Daily Archives: 9 қыркүйек 2016

Зүбәржат, жақұт, лағыл, інжу… тойлар

Отбасы күні  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі  отбасын құрғандарына 55, 45, 40, 30 жыл толған отбасылық жұптарды мейтойларымен құттықтап, сый-құрмет көрсетті. Елімізде 4-ші рет тойланғалы отырған Отбасы күніне орай қалалық АХАТ бөлімі биыл тағы да ұзақ жылдар бойы тату-тәтті өмір сүріп, бүгінде өсіп-өніп отырған үлгілі отбасылардың бақытын көпке  үлгі-өнеге ету, отбасылық құндылықтарды насихаттау  мақсатында мерейтой  иелерін ...

Жалғасы »

Отбасы — ұлттың тірегі

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Отбасы күніне орай «Тәрбие бастауы — отбасында» атты кездесу кеші  өтті. Шараға өз отбасындағы өнегелерімен үлгі болып отырған  Т.Ахтанов атындағы  облыстық драма театрының режиссері Мағзом Бақытжанов пен оның зайыбы, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан және Қырғызстан республикаларының мәдениет қайраткері, драма театрдың актрисасы Шалқия  Бақытжанова, қырық жылдан астам еңбек еткен ерлі-зайыпты ардагер ұстаздар ...

Жалғасы »

Ән тербеген жүрек

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып Ырғыз аудандық Мәдениет үйінде   әуесқой әнші Асылгүл  Бердалиеваның  «Ән тербеген жүрек» атты өнер бенефисі өтті. «Тағдыр. Тауқымет. Парыз» айдарымен ұсынылған  өнер  бенефисінің кейіпкері Асылгүл Бердалиеваның  мамандығы — тіс дәрігері. 1996 жылы Ақтөбе  қаласындағы мединститутты бітіріп, тіс дәрігері мамандығын алып келген Асылгүл еңбек жолын аудандық емханада тіс дәрігері болып бастаған, бірақ кенеттен келген тағдырдың ауыр соққысы ...

Жалғасы »

Айт мерекесіне қосымша автобустар енгізіледі

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласы әкімдігі осы мерекеге тиесілі мәселелерді жүзеге асыруға тиісті жағдай жасау мақсатында төмендегі іс-шараларды қабылдады: 2016 жылғы 12 қыркүйекте Тілеу батыр — Нұр Ғасыр мешіті — Мал базары жаңа уақытша (1 күнге) автобус бағдары іске қосылады. Аталмыш бағыттағы жүру құны 55 теңгені құрайды. Бағдар Тілеу батыр (Спутник) аялдамасынан басталып, Мал базарына дейін барып, содан соң ...

Жалғасы »

Шағын базарлардың саны артады

Мәслихат Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның өткен жылғы және биылғы 8 айдағы жұмысы туралы есебі қаралды. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, сондай-ақ, мәслихат депутаттары мен сала мамандары қатысқан жиында «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма басшысының міндетін атқарушы ...

Жалғасы »

Билік пен бизнес: ортақ мәселелерді шешеді

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановпен ашық әңгімелесу үлгісінде кездескен кәсіпкерлер қалаға қатысты бірқатар мәселелерді алға тартты. Бұл кездесу қалалық әкімдік пен облыстық кәсіпкерлер палатасы бірігіп бизнестің күрделі мәселелерін талқылау, оның шешілу жолдарын қарастыру әрі кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің одан әрі даму жоспарларын айқындау мақсатында өтті. Қала басшысының кәсіпкерлермен кездесуі «Атамекен» мейрамханасында ұйымдастырылды. Қала әкімінің айтуынша, қалалықтар, оның ішінде кәсіпкерлер қаланың қоғамдық-әлеуметтік ...

Жалғасы »

Зульфия Ғабидуллина — Паралимпиада ойындарынның чемпионы

Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарында қазақстандық суда жүзуші Зульфия Ғабидуллина алтын медаль жеңіп алды. Ол 100 метр қашықтықта еркін жүзуден сынға түсіп, әлем рекордын жаңартты. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Зүлфия Ғабидуллинаға Паралимпиада ойындарындағы жеңісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы барша қазақстандықтар атынан З.Ғабидуллинаны алған алтын медалімен құттықтады. «Сен ел тарихында Паралимпиада ойындарындағы тұңғыш медальға қол жеткізіп, халқымыздың мерейін арттырып, зор қуанышқа ...

Жалғасы »

Айт мерекесіне әзірлік пысықталды

Құрбан айт күні Ақтөбедегі мешіттер маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылады. «Нұр Ғасыр» мешіті ауласында — 8, ал қалалық орталық мешіт ауласында екі киіз үй тігіліп, мерекелік дастарқандар жайылады, сондай-ақ, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі. Бұл туралы бейсенбі күні Құрбан айт мейрамына әзірлік барысын пысықтау үшін қалалық әкімдікте өткен жиында айтылды. Жиынға қала әкімі Ілияс Испанов төрағалық етті. Мерекелік шараларды ұйымдастырумен қатар, ...

Жалғасы »

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді әлемнің барша мұсылман қауымының аса қасиетті мейрамы, татулық пен тұрақтылықтың мерекесі — Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт — достық пен бауырластықтың алтын арқауына айналған, адамгершілік құндылықтарды қадірлеп, төзімділікті уағыздайтын ізгілік мерекесі. Ол конфессияаралық келісімнің бір тетігі ретінде ел тарихында маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында елімізде діни татулық, этносаралық келісім орнықты. Қазақ елін мекен ...

Жалғасы »