Басты бет » 2016 » тамыз

Monthly Archives: тамыз 2016

Фархадқа пәтер берілді!

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Рио Олимпиадасында қола медальді жеңіп алған ауыр атлет Фархад Харки бастаған спортшылармен кездесті. Басқосуда дүбірлі додада Ақтөбенің атынан шыққан зілтеміршіге пәтердің сертификаты табысталды. — Әр спортшының арманы — Олимпиадаға қатысу. Бразилиядағы Олимпиада қашан басталады деп күтіп едік. Міне, сол Олимпиада да аяқталды. 200-ден аса мемлекеттің арасынан Қазақстан 22-ші орын алды. Бұл — жақсы көрсеткіш. Біздің қуанатынымыз, ...

Жалғасы »

Жыл соңына дейін барлық аудан орталықтарына газ тартылады

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен елді мекендерді газбен жабдықтау мәселесіне байланысты жиналыс өтті. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, қазіргі таңда 695 мыңға тарта тұрғыны бар 375 елді мекеннің 101-іне газ жүргізілген. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен жасалған меморандум аясында инвестициялық қаражат есебінен 5,7 млрд теңгеге Ойыл ауданының Ойыл, Әйтеке би ауданының Комсомол, Қарғалы ауданының Қосестек ауылдарына және ...

Жалғасы »

Ембіде «Ақтөбе» клубының филиалы ашылды

 Ембі қаласында облыс әкімінің қолдауымен аудан, қала әкімшілігінің ұсынысымен облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен «Ақтөбе» футбол клубы орталығының филиалы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары, облыстық футбол федерациясының президенті Ғали Есқалиев, аудан әкімі Ербол Данағұлов, спорт ардагерлері, ата-аналар, жас спортшылар түгел қатысты. «Ақтөбе» футбол клубының филиалдары облыстың 9 ауданында ашылып жатыр. Соның бірі — Ембі қаласында. Бұл — біздің қала тұрғындары ...

Жалғасы »

Перлит өндіретін зауыт іске қосылды

Мемлекеттік бағдарлама   Ақтөбеде алғаш рет «Union Perlite» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігі перлиттен жоғары сапалы өнім өндіретін шағын зауытты іске қосты. Серіктестік «Даму-өндіріс» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 207 миллион теңге несие алған. Жаңа өнімнің өңір кәсіпкерлері үшін тиімділігі зор болмақ. Жаңа өнім Шағын зауыт — Қапшағай қаласындағы «Union Perlite» ЖШС-ның филиалы, яғни  еліміздегі перлит өнімдерін шығаратын екінші зауыт. Зауытта өндірілетін  сүзгі перлит ...

Жалғасы »

«Қазтеплоэнергомаонтаж» төзімді тұрбалар өндіреді

Облыстық кәсіпкерлік басқармасы Қазақстан Республикасының Конституциясы күнінің қарсаңында мемлекеттік қолдауға ие болып отырған жобалардың бірі — «Қазтеплоэнергомонтаж» толық серіктестігінің жұмысымен таныстыру рәсімін өткізді. «Қазтеплоэнергомонтаж» толық серіктестігі құрылыс саласындағы өз қызметін 1995 жылы бастап, бұл күнде қанатын кеңге жайып, пенополиуретанды құбырлар өндірісі бойынша өңірдегі көшбасшылардың біріне айналып отыр. Жүзден астам адамды жұмыспен қамтып отырған серіктестік (компаниялар тобы) негізінен құрылыс, жаңалау (реконструкция), ...

Жалғасы »

Кунсткамера Кейкі батырдың бас сүйегін қайтаруға дайын

Бұл күндері қазақ жұрты Ресей жаққа елеңдеулі: Санкт-Петербургтегі І Петр атындағы антропология және этнография музейі Кейкі батырдың бас сүйегі өз қорларында сақтаулы екенін ресми түрде мәлімдеді. Кейкі батырдың бас сүйегі Ресей Ғылым академиясының антропология және этнография музейінде, басқаша айтқанда, Кунсткамерада 1926 жылдан сақтаулы болып шықты. Кейкі тұлғасы — баршамызға жазушы Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы арқылы бала күннен таныс тұлға. ...

Жалғасы »

1916 жыл: тарих пен тағылым

Әлем тарихында ХХ ғасырдың басы отарлық және жартылай отарлық езгідегі елдерде халықтың көтерілістері мен наразылығы өрши түсуімен ерекшеленді. ХХ ғасырдың екінші жартысында бұл құбылысқа «Азияның оянуы» деп баға берді. Бұл көтерілістердің себептері мен алғышарттарын талдап қарағанда, ең басты мәселе күннен-күнге ушығып бара жатырған жергілікті халық пен отаршыл билік арасындағы қайшылықтар екендігі байқалады. Бұл көтерілістерде екі ағым бір арнаға тоғысты: бір ...

Жалғасы »

Аңызда ақиқаттың табы бар

Дәстүр Тәуелсіздік алғалы еліміздің экономикасы жақсарып, сыртқы әлеммен байланысы кеңейді, аты әлемге танылды. Дегенмен жетпіс жылдан астам уақыт кеңестік идеологияның ықпалында болған халқымыздың көптеген ұлттық құндылықтарын жоғалтып, ата дәстүрінен қол үзіп кеткені шындық. Байыптап қарасақ, ұрпаққа берілер тәрбиенің қайнар көзі салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызда жатыр. Бағзы заманнан бүгінге жеткен аңыздарда әр салттың шығу төркіні баяндалады. Ал аңыздарда ақиқаттың табы бар. Әр ...

Жалғасы »

Жасыл желек жайқалып тұр

Қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялай білу туралы көп айтылып келеді. Ал сол экологиялық ахуалды жақсартуда орманның атқарар қызметі ерекше. Тек соны сезініп, орманды көбейту мәселесіне баса назар аудару қажет. Жасыл желек көз қуанышы ғана емес, ауаның алмасуына ықпал ететін табиғат сыйы. Жолымыз түсіп, «Қарабұтақ орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысқанда бізге осындай ойлар келді. Елу жылға жуық тарихы бар бұл ...

Жалғасы »

Жазираның жеңісі

Байқау Хромтау қаласындағы Кеншілер мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында эстрадалық өңдеудегі халық әндерін орындаушылар арасында «Еркелей аққан Ор өзен» атты облыстық байқау өтті. Хромтау аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен байқауға 17-45 жас аралығындағы өнерпаздар, атап айтсақ, Әйтеке би ауданынан Гүлайым Пірмағанбетова, Алға ауданынан Мерей Нұғманов, Мұғалжар ауданынан Жолдасбай Баспаев, Мәртөк ауданынан Оразғали Сағитжанұлы, Қобда ауданынан Елдос Туманчин және ...

Жалғасы »