Daily Archives: 12 қыркүйек 2016

Республикалық театрлар фестивалі басталды

Ақтөбеде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Т.Ахтанов атындағы драма театрда  Қазақстан драма театрларының ХХІV республикалық фестивалі салтанатты түрде ашылды. Оған Астана, Алматы қалаларынан, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген барлығы 8 театр қатысуда. Бұл дәстүрлі фестиваль 2013 жылы Қазақстанның халық жазушысы, драматург  Т.Ахтановтың  90 жылдық мерейтойына орай Ақтөбеде өткен болатын. Бұл жолы да таңдау Ақтөбеге түсіпті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ...

Жалғасы »

Басты мақсат — сыбайластықтың жолын кесу

Жемқорлыққа жол жоқ!  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-қимыл шаралары, Әдеп кодексі талаптарын сақтауы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мемлекеттік аумақтық органы ретінде, ең алдымен азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және департамент қызметіне азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған. Департамент мемлекеттік қызметтер көрсетуде ...

Жалғасы »

Ақтөбе қаласындағы Қарғалы ауданының күндері

«Туған жерім — нұрлы елім»: Өткен аптада Ақтөбе қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Туған жерім — нұрлы елім!» атты акция аясында Қарғалы ауданының күндері өтті.  «Кішкентай Швейцарияның» балығы   Сенбіде қарғалылықтар «Табыс» коммуналдық базарында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырды. Осы жерде бізге Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Блиев жәрмеңкеге қандай өнімдер әкелгендерін айтып берді. — Бүгінгі жәрмеңкеге ауданымыздағы 8 ...

Жалғасы »

«Туған өлкем — тұнған шежіре»

 Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Ақтөбедегі Қарғалы ауданы күндері аясында Ақтөбе облыстық өнер музейінде Қарғалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Туған өлкем — тұнған шежіре» атты тарихи-этнографиялық көрме өтті. Қарғалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің  ғылыми қызметкері Бағдат Омарбеков: — Қарғалы ауданының тарихымен және осы өңірден шығатын пайдалы қазбаларды таныстыруды мақсат еткен көрмеге Қарғалы ауданының тарихына қатысты 60-қа жуық жәдігер қойылды. Этнографиялық бөліміне ...

Жалғасы »

Ақтөбеліктер құрбан айт мерекесін тойлап жатыр

Мұсылмандардың ең ұлық мерекесі Құрбан айтты ақтөбеліктер де ерекше ықыласпен тойлап жатыр. Кеше, мейрамның алғашқы күні облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне жиналған адам қарасы көп болды: шамамен бес мыңнан астам жамағат айт намазын оқып, дұға, тілектерін тіледі.  «Нұр Ғасыр» орталық мешітіне келген облыс әкімінің орынбасары Асқар Шериязданов жұртшылықты облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан құттықтап, ақ тілек, жылы лебізін білдірді. — ...

Жалғасы »

Бастауыш ұйым беделі

Ардагерлер  Ақтөбе қалалық ардагерлер ұйымы құрылғаннан бергі 30 жыл ішінде қарттармен жұмыс істеудің мол тәжірибесін жинақтады. Қалалық ұйымның басты бағыты ардагерлердің бастауыш ұйымдарының жұмысын жақсартуға, олардың өзара байланысын нығайтуға арналды. Соның нәтижесінде бүгінгі күні бастауыш ұйым саны 86-ға жетіп, қарттарды мазалайтын мәселелер жергілікті жерлерде шешімін тауып жатыр. Бастауыш ұйымдар төрағалары негізінен беделді адамдардан, бұрынғы партия, кеңес және комсомол қызметкерлерінен сайланған. ...

Жалғасы »

Елбасы құттықтады

Астанада «Әзірет Сұлтан» мешітіне таңғы намаз аяқталған бойда келген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәждеге жығылғаннан кейін мұсылман қауымына құттықтау тілегін жеткізді. «Құрметті мұсылман қауым! Бүгін Жер шарындағы бүкіл мұсылмандар қауымы қасиетті мереке — Құрбан айтты атап өтіп жатыр. Бұл діннен де, ата-бабамыздан да дәстүр алып келе жатқан Алланың, Пайғамбарымыздың қалдырып кеткен өсиеті. Құрбан айт кезінде қазақ жұрты мейірбандық, туыстық, таныстық, ...

Жалғасы »

Мемлекет қаржысы қалай игеріліп жатыр?

Жақында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Олар: Ұлттық қордан бөлінген қаржының жұмсалуының заңдылығын бақылау және облыстағы кәсіпкерлікті қорғау. Алдымен облыстық қаржы басқармасының басшысы Алтын Дәулетованың баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, біздің облысқа Ұлттық қордан жалпы 19 979,1 миллион теңге бөлінді. Мұның ішінде 15 845,1 миллион теңге — «Нұрлы ...

Жалғасы »

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: Әрбір отбасына бейбітшілік пен келісім, амандық және құт-береке тілеймін!

Қымбатты қазақстандықтар! Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Жасампаздықтың, ізгілік пен мейірбандықтың нышаны болған осынау жарқын мереке адамдарды қайырымдылық пен жанашырлыққа үндейді.  Ол қазақстандықтардың жүрегіне жақындарына деген сүйіспеншілік ұялатады, адамгершілік құндылықтарды нығайта отырып, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасауға жетелейді және рухани дәстүрлерге баулиды. Қазақстан табысты дамыған 25 жылда Құрбан айт шын мәнінде Ел бірлігі мен қоғамдағы конфессияаралық келісімді нығайта түсуге ...

Жалғасы »

Құрбан айт: кемшілікке — кешірім…

Тарихы Құрбандық — үлкен тарих, ұлы ғибадат. Құрбан айт мерекесі тарихының тамыры сонау Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар заманынан бастау алады. Құрбан шалу — пайғамбарлар атасы Ибраһимнің (ғ.с.) сүннеті. Алайда, құрбандық дəстүр кейінгі мұхаммади үмбетке де мұра болып қалды. Себебі, Адам (ғ.с.) атадан бастап ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дейін барлық пайғамбарлар діні — біреу. Ол ханиф — ...

Жалғасы »