі, өнеге. Сондықтан әр ұлттың рухани дамуында шығармашыл тұлғалардың, зиялы қауымның ролі зор. — Сіздер Ақтбенің атын ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Еңбек жолдарыңызды Ақтөбеде бастасаңыздар, билік сіздерді тек қолдайды

Өткен сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғимаратында Астанада оқитын ақтөбелік 600 студентпен кездесті. Басқосу барысында білім-ғылым, жастарға жасалатын жағдай, өңірдің осы салаға қатысты жаңалықтарынан бөлек, басшы мен күйеу баланың қандай болу керектігі, қару-жарақ дүкендеріндегі қауіпсіздік мәселелері мен Ақтөбе халқының саны қайтсе миллионға жететіні төңірегінде сұрақ-жауаптар болды. Әңгімені Қазақстанның Тәуелсіздік алған 25 жылындағы жетістіктері, Мемлекет ...

Жалғасы »

Ақтөбе жастарды күтеді!

Астанадағы Назарбаев университетінің студенттерімен кездескен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жастарды оқу бітірген соң Ақтөбені көркейтуге шақырды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойына арналған Астанадағы Ақтөбе күндері аясында өңір басшысы  Назарбаев университетінде оқып жатқан студенттермен кездесті. Жастарды аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырып, пікір алысты, сұрақтарға жауап берді. Қазір Астананың жоғары оқу орындарында 700-ге жуық ақтөбелік оқып жатыр, оның 168-і Назарбаев университетінің студенттері. — ...

Жалғасы »

Елордалықтар: Ақтөбенің дәмі ерекше!

1-2 қазан күндері Астана қаласында жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтары өнімдерінің дәстүрлі жәрмеңкесі өтті. Бұл — Астанадағы «Қуатты өңірлер — қуатты Қазақстан» атты Ақтөбе облысының күндері аясында ұйымдастырылған шара. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.  «400 тонна азық-түлік әкелінді» Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, бас қаладағы «Хан шатыр» ойын-сауық кешенінің алаңында орын тепкен ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қарай асыққандардың қарасы көп болды. ...

Жалғасы »

Ақтөбе жауһарлары — Астанада

Астанадағы Ақтөбе күндері аясында облыстық өлкетану музейі астаналықтарға бірнеше көрме өткізді. Соның бірі ҚР Әскери-тарихи музейге қойылған «Ақтөбе — қаһармандық дастаны» атты көрме. Мұнда 130-ға жуық жәдігер қойылған. «Көрме мақсаты — қазақ жеріндегі, соның ішінде Кіші жүздегі атақты батырлар, атақты тұлғалар мен қайраткерлердің өмірін насихаттау және олардың батырлық дастанын, өмір жолын таныстыру», — дейді музейдің бөлім меңгерушісі Айбек Ертеміров. Музейден ...

Жалғасы »

«Алақайдың» Астаналықтарға тартуы

Астанадағы Ақтөбе күндеріне облыстық «Алақай» қуыршақ театры да қатысты. Өнер ұжымы кішкентайларға ең үздік деген қойылымдарын сахналады. «Алақай» театры 26-30 қыркүйек күндері гастрольдік сапармен елордадағы Балалар үйіне, мектепке дейінгі ұйымдарына барды. Онда артистер өздерінің «Ғажайып қуыршақтар әлемі» атты спектаклі мен «Жадырашы, жайнашы, достарым!» шоу-бағдарламасын ұсынды. Мақсат — кішкентай көрермендерге қуаныш сыйлау. — Біздің негізгі міндетіміз — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ұл-қыздарға ...

Жалғасы »

Елімізде бірінші рет Ақтөбеде 3D технологияны пайдалану арқылы ота жасалды

Елімізде бірінші рет Ақтөбеде 3D технологияны пайдалану арқылы бауыр ауыстыру отасы жасалды. Әлемнің дамыған, мықты деген елдерінің көбінде аталған жаңа инновациялық әдіс бойынша ота жасалмапты. Жалпы, Ақтөбеде екі күн бойы 8 шеберлік класы өткізіліп, 35 күрделі ота жасалады. Қазанның 2-сінен бері Ақтөбеде «Қазақстан эндоскопиялық хирургтері ассоциациясының» VI халықаралық съезі өтіп жатыр. Аталған шара қазанның 6-сына дейін жалғасады. Жиынға еліміздегі білікті ...

Жалғасы »

Пробация қызметінің келешегі қандай?

Талқы Облыс әкімдігінде «Пробация туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заң жобасы талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Асқар Шерияздановтың қатысуымен өткен дөңгелек үстел басына қылмыстық-атқару жүйесінің, жергілікті атқарушы органның өкілдері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жиналды.    Дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырудағы мақсат — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» бағдарламасының 33-қадамын іске асыру аясында елімізде «Пробация туралы» және «Қазақстан Республикасының ...

Жалғасы »