Басты бет » 2016 » қыркүйек

Monthly Archives: қыркүйек 2016

Ақтөбеде «әуенді субұрқақ» ашылды

Бейсенбі күні Абай бульварында облыс әкімінің тапсырмасымен ақтөбеліктерге жаңартылған субұрқақ алаңы ұсынылды. Салтанатты ашылу рәсімінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев пен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асанов субұрқақты іске қосты. Аспанға атылған сулар түрлі түсті жарықтармен мың құбылып көз арбайды. Бейне судан сәуле шашылғандай әсер қалдыратын көрініс судың сылдыры және әуенмен әрленгенде ертегі әлеміне енгендей күй кешесің. Түрлі әуенге түрлі қимылдар ...

Жалғасы »

«Үйретуге әрі үйренуге келдік»

29 қыркүйекте облысымызға ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов бастаған жұмыс тобы келді. Оның құрамында 11 министрліктің, ҰҚК-нің, Терроризмге қарсы республикалық орталықтың, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚХА-ның, ҚМДБ және басқа үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. Барлығы 200-ден астам маман бір ай бойы жергілікті тұрғындармен кездесулер, семинарлар, дәрістер, т.б. шаралар өткізіп, мемлекеттік бағдарламаларды халыққа кеңінен түсіндіреді. Облыстық ...

Жалғасы »

Бизнеске қысым емес, қолдау қажет

«Халықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету» жобасы аумағында Ақтөбеге жұмыс тобын бастап келген  ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов жергілікті бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Бұл кездесуге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін өңірге орталық және аймақтық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың 200-ден астам үздік мамандары келгенін еске сала кетейік. Жұмыс тобының келу мақсаттарының ...

Жалғасы »

Құрметті ұстаздар! Қадірлі педагогика ісінің ардагерлері!

Сіздерді тамаша кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Мұғалімнің еңбегі қай уақытта да — тәлім беруде де, жеке қарым-қатынаста да ең құрметті мамандықтар қатарында саналып келеді. Сіздер өскелең ұрпаққа жақсылық пен жамандықты айыруға, үлкенді сыйлауға, туған өлкені сүюге бағыт бересіздер. Сіздерді шын мәнінде адам жанының сәулетшісі, осы өңірдің ғана емес, сондай-ақ күллі еліміздің болашағы тікелей қатысты болып отырған жас буынның бет-бейнесі мен тағдырының ...

Жалғасы »

Ұстаздар мерейі

Жұма күні Мұғалім күні мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласындағы «Салтанат сарайы» мейрамханасында бір топ ұстазға құрмет көрсетілді. Салтанатты түрде өткен жиынға өңір әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Сондай-ақ, басқосуға 330 адам жиналды. Қонақтардың арасында ардагер ұстаздар, үздік педагогтер бар. Жиында алдымен сөз алған облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім беру саласына ерекше қолдау, көмек көрсетіп жатқанын айтты. Жыл сайын мектептердің ...

Жалғасы »

Оқушылармен ойлы әңгіме

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінде қала мектептеріндегі үздік оқушылармен кездесті. Шарада алдымен сөз алған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Жақып Асанов бастаған, құрамында 200-ден астам білікті маманы бар арнайы топтың біздің өңірге  іссапармен келгендігін, олар Ақтөбеде бір ай бойы жеті бағыт бойынша жұмыс істейтінін тілге тиек етті. Өңір басшысы өз сөзінде елімізде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал ...

Жалғасы »

Жастармен кездесті

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің А.Досжанова атындағы коференц холында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Жақып Асанов ақтөбелік студент жастармен кездесті Кездесуге сондай-ақ облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, қаладағы жоғары оқу орындарының басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамы, жастар ұйымының өкілдері қатысты. Жас ұрпақтың алдында сөз сөйлеген Бас прокурор ең алдымен Тәуелсіздіктің мән-маңызына кеңінен тоқталды. Еліміздің одан әрі дамуы жолында жастардың ерекше орын ...

Жалғасы »

Мемлекеттік инспектор қабылдайды

2016 жылғы 10 қазанда сағат 16.00-де облыстық әкімдіктің (Әбілқайыр хан даңғылы, 40) №312 кабинетте ҚР Президенті Әкімшілігінң Мемлекеттік инспекторы Шалқар Заманбекұлы Байбеков азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді. Анықтама телефоны: 56-48-20.

Жалғасы »

Жер бетіндегі ұлттардың 3 пайызының ғана өз мемлекеті бар

ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов қазақтарды еріншек санайтындармен келіспейді. «Бізде нақты бір кәсіпті жете меңгеруге ұмтылу жағы ғана жетіспей жатыр» — дейді. Оның пікірінше, жұмыссыздық — барлық жамандықтың көзі. 2015 жылы қылмыс жасағандардың 84 пайызы тұрақты табысы жоқ жандар екен. Биыл жыл басынан бері тіркелген қылмыстардың да 83 пайызы — жұмыссыздардың «еншісінде». «Қылмыстың алдын алу үшін тұрғындарды жұмыспен қамту керек», ...

Жалғасы »

Астанада ақын Ертай Ашықбаевтың кеші өтті

Астанадағы Ақтөбе күндері аясында қазақтың белгілі ақыны Ертай Ашықбаевтың «Ассалаумағалейкүм, Астана!» атты шығармашылық кеші өтті. Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасында өткен кешке қаламгерлер, ақынның оқырманы қатысты. Өлеңдер оқылды, сұрақтар қойылды, пікірлер, жылы лебіздер айтылды. «Ертай ақынның поэзиясында шөп-шалам, қыл-қыбыр жоқ, таза жазады. Оның өлеңдерінің іші-сыртына үңілген адам ешкімге ұқсамайтын, тек Ертайға ғана тән қолтаңбаның бедерін көреді. Ертай өз биігінде тұрған ...

Жалғасы »