Daily Archives: 7 қыркүйек 2016

Сыйлықтың басы — тәртіптік жаза, соңы — қылмыстық іс

Мемлекеттік қызмет  Өткен аптада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Қайыржан Тоқышев бастаған топ өз сапарын Саралжын ауылының тұрғындарымен кездесуден бастады. Ауыл мектебіндегі кездесуге жиналған тұрғындар алдында баяндама жасаған ол соңғы жылдары қолданысқа енгізілген заңдарға талдау жасап, нақты мысалдармен ұғынықты түсіндірді. Мемлекеттік қызметкерге қойылар талап пен оның имиджі туралы және көрсетілетін ...

Жалғасы »

Ержан — үздік жас маман

Байқау  «Еңбек жолы» республикалық байқауының аймақтық кезеңі бойынша Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жұмысшысы жеңімпаз атанды. Ол — «Үздік жас маман» номинациясы бойынша бірінші орын алған Ержан Есенбаев. Оның Ақтөбе феррорқорытпа зауытында жұмыс жасағанына небәрі төрт жыл болған. Металлургия саласында жұмыс жасау оның бала күнгі арманы еді. Жоғары оқу орнын үздік бітіріп, зауытқа жұмысқа орналасты. Екі жыл балқытушы болды. Өндіріс шебері деген ...

Жалғасы »

Ақтөбе қаласында өтетін Темір ауданының күндері аясындағы мерекелік іс-шаралар бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «ТУҒАН ЖЕРІМ — НҰРЛЫ ЕЛІМ» атты Ақтөбе қаласында өтетін Темір ауданының күндері аясындағы мерекелік іс-шаралар бағдарламасы  16 қыркүйек 2016 жыл 10.00 — «Тарихи тұлғаларға тағзым». Ақтөбе  қаласындағы Сәңкібай батыр, Н.Байғанин, Ж.Кереев, С.Бәйішев ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою. 15.00 — С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Туған  өлкем — Темірім» атты Темір ауданынан түлеп ұшқан ғылым-білім, ...

Жалғасы »

Ниетіңіз қабыл болсын!

Құрбан айт  Ақтөбе қаласы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын Исламның басты мерекесі — Құрбан айтпен құттықтайды. Бұл — мұсылмандардың ұлық мерекесі. Айт күндері құрбандыққа мал шалынып,  адамдар мейлінше көтеріңкі көңіл күйде болады,  кешірімді болуға тырысуы керек. Биылғы жылы Құрбан айт мерекесі 12 қыркүйекте тойланады және бұл күн демалыс ретінде жарияланып отыр. Өйткені бұл күндері ниет еткендердің барлық діни рәсімдерді орындауына ...

Жалғасы »

Ақтөбе мен Алматының арасы жақындай түсті

Ақтөбе облысы мен Алматы қаласы арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың қорытынды жиыны «Капитал плаза» бизнес орталығында өтті. Басқосуды ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов бастаған делегация мүшелерінің қадамдарына сәттілік тіледі.      — Біз сыртқы ғана емес, ішкі де кооперацияларды жүйелі түрде дамытуымыз керек. Елбасының тапсырмасына орай осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осының алдында біздің кәсіпкерлер Алматы қаласында ...

Жалғасы »

Ақтөбенің өсімдік майы мен бұқтырылған етіне сұраныс бар

  Алматылық кәсіпкерлердің бір тобы Ақтөбе қаласының №41 разъезі аумағында орналасқан екі кәсіпорынның жұмысымен танысты. Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев оларға ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, өткізу жұмыстарына қатысты қысқаша мәлімет берді. Жоғары сапалы өсімдік майын шығаратын «Ақтөбе Фудс» компаниясының негізі 2002 жылы қаланды. Содан бергі он төрт жылдай уақыт ішінде бұл кәсіпорын басшылығы үш рет ауысты. Алғашқыда шаруаны қолға алған ...

Жалғасы »

Ақтөбеге Алматылық кәсіпкерлер келді

Брифинг  Ақтөбеге 31 адамнан құралған алматылық делегация келді. Делегация құрамындағылардың дені — бизнес өкілдері. Мақсат — қазақстандық мазмұнды арттыру саласындағы аймақаралық бизнес  ынтымақтастықты нығайту, отандық өнім көлемін ұлғайту.  Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова мәлімдеді.  — Алматы еліміздегі ең ірі мегаполис әрі ірі қаржы орталығы саналады. Сондықтан облысқа арнайы келген алматылық делегаттардың қатарында ...

Жалғасы »

Жол жөнделіп жатыр

Биыл облыстағы  автожолдардың құрылысы мен жөнделуіне 8 миллиард  теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл туралы өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен кеңес барысында сөз болды. Қазіргі күні аймақтағы республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар  169,9 шақырым жолға құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар  төрт көпір, бір су өткізетін құбыр және 41 көше бар. Оның ішінде Ақтөбе қаласындағы 33 көше, аудандағы 8 көше ...

Жалғасы »

Бердібек Сапарбаев: Мәртөк облыс халқын азық-түлікпен қамтамасыз ететін бірден-бір өңір болуы керек!

Сейсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мәртөк ауданына барды.  Ауданның қысқа дайындық жұмыстарын тексеріп, егін ору науқанының қалай жүргізіліп жатқанын көзімен көрді. Бірқатар шағын кәсіпкерліктердің жұмысымен танысып, шаруалармен тілдесті.   Өнім түсімі неге аз?   Аймақ басшысы алдымен Родниковка ауылындағы «Родники» ЖШС-на қарасты егістік басына барды. Биыл серіктестік 19 мың гектар жерге егін салған. Шаруашылық басшысы Василий Бондаревтың айтуынша,  гектарынан ...

Жалғасы »

Хромтаудағы Дөң және Оңғар орта мектептеріне күрделі жөндеу жүргізілді

 «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ»: Хромтаудағы дөң және оңғар орта мектептеріне күрделі жөндеу жүргізілді   Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен аймақта жүзеге асырылып жатқан «Туған жерге тағзым!» акциясына хромтаулық кәсіпкерлер мен өңірдегі ірі компаниялар да бір кісідей атсалысты.  Отыз жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген Оңғар ауылындағы орта мектептің ажары кіріп, енді бұл білім ордасы сұйытылған отынмен емес, газ жүйесіне қосылған қазандықтан жылу ...

Жалғасы »