Ақтөбе газеті http://www.aktobegazeti.kz Sat, 14 Jul 2018 05:29:35 +0000 kk-KK hourly 1 https://wordpress.org/?v=4.9.3 ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев: Ел экономикасын дамытуда Ақтөбенің үлесі өте үлкен /?p=68184 /?p=68184#respond Sat, 14 Jul 2018 05:29:35 +0000 /?p=68184 Елбасы тапсырмасына сәйкес, Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында болды.  Мақсаты — Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауларының, Бес әлеуметтік бастамасының, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде іске асырылу барысымен танысу. Үкімет басшысын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев күтіп алып, өңірде жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды.

«Соңғы екі-үш жылда бірде-бір облыста дәл Ақтөбедегідей әлеуметтік нысандар салынған жоқ»

Ақтөбеге жасаған сапарында  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Жобалық басқарудың іске асырылуы және экономиканың дамуы» тақырыбында жиын өткізді. Жиынға ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің жетекшісі Нұрлан Алдабергеновтер қатысты.

Бүгінде Ақтөбеде жобалық басқару аясында 12 бағыт бойынша жұмыс жүзеге асырылып жатыр. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында өткен жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңір экономикасын дамытуда аймақта құрылған жобалық кеңсенің әр бағыты бойынша атқарылып жатқан шаруаларға тоқталып, облыстың бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші турасында баяндады.

ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ: ОБЛЫС ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСІМ КӨРСЕТКІШІ — 5,1 ПАЙЫЗ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес жыл сайын өңірлерді аралайтынын айтқан Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев осы сапары кезінде тікұшақпен Жаңажол өңіріне барғанын, сол төңіректе салынып жатқан жаңа зауыттың құрылыстарымен танысқанын айтып өтті. «Ол жерде инвесторлар әкімдік, Үкімет тарапынан қандай қолдаулар керектігі турасында ұсыныстар айтты. Сол  ұсыныстар бойынша тапсырмалар беріліп, Астанаға келген соң министрліктермен бірге жұмыстар атқарылатын болады. Және біздің іссапарымыздың қорытындысы бойынша жасалатын хаттамаға енгізіліп, аяғына дейін жетуі канцелярияның бақылауында болады», — деген Б.Сағынтаев бұл жиынның астаналық әріптестерімен селекторлық түрде жүргізіліп жатқанын айтып, жиынды өткізудің негізгі мақсатына тоқталды.

Былтыр Елбасы Жолдауынан кейін жарияланған «Қазақстанның үшінші жаңғыруының» негізгі мақсаты — елімізді дамыған отыз елдің қатарына кіргізу. Сол отыз елдің қатарына кіру үшін ел экономикасы жыл сайын 5-6 пайызбен өсуі керек. Биыл алты айдың қорытындысы бойынша  ел экономикасы 4,1 пайызбен өсіп отыр.  2017 жылды 4 пайызбен аяқтағанбыз. Ақтөбе облысының үлесі өте үлкен, жартыжылдықты 5,1 пайыз өсіммен аяқтады. Бердібек Машбекұлы «жыл соңында бес пайыздан төмен түспейміз» дегенді айтып отыр. Ол өте жақсы. Былтыр Үкіметтің Жобалық басқару кеңсесі ашылған болатын. Сол Жобалық басқару кеңсесі бойынша қазір жергілікті жерлерде барлық өсу индикаторлары бақылауға алынады, — деді Үкімет басшысы.

Б.Сағынтаевтың айтуынша, жобаның негізгі мақсаты — көрсетілген межеге жету, туындайтын кедергілерді жою, дұрыс шешім қабылдау. Осыған байланысты экономиканы дамытудың барлық маңызды бағыттары бойынша Үкіметтің жобалар портфелі құрылды. Әрбір жоба бойынша мақсатты көрсеткіштер мен жауапты тұлғалар белгіленген, нақты нәтижелер мен мерзімдері көрсетілген жобаларды іске асырудың егжей-тегжейлі жоспарлары әзірленген. Сондай-ақ, Премьер-Министр әңгімелесудің басты мақсаты — облыста жұмыстың қалай жүріп жатқанын, экономиканың сапалы әрі теңгерімді өсімі үшін оның құрылымдық трансформациясын қамтамасыз етуге өңірдің ішкі қорларын анықтау және пайдалану бойынша қандай жоспарлар бар екенін түсіну екенін атап өтті.

АҚТӨБЕДЕГІ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕ ЖӘНЕ 12 БАҒЫТ

Өз кезегінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бірінші жартыжылдықтағы мақсатты индикаторларға қол жеткізу бойынша жүргізілген жұмыстар мен 2018 жылдың соңына дейінгі жоспарлар турасында баяндады. Сондай-ақ ол өңірде жобалық басқару бағыты бойынша атқарылып жатқан шаруаларға тоқталды. Бүгінгі күні облыс әкімдігі жобалық басқару аясында 12 бағыт бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде: базалық индустрияландыру, отын-энергетикалық кешен, инвестициялар тарту, өнімді жұмыспен қамту, сондай-ақ агроөнеркәсіпті, жаппай кәсіпкерлікті, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, көлік және логистиканы, туризмді дамыту және сауда, білім беру, денсаулық сақтау салаларын жаңғырту.

«Мемлекет басшысының барлық мемлекеттік органдарға қойып отырған талабы — Қазақстанды тезірек дамыған отыз елдің қатарына қосу. Ол үшін біз экономикаға жаңа моделдерді енгізуіміз керек. Табыстың қосымша көздерін табуымыз қажет. Сіздің бастамаңызбен құрылған жобалық кеңсе өңірде өз жұмысын бастады. Елбасының қойған тапсырмасы бойынша экономиканың даму қарқыны былтырғы жылдан төмен  болмауы керек. Былтыр біз бірінші жартыжылдықты 5 пайыз өсіммен аяқтадық. Мен Мемлекет басшысына, сізге барлық жерлестердің атынан экономиканың деңгейін 5 пайыздың деңгейінде сақтау турасында уәде берген болатынмын. Қазіргі таңда осы жобалық басқару кеңсесі 12 бағытты бекітті, негізгі индикаторлар мен жоспарлар айқындалды. Бірақ сіздің бірінші тоқсанда айтқан ескертпелеріңізді ескере отырып, соны талдап, республикалық штабпен бірге біз өзіміздің индикаторларымызға, жоспарларымызға қосымшалар енгіздік. Жарты жылда байқағанымыз, жобалық кеңсе Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындауға өзінің көмегін тигізеді. Ең негізгісі — экономиканың қосымша көздерін табуға көмектеседі», — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс басшысының айтуынша, бірінші бағыт — базалық индустрияландыру. Бұл жердегі ең бірінші мәселе — жалпы қосымша құнның көлемін көбейту. Сол сияқты, еңбек өнімділігін көбейту де басты мақсаттың бірі. «Былтырғы жылмен салыстырғанда аймақта еңбек өнімділігін 0,1 пайызға көбейту турасында алдымызға мақсат қойдық. Дәл осындай екінші бір индикатор — жұмысшылар санын көбейту. Ол жөнінде де біз өзімізге міндеттеме алдық. Қазіргі таңда біз үшін төмен тұрған көрсеткіштің бірі — индустрияға салынатын инвестиция. Биыл біз құны 76 миллиард теңге тұратын 15 жобаны жүзеге асыруымыз керек. Соның нәтижесінде ең кем дегенде 1400 жаңа жұмыс орны ашылады. Ірі жобалардың қатарында алтын-кен комбинатының, керамикалық магнит пен құрылыс материалдарын шығаратын зауыттардың құрылысы сынды жобалар бар. Осы жылы Байғанин ауданында құны 33 миллиард теңгеден асатын газ кешенін дайындау қондырғысының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Жоба «Қожасай» кен орнының шикізат қорын рационалды түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Қайта өңдеу процесі кезінде құрғақ тазартылған және сұйылтылған пропан-бутан техникалық газын, тұрақты газ конденсаты мен түйіршіктелген күкірт алу жоспарлануда. Нысанды осы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

Бұған қосымша, кәсіпорындарды жаңғырту жөнінде берілген тапсырма бар. Жалпы бес жылда 500 миллиард теңгеге осындай жаңғыртулар жасауымыз керек. Биыл ең кем дегенде 35 кәсіпорынды 55 миллиард теңгеге жаңғыртамыз», — деді облыс әкімі.

Аймақта жобалық басқару қызметін жүзеге асырудың келесі бағыты — отын-энергетикалық кешен.

Бұл бағыт бойынша биыл жалпы құны 50 миллиард теңге тұратын 5 жобаны жүзеге асыруымыз керек. Негізгі жобалар Энергетика министрлігімен бірлесіп жасалып отыр. Оған қосымша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде «ҚазТрансГаз» кәсіпорнымен бірігіп, 30 елді мекенге 4 миллиард теңгеге газ жеткізу жөнінде жұмыс жасап жатырмыз, — деген Бердібек Машбекұлы  Инвестиция және Энергетика министрліктерімен бірлесіп қосымша пайдалы қазбаларды табу үшін бұрғылау жұмыстарын жүргізу жөнінде атқарылатын шаруаларға да тоқталды.

Облыс әкімі өз баяндамасында экономикаға инвестиция тарту мәселесін де сөз етті. Ол үшін 2018-2022 жылдарға арналған облысқа инвестиция тарту бойынша өңірлік стратегия әзірленген. Бүгінгі күні «Эрнст Янг» компаниясының ұсынысымен облыстың инвестициялық тартымдылығын зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Қазір облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Биылғы мақсат — облыс экономикасына ең кем дегенде биыл 62,5 миллиард теңгенің инвестициясын тартуымыз керек», — деген облыс әкімі бұл бағытта аймақта салынып жатқан кешендер құрылысына да тоқталды.

Облысқа тартылатын инвестицияның 35 пайызы шетелден келеді. Былтыр аймаққа 480 миллиард инвестиция тартылса, биылғы меже — 510 миллиард теңге.

Бердібек Сапарбаев жобалық басқару жүйесі негізінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында атқарылып жатқан шаруаларға да тоқталды. Ол жерді дұрыс пайдалану, суармалы жер көлемін арттыру, дәстүрлі емес салалардағы жобалар мен асылтұқымды ірі қара малын көбейту, бұл салаға жаңа технологияларды енгізу  турасында айтты. Биыл облыста суармалы жер көлемін 41 пайызға арттыру көзделіп отыр. «Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау турасында тапсырма берген болатын. Өткен жартыжылдықта 10,5 миллион долларға өнім экспортталды. Жыл соңына дейін мұның көлемін 42 миллион долларға жеткіземіз», — деді Бердібек Машбекұлы.

Бүгінде облыста «АкТеп» компаниясымен бірлесіп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында шаруаларға қызмет көрсету орталығының құрылысы салынып жатыр. Мұндағы мақсат — бағаны реттеу әрі бір орталықтан шаруаларға қызмет көрсету.

Өңірдегі жобалық кеңсе қызметінің тағы бір бағыттары — жаппай кәсіпкерлікті дамыту, туризм және сауда. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны, транспорт және логистиканы, білім, денсаулық сақтау салаларын дамыту да жобалық кеңсенің басты бағыттарының бірі. Өнімді жұмыспен қамту шаралары да қолға алынған негізгі міндеттердің бірі.

Б.Сапарбаевтың айтуынша, облыста Кәсіпкерлікті қолдау картасы жасалған. Бизнесті жүргізудің оңтайлығын арттыру үшін «Кедергісіз бизнес» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Аталған жоба аясында бизнесті тексеруді оңтайландыру және реттеу, сондай-ақ мемлекет тарапынан бизнесті қолдау шараларын күшейту жұмыстары атқарылуда.

Облыста жылдық айналымы 2 миллион теңгеден асатын кәсіпкерлік құрылымдарының санын көбейту — басты мақсат. Биыл мұндай кәсіпкерлік құрылымдарының санын 600-ге көбейту межесі белгіленген. Сондай-ақ осы жылы  облыс кәсіпкерлері мемлекеттен 22 миллиард теңге көлемінде қолдау алса, 40 мың адам қаржылай емес қолдауға ие болады.

— «Бизнес–Бастау» бағдарламасы аясында өткен жылдың деңгейінен екі есе көп адамды қамти отырып, 2,2 мың адамды оқыту жоспарда бар. Сондай-ақ, «Ауылдарға қамқорлық» жобасы іске асырылуда. Оның аясында ауыл тұрғындары үшін 500-ден астам кәсіпкер-тәлімгер анықталды. Жобалар аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар жаппай кәсіпкерлікті дамыту индикаторлары бойынша 2018 жылға арналған жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге жол ашады, — деді Бердібек Машбекұлы.

Бүгінде облыста ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде құны 2 миллиард теңге тұратын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның ықпалымен ІТ-орталығының құрылысы салынып жатыр.

Облыс әкімінің айтуынша, келер жылы аймақта балалар 100 пайыз  балабақшамен қамтылады. Өз баяндамасында облыс әкімі биыл Ақтөбеде «Бақытты бала» жобасы жарияланғанын, оның 8 бағыттан тұратынын атай келе, бұл жоба аясында бірде-бір бала көмексіз, қараусыз қалмайтынын айтты. Мақсат — балаларға қазіргі заман талабына сай білім мен тәрбие беру, олардың спортпен, мәдениетпен айналысуына мүмкіндік жасау.

Бүгінде Ақтөбе агломерациясын дамыту ісі 8 бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Атқарылатын іс-шаралар саны — 170. Бүгінгі күні бұл шаралардың 50-і орындалды. Қалғандары жүзеге асырылып жатыр, — деген облыс әкімі бұл бағытта салынып жатқан құрылыстарға, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жоспарына тоқталды.

Бұдан әрі өңір басшысы биыл жартыжылдықтағы облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталды. «Біз бірінші жартыжылдықта  экономиканың дамуын 105,1 пайызға қамтамасыз еттік. Барлық көрсеткіштер былтырғы жылдан жоғары. Негізінен көрсеткіштер республиканың көрсеткіштерінен жоғары. Тек қана екі көрсеткіш бойынша — өндіріс пен инвестицияда аздаған төмендеушілік бар. Өз жоспарымызға сәйкес бұл көрсеткіштерді де жыл соңына дейін республика көрсеткіштерінен төмендетпейміз. Бұдан өзге, бүгінгі күні облыста жалпы құны 56 миллиард теңгеге мемлекеттік-жекеменшік серіктестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 128 жоба жүзеге асырылуда. Негізгі мақсатымыз — өңір экономикасына бюджеттен тыс қосымша қаржы алып келу. Былтыр экономикаға қосымша 29 миллиард теңге салсақ, биылғы жоспар — 32 миллиард теңге», — деді Бердібек Сапарбаев.

ҰСЫНЫСТАР МЕН ӨТІНІШТЕР

Өз сөзінде Бердібек Сапарбаев Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа бірқатар өтініштер айтты. Соның бірі — төртінші мұнай-өңдеу зауытын салу. «Соңғы кезде Ақтөбеде мұнай өңдеу көлемі өсіп отыр. Биыл ең кем дегенде 6 миллион тонна мұнай өндіріледі. Ақтөбеде 360 миллион тонна мұнай қоры бар. Жаңажол өңіріне барғанда өзіңіз көрдіңіз, инфрақұрылымның барлығы бар. Ақтөбе арқылы Еуропаға да, Азияға да өтеді. Егер біздің осы ұсынысымызды қолдасаңыз, Энергетика министрлігіне өзіміздің ұсынысымызды береміз», — деді облыс әкімі.

Екінші мәселе — «Бұқара-Орал» газ құбыры. «Қазіргі таңда бұл газ құбырының күші жетпей жатыр. Оның қуаттылығы  сағатына — 195 мың текше метр, ал қазіргі атқарып отырған жүгі сағатына — 225 мың текше метр. Оның үстіне қанша жаңа жобалардың, ғимараттардың салынатыны турасында сізге көрсеттік. Олардың барлығына газ керек. Үшінші газ құбырын тарту жөнінде біз министрлікпен жұмыс жасап жатырмыз. Мұны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салуға болады. Оған енді ұсыныстар бар. Анау мұнай өңдеу зауытын да салуға ықыласты инвесторлар бар. Егер қолдау болса, олар өз қаржысына құрылысты салуға дайын», — деді Б.Сапарбаев.

Сондай-ақ облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевқа облыстағы алтын өндіру мәселесін алға тартты. «Соңғы елу жылда Ақтөбедегі өндіріліп жатқан алтын рудасының барлығы Ресейге кетеді. Қосымша табысты, ақшаны табатын — Ресей. Ал біз одан кейін алтынды Ресейден сатып аламыз. Қазір қазақстандық инвесторлар жұмыс жасап жатыр. Бұл жерде 148 миллиард теңге аз инвестиция емес. Қаншама жұмыс орны ашылатынын білесіз, оның үстіне жылына ең кем дегенде 8 миллиард теңге салық түседі. Ең негізгісі — егер бюджеттен 1 теңге берілетін болса, ол бюджетке 15 теңге болып қайтады. Сондықтан біздің сұрайтынымыз, осының инфрақұрылымын жасау үшін қосымша қаржы бөлінсе дейміз. Биылғы жылы бюджетті нақтылағанда және келесі жылға қаржы қарастырылса дейміз. Ол жерде қазір 5 миллиард теңгенің жұмысы жасалды, бұл жұмыс әрі қарай жалғасады», — деген облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевқа биыл далаға жанып жатқан газ квотасын көбейткенін, соның арқасында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ өнім көлемін арттырғанын айтып, алғысын білдірді.  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» мекемесі газды жинап, әрі қарай жіберуде кәсіпорын салу үшін 21 миллиард теңге инвестиция салды. Енді бұларды монтаж жасаған кезде, үш айға қосымша тағы да газды жағу керек. Бұл жөнінде министрлікпен жұмыс жасағанбыз. Осы мәселені қолдасаңыз дейміз», — деген Б.Сапарбаев жол салу, мектеп салу ісіне қатысты да бірқатар мәселені алға тартты.

Ол биыл 6 жаңа мектепке ұсыныс жасалғанын айтып, Үкіметтен қолдау көрсетілсе деген өтінішін білдірді. Жаңа мектептердің құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылып жатқан қалашықтарға тікелей қатысы бар.

«ТАКСИМ ФУД АКАДЕМИИ» ЖӘНЕ «АЗАЙА» — ОЗЫҚ ОҚЫТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ

Жиында бұдан әрі облыстың қорлары туралы бейінді министрліктердің басшылары сөз сөйледі. Облыста жаппай кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық мүмкіндіктері, сауда саласын жаңғырту туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтып берді. Жалпы алғанда, өңірдің осы жылдың бес айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң қарқын байқалды. Сонымен қатар облыстың өнеркәсіптік нысандарын одан әрі жаңғырту, көлік-логистикалық мәселелерді шешу, өнім экспортын дамыту, агроөнеркәсіптік кешендерді әртараптандыру салаларындағы әлеуеті аталып өтті.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова еңбек ресурстарын көшіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, аймақтың шағын және орта бизнес секторында халықтың жұмыспен қамтылу әлеуеті туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, Ақтөбе облысында 2018 жылдың бірінші  тоқсанында жұмыс күші 435 мың адамды құрады, олардың ішінде 414 мыңы жұмысқа орналасқан. Тек қана 20 мың адам — жұмыссыз. Бұл — республикалық деңгеймен салыстырғанда, жұмыссыздық деңгейінің өте төмен көрсеткіші саналады. Министрдің айтуынша, облыста қосымша еңбек нарығына жыл сайын 12 мың адам қосылып отырады. Осыған байланысты өңір үшін жаңа жұмыс орындарын құрып қоймай, олардың сапасын арттыру, еңбек ресурстарының ағымын басқару — өте өзекті мәселе. М.Әбілқасымова халықтың табысын және жұмыспен қамтылуын одан әрі арттыру үшін бизнесті дамытуды ынталандыру қажет екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол аймақта жобалық басқару аясында бұл бағытта  5 міндет қойылғанын атап өтті. «Мұндағы басты құрал — Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы. Бағдарламаны облыста іске асыру үшін биыл 7,3 миллиард теңге бөлініп, 18,9 мың адам бағдарламаға қатысып отыр. Бұдан бөлек, 16 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмысқа 9,4 мың адам орналасты. Бүгінгі күні, Ақтөбе облысында мемлекеттік бағдарлама аясында қысқа мерзімді оқытудан өткізу арқылы халықты еңбекке тарту бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл көрсеткіш — 67 пайыз. Қазір бұл бағытта 9 оқыту орталығы жұмыс жасайды. Соның ішінде «Таксим фуд академии» және «Азайа» оқыту орталықтарын ерекше айтқым келеді. Мұнда оқығандардың 100 пайызы жұмыспен қамтылады», — деді министр.

Жиында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек көлік және логистиканы дамыту, инвестициялар тарту туралы айтып берді. Министрдің айтуынша, осы жылдың бес айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13,2 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ жобалық басқару аясында 2018 жылы «Инвестицияларды тарту» жобасы бойынша 12 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында биыл Ақтөбе–Атырау республикалық маңызы бар автокөлік жолының 160–330 шақырымдық учаскесін реконструкциялау жұмыстары басталды. Сондай-ақ ұзындығы 102 шақырым болатын жергілікті маңызы бар жеті жол жобасы іске асырылуда, республикалық бюджеттен 4,2 миллиард теңге трансферт бөлінді. Биыл жылына 984 мың тонна жүк айналымымен 59,2 мың шаршы метр ауданды құрайтын көлік-логистика орталығының құрылысы жобасы басталды. Бұдан өзге, Ақтөбе облысында 1,7 миллиард теңгеге 17 жол бойындағы сервис нысаны салынады, — деді Жеңіс  Қасымбек.

Ал еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз кезегінде өңірде жеке медицина секторы белсенді дамып жатқанын атап айтты. Бүгінгі таңда облыста денсаулық сақтау жүйесінде 29 аурухана мен 126 амбулаторлық-емханалық ұйым халыққа медициналық көмек көрсетеді. Алғашқы бес айда денсаулық сақтау саласының негізгі капиталына салынған инвестициялар шамамен 2,4 миллиард  теңгені құрады. Осы жылдың бірінші  тоқсанында көрсетілген қызметтердің көлемі — 9,7 миллиард теңге. Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында жалпы құны 12 миллиард теңге болатын 24 жоба жүзеге асырылып жатыр.

МҰНАЙ МЕН ГАЗ ӨНДІРУДЕГІ ҮЛЕС — 9 ПАЙЫЗ

Жиында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев өңірдің мұнай өнеркәсібі кешенін дамыту жоспарлары мен міндеттері туралы баяндады.

Ақтөбе облысы — еліміздің үшінші мұнай-газ өндіруші аймағы. Облыстың мұнай және газ өндіру көлеміне қосқан үлесі шамамен — 9 пайыз. Жыл басынан бері дамудың негізгі көрсеткіштері оң қарқын көрсетті. Облыста мұнай мен газ өндіру саласында 30 жер қойнауын пайдаланушы жұмыс істейді. Бірнеше жыл қатарынан өңірдегі мұнай өндіру көлемі тұрақты деңгейде сақталып отыр. 2018-2019 жылдары — 6,2 миллион тонна, 2020 жылы — 6,4 миллион тонна, ал 2025 жылға қарай шамамен 7 миллион тонна өндіру жоспарда бар, — деді вице-министр М.Мырзағалиев.

Сондай-ақ, энергетика вице-министрі цифрландыру және технологиялық жаңғырту туралы ақпарат берді.

— Қазірдің өзінде «Зияткерлік кен орны» жүйесін енгізудің табысты пилоттық жобалары бар, бұл мұнай өндіру көлемін ұлғайтып, шығындарды азайтып, өнімділікті арттыруға жол ашады. «Министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың өз өндірістерін цифрландыруға, озық технологияларды қолдануға бағытталған бастамаларын қолдауға ниетті және барлық қажетті ақпаратты ұсынуға дайын. Осылайша, мұнай өндіру секторының әлеуеті Ақтөбе облысын дамыту жолында үлкен мүмкіндікке ие, — деді Мағзұм Мырзағалиев.

ЭКСПОРТТАЛҒАН ӨНІМ КӨЛЕМІ —  10,48 МИЛЛИОН ДОЛЛАР

Бұдан өзге, кеңес барысында бейнеконференция байланысы бойынша бірнеше министрліктің өкілі сөз сөйледі. ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниев осы жылдың бірінші жартыжылдығында Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің экспорты 10,48 миллион долларды құрағанын немесе жалпы экспорт көлемінің 1,47 пайызына жеткенін айтты. Бұл өткен жылғы бірінші  жартыжылдыққа қарағанда 20,8 пайызға артық.

Қаңтар-мамыр айларында ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 374,6 пайызға  артып, 4,8 миллиард теңгені құрады. Қаңтар-мамыр айларында азық-түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталына салынған инвестициялар өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 196,9 пайызға өсіп, 1,3 миллиард теңгеге жетті, — деді Арман Евниев.

ИНТЕРНЕТ: БІРІНШІ КЕЗЕҢ ЖӘНЕ 82 АУЫЛ

Ал Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Ақтөбеде туризмнің даму барысы туралы баяндады. Өңірде биыл 390 жұмыс орнын құрумен 32 жоба іске асырылып жатыр. Аталған саладағы көрсеткіштерді одан әрі жақсарту үшін министрлік «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» магистралі бойында инфрақұрылымды дамытуды ұсынады. Сонымен қатар өңірде ақпараттық-туристік орталықтарды ашу перспективалары атап өтілді.

Экономиканы цифрландыру және облыстың осы бағыттағы одан арғы міндеттері туралы Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Динара Щеглова баяндады. Оның айтуынша, жобалық басқару аясында өңірде білім беру және әлеуметтік нысандарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша кезең-кезеңмен жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Ақтөбе облысында ақпараттық технологиялар саласында нақты шаралар көзделген. Жалпы жұмыс жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Облыстың білім беру саласын цифрландыруда айтарлықтай көрсеткіштер бар. Қала және аудан мектептерін интернетпен қамту көрсеткіші 80 пайызға жетті. Облыстағы медициналық мекемелердің 100 пайызы интернетке қосылған. Бірінші жарты жылдықта цифрлық сауаттылық негізінде Ақтөбе облысында 17 мың адам білім алды.Бұл бағыттағы жобаны іске асырудың бірінші кезеңі аясында интернетті қолжетімді ету үшін 82 ауыл таңдалды. Қалған ауылдық елді мекендерді іске асыру екінші  кезеңде, яғни 2020 жылдан соң қамту жоспарланып отыр, мұнда көлік байланыс желілерін салудың гибридті тәсілін, яғни  LTE, спутник жүйелері пайдалану қарастырылған», — деді вице-министр.

Ол өз сөзінде аймақта бірінші  жартыжылдықта цифрлық сауаттылықтың негізгі дағдылары бойынша жоспардағы 32 мың адамның 17 мыңы оқытылғанын айтты.

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова өз баяндамасында облыста білім саласында 16 миллиард теңге сомасына 58 жоба іске асырылып жатқанын жеткізді. «Биыл 21 мектепке дейінгі білім беру ұйымын ашу көзделіп отыр. 2020 жылға  қарай балаларды қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. 2018 жылдың бірінші тоқсанында көрсетілген білім беру қызметтерінің көлемі 6 пайызға артып, 19,3 миллиард теңге болды. Сонымен қатар, облыс әкімдігі балаларды интеллектуалды, рухани, адамгершілікке, шығармашылыққа тәрбиелеу және дамыту бойынша шаралар жүргізіп жатыр», — деді ол.

«АҚТӨБЕ — РЕСПУБЛИКАНЫҢ ТӨРТІНШІ МЕГАПОЛИСІ АТАНУҒА ҮМІТКЕР ӨҢІР»

Сонымен қатар кездесу барысында ұлттық бизнес пен шетел инвесторларының өкілдері сөз сөйледі. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы» басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов жаппай кәсіпкерлікті дамытудың және бизнестің өңірдегі жобалық басқаруға қатысуының өзекті мәселелерін қозғады. Ол Ақтөбе облысында жалпы ішкі өнімде шағын және орта бизнестің үлесі Атырау өңірімен салыстырғанда жоғары екенін, яғни 18,3 пайыз құрағанын атап өтті. Сонымен қатар шикізаттық емес сала көрсеткіштерінің 12 пайызға артуын ескерумен, өңдеу өнеркәсібі саласындағы бизнесті ірілендіру мәселесін пысықтау көзделіп отыр. Бұл — жақсы көрсеткіш. Бүгінгі таңда бұл салаларда 52 мыңға жуық шағын және орта бизнес өкілі жұмыс істейді.

— Облыстың индустрия саласына қатысты айтар болсам, қазір Ақтөбеде  өңдеу саласы бойынша 65 кәсіпорын паспортталды.  Олар өзінің өндірістік мүмкіншілігінің 54 пайызында жұмыс жасап отыр. Бұл жалпы республика көрсеткіші бойынша орта көрсеткішке сай келеді. Бұл мекемелердің толық қуаттылықта жұмыс жасауына жағдай бар. Паспортталған мекемелер үш мәселені айтып отыр. Бірінші — өзі шығаратын өнімге сұранысты күшейту, екінші — несиеге қол жеткізу. Ақтөбе облысында теміржол тарифінің қымбаттығы паспортталған мекемелер тарапынан көп айтылған мәселенің бірі. Себебі өнімді Ақтөбеден өзге облыстарға жеткізуде тарифтің үлесі үлкен.  Облыста импорттың үлесі 1 миллиард АҚШ долларынан асады, — деді А.Мырзахметов.

Оның айтуынша, Ақтөбе облысы барлық бастамаларға белсенді қатысады.

«Қазақстандық-шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының төрағасы Агрис Прейманис өз кезегінде өңірдегі инвестициялық қызметтер туралы айтты.

— Қазіргі кезде Шетелдік инвесторлар кеңесінің оннан астам мүшесі Ақтөбе облысында жұмыс істеп жатыр. А.Прейманис өңірдің жоғары инвестициялық әлеуетіне, қолайлы логистикасына, шағын және орта бизнестің даму жайына тоқталды. «Кен өндірісі секторының дамуын атай кеткім келеді, ол шетелдік инвесторлар үшін жылдан-жылға тартымды болып келеді. Сонымен қатар  көлік-логистикалық дәліздер де тартымды. Өңір халықаралық тасымалдар үшін қолайлы жерде орналасқан және бұл облыс үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, — деді

А.Прейманис.

Облыстағы жобалық басқарудың атқарған жұмысының қазіргі жай-күйін қарастыру барысында Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев өңірде үш ай ішінде үлкен өзгерістер болғанын айтты. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу саласында зор әлеует бар. Ол алдағы үш ай ішінде Үкіметтің жаңа инфрақұрылымдық жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге әзір екеніне сендірді. Сонымен қатар Ақтөбенің республиканың төртінші мегаполисі атануға үміткер екенін мәлім етті. «Мұнда кенттену жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Егер статистикаға сенсек, облыстағы жоғары оқу орындары түлектерінің 80 пайызы гуманитарлық мамандықтарды бітіреді. Сондықтан біз жобалық кеңсемен бірлесіп алдымызға мынадай мақсат қойдық: әсіресе, колледждерде техникалық мамандықтарды дамыту керек», — деді Е.Досаев.

Талқылау форматында өңірлік бизнес қауымы атынан агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша «АкТеп» ЖШС директоры Нұрлан Сағыналин сөз сөйледі.

Премьер-Министр қазір фермерлерді қолдау мақсатында агроөнеркәсіп кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы өзектілендірілгенін атап өтті, «Бес әлеуметтік бастама» іске асырылып жатыр, атап айтқанда, ауылдарда шағын несие беру көбейтілуде. Үкімет экспортқа бағдарланған ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдаудың барлық шараларын қабылдап жатыр.

«АҚТӨБЕНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕМЕНШІК СЕРІКТЕСТІК БАҒЫТЫНДА ӨТЕ ҮЛКЕН ТӘЖІРИБЕСІ БАР»

Кездесу соңында Бақытжан Сағынтаев өңірдің де, жалпы еліміздің де экономикасын әртараптандырудың және жаңа экономика үшін жаңа кадрлар даярлаудың маңыздылығын баса айтты. Қазақстанда адам капиталының сапасын арттырудың білім беру жүйесін жаңғырту мен одан кейін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету, кәсіпкерлерге арналған арнайы курстардан бастап, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және халықтың баспана жағдайларын жақсартуға дейін бүкіл тізбегін дамыту бойынша жүйелі шаралар қолға алынған.

Облыста алғашқы жартыжылдық 5 пайыздық өсіммен аяқталғаны көрініп тұр. Жыл соңына дейін қарқын төмендемейді деп ойлаймыз. Бұл республикаға облыстың қосқан үлесі деп есептейміз. Негізгі айтылған мәселелердің бәрі дұрыс. Дегенмен де цифрландыруға көп көңіл бөлу керек. Цифрландыру деп айтқанда тек өндіріс саласының ғана емес, жалпы экономиканы цифрландыру қажет. Сонда шығындар төмендейді. Тек бюджеттік емес, адамдардың да шығыны азаяды. Бұл қолайлы әрі тиімді, оның үстіне кедергілерді жояды. Ауылдағы интернет желісінің жылдамдығы төмен екені белгілі. 2021 жылға дейін бағдарлама қабылданып, 1230 ауылға  кең жолақты интернет жеткізу жоспарда бар. Бұл бағытта аудан орталығы, Ақтөбе қаласының өзінде де  жұмыс жақсы. Бүгінде «Индустрияландыру 4.0» деп айтамыз. Қазақстан бойынша 600 кәсіпорынға талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша кәсіпорындардың басым көпшілігі «Индустрия 1.0», «Индустрия 2.0» көлемінде қалып қойған. Яғни заман талабына сай келмейді. Салынып жатқан кәсіпорындар жаңа технологияны пайдаланады, ал бұрынғы өндіріс орындары өзгеріс енгізуі керек. Егер өзгеріс болмаса, бәсекеге төтеп бере алмай, өнімдері сатылмай қалады. Соңында тарифті төмендету, субсидия сұрайды. Бұл дұрыс емес. Өндіріс орны технологияны ауыстырып, өнімнің өзіндік құнын төмендетуі шарт, — деген Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде кәсіпкерлікті дамытуда тау-кен, мұнай, шикізаттан өтіп, әлеуметтік экономиканы, қызмет көрсету саласын алға жылжытуы керектігін айтты. Айналымы 2 миллион теңгеден асатын кәсіпорындарды көбейтіп, микробизнесті шағын және орта бизнеске жеткізу қажеттігіне де тоқталды.

Үкімет басшысы Ақтөбе облысында салынған әлеуметтік нысандарға ерекше ризашылығын білдірді.

— Бұған дейін бірнеше өңірде болдым.  Соңғы екі-үш жылдың көлемінде бірде-бір облыста дәл Ақтөбедегідей әлеуметтік нысандар салынған жоқ. Спорт, мәдениет, білім, денсаулық сақтау салалары бойынша Ақтөбе облысы қатты дамыған. Бұл — жаңа экономикаға көшудің бір саласы. Жұмыс көзінің бәрі тек қана өндірісте емес, қызмет көрсету саласында көп жұмыс бар. Дамыған Еуропа елдерінде шағын және орта бизнес экономиканың 60-70 пайызын құрап отыр. Сол кезде шикізат бағасы өскенімен, дамуға еш кедергі келтірмейді. Бізге де сол бағытты дамыту керек. Адами капитал мәселесі жоғары деңгейге қойылуы қажет.  Жаңа экономикалық дамуға көшеміз десек, жаңа біліммен келген, жаңа көзқарастағы  адам қажет болады. Егер балабақшадан бастап, университетке дейін ескі тәсілмен жұмыс істесе, оны қалай дайындаймыз? Сондықтан күшті білім саласына салу керек. Колледждердегі әдістемелерді өзгерту шарт. Мамандықтарды нақтылап, оларға қалай білім берілетіні қаралғаны дұрыс. Себебі колледждерде бәрі ескі әдіспен қалып қойған. Зауытта болған кезімде инженерлердің қайдан екенін сұрадым. Бәрі жергілікті жерден, бірақ Қытайға барып тәжірибе жинап келген. Неге Қытайға барып оқиды? Базаны құрып, білімді жергілікті жерде беруге болады. Бізде мүмкіндіктің бәрі бар. Егер бәрін реттемесек, маманның бәрін шетелден тасып, шетелге оқытып жүре береміз. Бұл мәселе университетке де байланысты. Біз баламызды жоғары оқу орнына түсіруге талпынамыз. Тиімді ме, сол жолмен жүре ме деген сұрақ көбіне ата-ананы ойландырмайды. Жоғары білім алды, дипломы бар дегені маңызды. Ал колледжде оқыса, одан да жақсы маман шығады. Мәселен, Францияда бір миллиардер азамат «Мектеп 42» деген оқу орнын ашты. Ол жерде екі  жыл оқиды, диплом берілмейді. Егер сол тегін оқуды тастап кетсе, айыппұл төлейді. Бір жылдан кейін оқымай, кететін болса, 5 мың доллар айыппұл төлейді. Онда қызыл, көк диплом деген жоқ. Оқып, сертификат алған түлекті жұмысқа алуға үлкен кәсіпорындар кезекке тұрады. Кәсіпкер үшін сұранысқа ие өнім шығару үшін қызыл дипломның қажеті жоқ. Ол маман ретінде бағаланады, одан ой мен инновациялық көзқарасын талап етеді. «Алтын белгі» де керек емес. Сондай колледждер бізге де керек. Мәселен, «Шеврон» компаниясы Атырауда колледж ашты. Қызыл дипломмен бітірген мамандар да сол колледжде оқиды.

Әрбір адам білімді, денсаулығы мықты болуы керек. Бұл салада үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Офтальмологиялық орталықты көрдім. Осындай орталықты өзіміздің кәсіпкерлер салғанда шын мәнінде мақтанасың, қолымыздан іс келетінін көрсетіп отыр. Мүмкіндік болып, жер берілсе, олар Астанада да салуға дайын. Ұсынысты қарайтын боламыз, — деген ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде ауыл шаруашылығы бойынша бағдарламаға өзгерістер енгізілгенін айтты.

Ауыл шаруашылығында кәсіпкерлерді жаппай қолдау болмайды. Егерде шығаратын өнім экспортқа бағытталған болса, көмектесеміз, барлық жағдайды жасаймыз. Жерге еккен дәннен, шетелге сатылған өнімге дейін қолдау болады. Ал бүгінгі жағдайда қаламыз десе, ішкі нарықты игеруге мүмкіндік бар. Бір қиыны — болашақта бәсекеге төтеп бере алмауы мүмкін. Сондықтан талпынып, өнімді сапалы шығару керек. Мәселен, сүт, ет өнімдерін Белоруссия, Украинадан әкеліп жүрміз. Мүмкіндік бар. Өнімді сапалы шығару керек. Ауыл шаруашылығында 3 миллиард теңгеге жуық өнімді импорттаймыз. Ішкі сұранысты толық қамту да маңызды, — деген Үкімет басшысы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жиын барысында айтқан өтініштеріне қатысты былай деді: «Елбасы тапсырмасы бойынша  төртінші мұнай өңдеу зауытының жобасы жасалып жатыр. Қыркүйек айында дайын болады. Оның қайда салынатыны сол кезде белгілі болады. «Бұқара-Орал» газ құбыры жобасы да қаралады. «AltynEx» тау-металлургия комбинатына қатысты айтар болсам, бізде «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында ақшаның басым бөлігі ірі кәсіпорындарға кетіп жатыр. Оның инвестиция көлемі де, ашылатын жұмыс орнының саны да жоғары болады. Нәтижесінде шағын кәсіпкерлік қолдаусыз қалады. Сондықтан оның басқа да жолын іздеу керек. Сондықтан бұл мәселелер бізде жан-жақты қаралатын болады. Мектептер мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынуы керек. Пилоттық жобаға кірген соң, мектептер сол жолмен салынуы керек. Бұл орайда Ақтөбенің әлеуметтік саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағытында өте үлкен тәжірибесі бар. Әрине, мүмкіндігінше республика көмегін береді, — деп сөзін қорытындылаған Үкімет басшысы облыста жасалып жатқан жұмыстарға көңілі толатынын айтты.

Арайлым НҰРБАЕВА.

]]>
/?feed=rss2&p=68184 0
Өндіріс орындарын аралады /?p=68179 /?p=68179#respond Sat, 14 Jul 2018 05:19:00 +0000 /?p=68179 Үш зауыттың әлеуеті

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған топ әуелі Мұғалжар ауданына келді. Осындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралады, атап айтқанда, Жаңажол вахталық кентінің дамуымен танысты. Премьер-Министрге газ өңдеу зауытында табиғи ілеспе газды өңдеудің автоматтандырылған процесі көрсетілді, осы жерде Алтынды ауылындағы «Altyn EX» ЖШС тау-кен байыту комбинатының және Жаңатаң ауылындағы «Газ процессинг компани» ЖШС газ өңдеу зауыты құрылысының макеттік нұсқалары таныстырылды.

Бақытжан Сағынтаев облыс экономикасының маңызды нысандарының бірі және өңірлік Индустрияландыру картасына кіретін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ газ өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Жоба «Жаңажол» кен орнында іске асырылған және мұнай дайындауға, ілеспе мұнай газын күкіртті сутегінен және меркаптандардан тазартуға, ал алынған күкіртті сутегінен күкірт шығаруға, сондай-ақ сұйытылған газ алуға мамандандырылған. Құны 151 миллиард теңге болатын мұнайгазөңдеу кешенінің облыс, ел экономикасында алатын орны ерекше. 2016 жылы зауыттың үшінші кезеңі іске қосылды.

Кешеннің басшысы Б.Тасмағамбетов зауыт толықтай автоматтандырылғанын айтты. Газ өңдеу зауытында өндірілетін тауарлық газ «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральді газ құбыры арқылы оңтүстік өңірлерге жеткізіледі, осылайша Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасы» аясында елімізді газбен жабдықтауға ерекше үлес қосады.

Бүгінде өнім түрлері бойынша өндіріс көлемі: газ дайындау — 6,5 миллиард текше метр; мұнай дайындау — 3,84 миллион тонна; сұйытылған газ өндіру 550 мың тонна құрайды.

Облыс әкімінің орынбасары Қ.Бекенов Премьер-Министрге қолда бар әлеуетті ескере отырып, мұнай-химия зауытын салу міндеті тұрғанын жеткізді, ол жүзеге асса,  Ақтөбе облысының және жалпы Қазақстанның мұнай-химия саласын дамытуға қосымша серпін береді.

Ақтөбе облысы — ірі өнеркәсіптік өңір. Хром қорлары бойынша әлемдік көшбасшы, оның көлемі 400 миллион тоннадан асады. Облыс аумағында көмірсутегі шикізатының болжамды қорларының 30 пайызы шоғырланған, мұнайдың өнеркәсіптік қоры елімізде үшінші орында. Сондай-ақ мұнда алтын, күміс, мыс, мырыш, кобальт, каолин, фосфорит, мұнай битумды жыныстар, құрылыс материалдарын шығаратын шикізаттар алынатын ірі кен орындары бар.

Сонымен қатар Б.Сағынтаевқа Алтынды ауылындағы «Altyn EX» тау-кен металлургия комбинатын салу жобасы таныстырылды. Бүгінгі таңда компания Қазақстандағы құрамында алтыны бар ең ірі кендердің бірі — «Юбилейное» кен орнын әзірлеумен айналысады. Бұған қоса, кәсіпорынның құрылтайшысы Е.Достыбаевтың айтуынша, комбинат құрылысы өнімділікті арттырып, сондай-ақ ДОРЕ (қорытпаны алтын кен орындарынан алып, одан әрі тазарту үшін мұнай аффинаж зауыттарына жібереді) алтын-күміс қорытпасын шығарумен селдір кендерді қайта өңдеуге жол ашатынын айтты.

Жаңа өндіріс орнында заманауи технологиялар және алдыңғы қатарлы жоғары өндірістік жабдықтар қолданылатын болады. Өндірістің жылдық қуаттылығы жылына 5 млн тоннаға дейін құрамында алтыны бар кендерді құрайды. Бұл комбинаттың Қазақстандағы құрамында алтыны бар кендерді өңдеуде екінші орында болуына және еліміздің әлемдік алтын өндірісіндегі пайыздық үлесін арттыруға мүмкіндік береді. 400 миллион доллар инвестиция тартылған құрылысты 2020 жылға қарай аяқтау жоспарланған. Өндіріс іске қосылғаннан кейін 800 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Сонымен қатар Премьер-Министрге «Gas Proсessing Company» ЖШС іске асыратын Байғанин ауданындағы Қожасай кен орнындағы газды кешенді әзірлеу қондырғысын салу жобасы таныстырылды. Жоба жетекшісі Б.Сақтағанов жаңа қондырғы ілеспе газды өңдеу көлемін арттыруға және жаңа өнім түрлерін өндіруге мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Жылдық қуаты 300 млн текше құрғақ бензині алынған газды, 37 000 тонна пропан-бутан техникалық қоспасын, 5 400 тонна газ конденсаты және 10 500 тонна күкіртті құрайды.

«Қондырғы өңірдегі экологияны жақсартады. Себебі ілеспе газ алау арқылы жанбайды. Газды кешенді әзірлеу қондырғысының құрылысын биыл аяқтау жоспарланған. Пайдалану кезеңінде 258 жұмыс орны ашылады», — деп хабарлады жоба жетекшісі Б.Сақтағанов.

ЖӨӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі — 36,5 пайызы ауыл шаруашылығы — 4,8 пайыз, құрылыс — 5,8 пайыз, сауда — 16,8 пайыз, көлік және қаттау — 9,1 пайыз, ақпарат және байланыс — 0,7 пайыз , жылжымайтын мүлік операциялары — 7,1 пайыз, тағы басқалары —19,2 пайыз құрайды.

Биыл 2500-ден астам пәтер пайдалануға беріледі

Ақтөбе қаласында Бақытжан Сағынтаев «Нұр Ақтөбе» шағын ауданының мысалында «Нұрлы жер» және Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы аясындағы жаңа ипотекалық бағдарлама — «7–20–25» бағдарламалары бойынша тұрғын үй құрылысының даму барысымен танысты.

Нысандарды тексеру барысында облыс әкімі Б.Сапарбаев өңірдің құрылыс индустриясының жоғары әлеуетіне ие екенін айтты.

— Бүгінгі таңда 130-дан астам құрылыс кәсіпорны жұмыс істейді, олар жергілікті жұмыс күшімен және құрылыс саласының мамандарымен толығымен қамтамасыз етілген, құрылыс саласында пайдаланылатын 39 қазба кен орны бар. Осының арқасында біз нарық сұраныстарын өзіміздің құрылыс материалдарымызбен 85%-ға қамтамасыз еттік. Биыл 15 мың жер телімін бөлуді жоспарлап отырмыз, оның 11 мыңы Ақтөбе қаласына жақын маңда болады,— деді Б.Сапарбаев.

Үкіметтің қолдауымен, облыста осымен екінші жыл қатарынан тез салынатын несиелік тұрғын үйлер құрылысы бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы табысты іске асырылып жатыр. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 2300-ден астам пәтер пайдалануға берілді. Биыл шамамен 36 аз қабатты және 6 тоғыз қабатты несиелік тұрғын үйлер немесе жалпы ауданы 158,0 мың шаршы метр құрайтын 2500-ден астам пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұдан өзге, «7–20–25» жаңа ипотекалық бағдарламасын қабылдаудың арқасында халықтың барлық санаттары жаңа тұрғын үйді өте икемді шарттармен сатып алуға мүмкіндік алады.

Статистика комитетінің алдын ала деректері бойынша, Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында қаржыландырудың барлық көздерінен тұрғын үй құрылысына 513,3 млрд теңге инвестиция немесе 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 128,4 пайыз бағытталды. 5,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,8 пайыз құрайды. Республика бойынша барлығы 49 667 тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде 20 532-сі жеке үйлер.

Келесі нысан Энергия тиімділігі орталығы болды, онда Премьер-Министр өңірде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының және Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының оныншы міндетінің іске асырылу барысымен танысты.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Жолдауында «ақылды ұлт» үшін «ақылды қалалар» құруды тапсырған болатын. Президент айқындап бергендей, «ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияларды таратудың және бүкіл ел аумағында өмір сүру сапасын арттырудың локомотивіне айналады. Ақтөбе — Smart City жобасы іске асырылып жатқан еліміздегі бес қаланың бірі. Жаңа технологиялардың енгізілуі өсіп келе жатқан қалалар проблемасын тиімді шешіп, инвесторлар үшін олардың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Құрылысы аяқталып қалған Орталық ғимаратын аралау кезінде Бақытжан Сағынтаевқа қаланың орталық диспетчерлік қызметінің, ІІД оперативті басқару орталығының, смарт-ТКШ, геопортал мен халық канцеляриясының жұмыс жүйелері таныстырылды. Аталған қызметтердің барлығы Smart City жобасының құрауыштары болып табылады және Энергия тиімділігі орталығында орналастырылатын болады. Мақсаты — тұрғындарға көрсетілетін барлық коммуналдық қызметтерді үнемдеуді қамтамасыз ету. Алғашқы болып сынақ мерзіміне Орталыққа «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы «Қарғалы» тұрғын үй алабының №4 үйі қосылды. Біртіндеп Орталықпен басқа да шағын аудандар байланыстырылатын болады.

Нысанды аралап көрген соң Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов Премьер-Министрге Smart City жобасын ілгерілету туралы айтып берді, жобаны 2020 жылға дейін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында алты бағыт бойынша іске асыру көзделіп отыр: қауіпсіз қала, «ақылды» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, білім, медицина, интеллектуалды көлік жүйесі, электронды әкімдік. Сонымен қатар қазіргі таңда «Қауіпсіз қала» аппараттық-бағдарламалық кешенін құру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

— Биыл 140 қоғамдық қауіпсіздік камерасын, 15 желілік учаскелерді фотоға түсіру жүйесін, 14 интеллектуалды қиылысты орнату жоспарланған. Болашақта «Қауіпсіз қала» барлық камераларды біріктіруге, сонымен қатар басқа ұйымдар мен жеке бизнестің камераларын біріктіруді қамтамасыз етеді, — деді І.Испанов.

Өз кезегінде, облыс әкімінің орынбасары Қ.Бекенов өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім және денсаулық салаларында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады.

 

 

]]>
/?feed=rss2&p=68179 0
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы сараланды /?p=68174 /?p=68174#respond Sat, 14 Jul 2018 05:09:41 +0000 /?p=68174 Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымовамен бірге «Қазақстандық мұнай жабдықтары зауыты» жауапершілігі шектеулі серіктестігінде болып, цехтарды аралап, шығарылып жатқан өнімдерге баға берді, кәсіпорынның жартыжылдықтағы өнеркәсіптік және инвестициялық қызметімен танысты.

Премьер-министрді зауыт жұмысының жағдайымен таныстырған кәсіпорын директоры Анар Кашлаев инвестиция көлемінің 5 миллиард теңгеге жеткенін хабарлады.

— Зауыт  түрлі көлемдегі сорғы-компрессорлық құбырлар мен орама колонналар шығарады. Кәсіпорынның қуаты — жылына 50 мың тонна. Шикізат Қытай елінен жеткізіледі, — деп зауыт директоры өндірістің негізгі өнімдері туралы айтып өтті. Цехтардағы жабдықтар мен дайын бұйымдарды көрсеткен кезде Анар Кашлаев зауыттың құбыр өндірісінде қазақстандық үлестің 30 пайыз алатынын мәлімдеп, алда одан әрі ұлғайтуға сендірді.

— Кәсіпорында жұмыс жасайтын 124 қызметкер — жергілікті тұрғындар. Тиісті орындардың жұмыс визасымен Қытай Халық Республикасынан 12 маман жұмыс істейді. Алдын ала жасалған келісімшарт бойынша олар екі жылдың ішінде жергілікті тұрғындардан мамандар даярлап шығаруы керек. Кәсіпорынның шығаратын өнімдеріне «Қазақойл Ақтөбе», «Өзенмұнайгаз», «Қарақұдықмұнайгаз», «КаспийМұнай Сервис», «ҚазКит Интернешнл Петролеум Инжиниринг ЛТД», «Busin Procurement Company» ЖШС-лары, басқа да компаниялар  келісімшарттар жасасқан. Үстіміздегі жылдың қаңтарынан бері зауыт 2,6 мың тонна құбыр өнімдерін саудаға шығарып үлгерді, — деді кәсіпорын басшысы.

Бұдан өзге, Б.Сағынтаевқа кәсіпорынды дамыту перспективалары туралы баяндалды. Шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, жалпы инвестициялар көлемі 16 млрд теңге болатын және 100 жаңа жұмыс орнын құрумен «Көміртек күйесі өндірісі» жаңа жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жобаның қуаттылығы жылына 50 мың тонна күйені құрайды.

Осында, зауыт жұмысымен танысқан кезде, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Үкімет басшысына облыстың жартыжылдықтағы өнеркәсіптік және инвестициялық қол жеткен табыстары мен алдағы жоспарлары туралы әңгімеледі, қорытынды көрсеткіштер жазылған қабырғалық материалдар мен кесте-диаграммалар арқылы жан-жақты баяндады. Сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарын цифрландыру және технологиялық жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, индустриялдық аймақтағы игілікті істер хабарланды.

Өңірдегі жол бойындағы сервисті дамыту және автожолдарды жөндеу жоспарын жүзеге асыру туралы да баяндалды. Осылайша, Мемлекет басшысының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың 90 пайыз үлесіне 2022 жылға қарай қол жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жыл сайын жол жөндеу жұмыстарының көлемі артып келе жатқаны айтылды. Облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының желісі 1897 шақырымды құрайды. 2016 жылы 99 шақырым жөнделді, 2017 жылы — 302 шақырым, биыл жалпы сомасы 35,7 млрд теңгеге 404 шақырым жол жөндеу жоспарланған, ал 2019 жылы 43,6 миллиард теңгеге 452 шақырым жөндеу болжанған. «ҚазАвтоЖол» ҰК басқарма төрағасы Ермек Кизатов KazWay павильон-сервисінің жұмысын таныстырды. Оның айтуынша, биыл Ақтөбе облысының аумағында республикалық автожолдар мен «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің бойында ұзындығы 609 шақырым болатын осыған ұқсас жеті павильон орнату жоспарланып отыр.

Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік қағидаты бойынша іске асырылған бірқатар әлеуметтік нысандарды: «Daru Zharygy» офтальмологиялық орталығын, «Алғашқы көмек» ЖШС орталық жедел және шұғыл көмек станциясын, сонымен қатар Жекпе-жек сарайын аралады.

Медициналық ұйымдарды аралау кезінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев Ақтөбе облысының денсаулық сақтаудағы жоғары әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін денсаулық сақтау инфрақұрылымын кешенді жаңғырту іске асырылып жатқанын айтты.

— Облыста бауыр мен бүйрек трансплантациясы (2 жыл ішінде 37 бүйрек ауыстыру және 12 бауыр ауыстыру оталары жасалды), үлкен буындарды эндопротездеу, эндо-бейнехиругиялық емдеу тәсілдерінің кең ауқымы тәрізді бірегей емдеу технологиялары игерілді. Заманауи деңгейдегі генетикалық зертханасы бар Экстракорпоральді ұрықтандыру орталығы ашылды,— деді Ә.Қалиев, ол сонымен қатар медицина кластерін дамытудың бұдан кейінгі жоспарлары туралы баяндады.

Ақтөбе облысында денсаулық сақтауды қаржыландыруға 8,5 миллиард теңге, денсаулық сақтау нысандарын дамытуға — 4,2 миллиард теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 1,9 миллиард теңге қарастырылған. 

Бақытжан Сағынтаев «Daru Zharygy» заманауи офтальмологиялық клиникасында болды. Медициналық мекеме әлемдік сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай келетін АҚШ, Швейцария, Германия, Жапония елдерінің жоғары технологиялық жабдықтарымен және инновациялық технологияларымен жарақталған.

Қазақстанда жыл сайын офтальмологтарға 1 миллионға жуық адам жүгінеді, оның ішінде 400 мыңы бірінші реттік офтальмопатологияға жүгінген. Аталған мәселенің өзектілігі маңызды жобаның іске асырылуына себеп болды. Осылайша, Орталық 2017 жылы желтоқсан айында пайдалануға берілді, ал биылғы жылдың басында кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі механизмі арқылы емделушілерді қабылдай бастады. Орталықтың стационары 60 төсек-орынға және күніне 500 рет қабылдауға шақталған.

Диагностикалық бөлімді аралау кезінде Премьер-Министрге жаңа цифрлық жобалар туралы баяндалды. «Daru Zharygy» орталығының директоры Ғ.Елеуов клиника «Medelement» медициналық ақпараттық жүйесімен жарақталғанын айтты. Қазіргі кезде «Қамқор» жүйелері және «Damumed» мобильді қосымшасы енгізіліп жатыр. МАЖ интеграциясы арқасында дәрігерлер адам денсаулығының толық жай-күйін бақылай алады, алдын ала онлайн-тіркеудің арқасында емханалардағы кезектер азаяды. Емделушілер дәрігердің кеңестерін, рецептілер, еңбекке жарамсыздық парағын, жүргізілген зерттеулер нәтижелерін үйден шықпай-ақ ала алады.

Ақтөбе облысы әкімдігінің деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда медициналық ақпараттық жүйелермен ұйымдардың 81 пайызы қамтылған. 2019 жылдың соңына дейін бұл деңгей 100 пайызға жеткізіледі. Сонымен қатар өңірде ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу жобасы енгізілген.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымының дамуымен танысу «Алғашқы көмек» ЖШС жедел және шұғыл медициналық көмек қалалық станциясын көру барысында жалғасты. Жоба түрік инвесторлармен бірлесіп МЖӘ аясында іске асырылған. Биыл наурыздан бастап Жедел медициналық көмек орталық станциясы жұмыс істей бастады, оның қуаттылығы жылына 75 000 шақыру және 28 санитарлық автомашинаға арналған автогаражы бар.

Аралау кезінде Премьер-Министр жедел жәрдем станциясының құрылымдық бөлімшелерін көріп, диспетчер бөлімінің, call-орталықтың, жедел жәрдем бригадасының жұмысымен танысып, мекеменің қызметкерлерімен кездесті.

Станция ең заманауи жабдықтармен жарақталғанын айта кету керек. Облыс жұртшылығынан қоңырауларды қабылдау үшін «103» бойынша 15 пультке бірыңғай call-орталық құрылған, қоңыраулар қабылданған соң медициналық іріктеулер жүргізіледі. Онлайн режимде тұрғындардан келіп түскен қоңырауларды «Алғашқы көмек» ЖШС оқытылған мамандары қабылдап, қадағалайды. Орталық жедел медициналық жәрдем қызметтерімен, ІІД, ТЖ, өрт сөндіру қызметі, санитарлық авиация органдарымен, апаттар медицинасы өңірлік орталығымен, шұғыл жағдайлардағы науқастарды қабылдайтын қаладағы  стационарларымен жедел байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген, өңірдегі санитарлық автокөлікке жерсеріктік мониторинг жүргізу үшін ресурстармен жарақталған.

«Алғашқы көмек» ЖШС директорының орынбасары Г.Топчу бірыңғай ақпараттық-талдамдық call-орталық жұмысымен қатар электронды шақыру картасы енгізілгенін және жүгінуді қабылдау кезінде гео-кодтау процедурасы жүргізілетінін хабарлады.

— Реанимобиль барлық қажетті аппаратурамен жарақталған. Дефимонитор аппараты электрокардиограмма түсіруге арналған. Ересектер мен балаларға арналған ауыстырылатын блоктары бар, — деді «Алғашқы көмек» ЖШС директоры Б.Түрметов.

Өңірдегі мемлекеттік-жеке әріптестік жобаларымен танысу аясында Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар республикалық және халықаралық деңгейдегі ірі спорттық жарыстарды өткізуге арналған Жекпе-жек сарайын барып көрді.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы М.Махамбетов ғимарат тұғырдағы түрлі жинамалы-құрастырмалы заманауи рингтермен, күресуге арналған кілемдермен, татамилермен және жаттығуға арналған басқа да спорттық жабдықтармен жарақталғанын айтты.

Облыс әкімдігінің деректері бойынша денсаулық сақтауды, мәдениет пен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламалары аясындағы көптеген жобалар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаты бойынша іске асырылып жатыр. Бүгінде өңірде жалпы инвестициялар портфелі 43 миллиард теңге болатын 108 МЖӘ жобалары жүргізілуде.

Ақтөбеде МЖӘ механизмі бойынша Мұз сарайы, Хоккей модулі, Теннис орталығы және Жеңіл атлетика манежі салынып жатыр. Жастар арасында спортты насихаттау және салауатты өмір салты дағдыларын телу мақсатында Ақтөбеде 14 street workout алаң мен скейт-парк салынған. Облыста 28 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі бар, оның ішінде 6-уы — арнайы мектеп. Бұл мектептерде 17 мыңнан астам оқушы 47 спорт түрі бойынша жаттығады.

Облыстағы өнеркәсіптік және әлеуметтік кәсіпорындардағы жұмыстарға тоқталғанда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев:

— Облыс бойынша 195 миллиард теңге көлеміндегі 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, қазіргі сәтте 14 жоба іске қосылды, Бұлар әк, бекітпе бұйымдар, борлау, силикаттық бұйымдар, металл құрастырмалар және металл дүниелер, мертігуден қорғайтын жамылғылар, макарондық және сүт өнімдері, ет комбинаты, құрамында хром бар қалдықтарды өңдейтін, мұнайгаз жабдықтары мен құбырлар, шыны жуатын арнаулы сұйықтар, шағын мұнай өңдеу зауыты, үй құрылысы комбинаты — деп нақтылай түсті.

Бұл жобалардың инвестициялық жалпы көлемі 19 миллиард теңге құрап, 1100-ден астам жұмыс орны ашылды. Бұдан бөлек, жалпы көлемі 175,9 миллиард теңгенің 9 жобасы жүзеге асырылу үстінде. Мұның осы жылы төрт жобасы іске қосылмақ. Ол 29,4 миллиард теңге шамасында, 508 жаңа жұмыс орны құрылады. Бұлардың ішінде Шалқардың минералдық су шығаратын зауыты, Қожасай кен көзіндегі газды кешенді шығаруға дайындау қондырғысы, керамикалық гранит пен керамикалық тақта өндіретін зауыт, күнбағыс майын беретін өндіріс бар.

Қалған 146,5 миллиард теңгенің 5 инвестициялық жобасын 2019-жылдан 2021 жылға дейін іске қосу жоспарланған.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Премер-Министрге «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолы бойындағы сервистік қызмет, аймақтың көлік инфрақұрылымы, индустриялдық аймақтағы жүзеге асырылатын жобалар және ол жерлердегі жұмыс жасап жатқан кәсіпорындар туралы да баяндады.

— Бүгінгі күні бұл аумақта 80 миллиард теңгенің 15 жобасы жүзеге асырылып, 1600 жұмыс орны құрылады. Қазірдің өзінде оның төртеуі іске қосылды. Бұлар: полиэтилен өнімдері өндірісі, үш қабатты қабырғалы блоктар, жарақат алудан қорғайтын резина жамылғылар. 155 гектар индустриялдық аймақ алаңының қазірдің өзінде 94 гектары игерілді, — деді облыс әкімі.

Сонымен бірге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы жылы тағы да 15,3 миллиард теңгенің 8 жобасы жүзеге асырылып, 535 жұмыс орны ашылады деп сендірді. Ал алдағы 2019 жылы облыста тағы да 4 жоба жүзеге асырылады.

Облыс әкімінің баяндамасын мұқият тыңдаған Бақытжан Сағынтаев жол бойы сервисіне байланысты құрылыстардың саны мен нақты қашан бітетініне байланысты сауалдар қойып, айрықша назар аударып, индустриялдық аймақтағы жұмыстарды қуаттады.

 Санат РАШ.

]]>
/?feed=rss2&p=68174 0
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі — қоғамның дамуына қосылған үлес /?p=68171 /?p=68171#respond Sat, 14 Jul 2018 05:01:40 +0000 /?p=68171 Әр ұжымдағы еңбеккерлердің әлеуметтік жағынан қорғалуы, еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, еңбек қатынастарының заң аясында болуы тек еңбек өнімділігіне ғана емес, ел ішіндегі тұрақтылыққа да әсер етеді.

Кеше Ақтөбеде, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен өткен «Компаниялардың әлеуметтік саясаты: тәжірибесі және даму перспективалары» атты семинар-кеңесте осы мәселелер талқыланды. Жиын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның ғимаратында өтті.

Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ, батыс облыстары әкімдерінің орынбасарлары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық жұмыс берушілер ассоциацияларының, ҚР кәсіподақтар федерациясының, аумақтық, салалық және жергілікті кәсіподақтардың, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жиынды аша отырып сөйлеген сөзінде еңбеккерлердің көңіл күйі, еңбек қатынастарында заң талаптарының сақталуы мәселелерінің маңыздылығына айрықша тоқталды. Ол бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде 2008 жылы Жезқазғанда өткен республикалық форум барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық қазақстандық бизнес көшбасшыларына «Табыспен бірге жауапкершілік» формуласын ұсынғанын еске салды.

— Әр компаниядан, әр ұжым басшысынан әлеуметтік жауапкершілікті сезіну талап етіледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет пен бизнестің тек экономикалық қана емес, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерді шешуде де толыққанды серіктес болуы керектігін атап өткен еді. Еңбек қақтығыстарының алдын алудың елдегі тұрақтылықты сақтауда да маңызы зор, сондықтан бұл мәселе әрдайым басты назарда болады, — деді облыс басшысы.

Бердібек Сапарбаев осы бағытта біздің облыста жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Келтірілген деректерге сай, бүгінде облыс әкімдігі, облыстық кәсіподақтар кеңесі мен жұмыс берушілер арасында, әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету, еңбек қатынастарын реттеу мақсатында, 4700 меморандумға қол қойылған.

— Біз әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу, еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру мәселелерін барлық ірі және орташа кәсіпорындар басшыларымен бірлесе талдап, соның нәтижесінде 4700 меморандумға қол қойылды. Еліміздің басқа өңірлеріндегі секілді, осы мәселелерге орай құрылған облыстық штаб пен үшжақты комиссия тұрақты жұмыс істейді. Кәсіпорындар мен мекемелердің 75 пайызында ұжымдық келісімшарттар жасалған. Тұрғындарды жұмыспен қамту, еңбекақының уақытылы төленуі, қысқартуға ұшыраған азаматтар мен жаңадан ашылатын жұмыс орындарының саны, түрлі даулы жағдайлардың алдын алу мәселелерін әрдайым бақылауда ұстап отырмыз, — деді облыс басшысы.

Оның айтуынша, бүгінгі күні облыстағы кәсіпорындар мен мекемелерде жаппай қысқарту оқиғалары орын алмаған. Сондай-ақ, облыс басшысы қазіргі күні 7 кәсіпорынның еңбекақы бойынша қарызы барын және бұл мәселенің бақылауға алынғанын айтты.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова жиында сөйлеген сөзінде алдымен азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын реттеу мәселесінде кәсіподақ ұйымдарының белсенділігін көтерудің маңызын атап өтіп, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсу керектігіне тоқталды.

Министр бұл жиында корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті дамытуда батыс өңірдегі кәсіпорындардың өзара тәжірибе бөлісетінін, ал мұның өте маңызды екенін де атап көрсетті. Бүгінгі күні батыс аймақтағы 4 облыста 20 мыңнан астам кәсіпорын бар, осы кәсіпорындарда 1 миллионнан астам адам еңбек етеді. Батыс өңірлер бойынша орташа жалақы республикалық көрсеткіштен жоғары. Барлық ірі және орташа кәсіпорындардың 95 пайызында ұжымдық келісімшарттар жасалған.

Министр Мәдина Әбілқасымова деректерді алға тарта:

— Өкінішке қарай, елімізде жыл сайын орта есеппен 1,5 мың адам өндірістік жарақат алып, олардың 250-і қаза табады. Өндірістік жарақаттардың 20 пайызы батыс облыстардан тіркеліп отыр, — дей келіп, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне айрықша тоқталды.

Сондай-ақ, ол шетелдік компанияларда жұмыс жасайтын азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы әрдайым назарда ұсталатынын, осы бағытта жүргізілген тексерулердің қорытындыларын айтты.

Жиында ҚР кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Марат Тоқжанов еңбеккерлер мен жұмыс берушілер арасындағы қатынастарды реттеудегі кәсіподақтардың ролі жөнінде айтып, кәсіподақ қозғалысын дамыту мақсатында өз ұсыныстарын жеткізді. Ал «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының әлеуметтік сала мен әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті дамыту мәселелеріне тоқталды. Ол бүкіл әлемде үлкен өзгерістер жүріп жатқан қазіргі уақытта кәсіпкерлердің әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене араласуы керектігін атап көрсетті.

Жиында, сондай-ақ, «Теңізшевройл» ЖШС-ның үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» ЖШС бас директорының орынбасары Марат Кәрімов, «СНПС — Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның бас директоры Ван Цзюньжэнь, т.б. бірқатар кәсіпорындар басшылары мінбеге көтеріліп, өз компанияларында еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мақсатында жасалып жатқан істер жөнінде баяндады.

Жиын соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі залдан түскен сауалдарға жауап берді.

— Компаниялардың әлеуметтік саясаты еңбеккерлер мен жұмысшылардың өзара қарым-қатынасына, еңбек өнімділігін арттыруға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ, еңбек қатынастарындағы түрлі даулы мәселелердің алдын алуда, еңбеккерлер құқығын қорғауда кәсіподақтар қызметін жандандыра түсу керектігін тағы да атап өткім келеді. Еліміз бойынша кәсіподақ ұйымдарына мүше еңбеккерлердің қатары әлі де өссе түссе дейміз, — деді Мәдина Әбілқасымова.

Индира ӨТЕМІС.

]]>
/?feed=rss2&p=68171 0
Жұмысшыларға 90 пәтер берілді /?p=68168 /?p=68168#respond Sat, 14 Jul 2018 04:57:39 +0000 /?p=68168 «Казхром» ТҰҚ АҚ филиалы — Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 75 жылдық тойы қарсаңында зауыттың бірқатар қызметкерлеріне баспана кілттері табыс етілді.
Мерейтойлық іс-шаралар шеңберінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Еуразиялық Топтың басқарма төрағасы Серік Шахажанов, «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті Арман Есенжолов Батыс-2 шағын ауданында салынған 90 пәтерлік жаңа үйге барды. Мерекелік салтанат барысында өндірістегі тапшы кәсіп иелеріне, кәсіпорынның жас және білікті мамандарына пәтер кілттері тапсырылды. «Казхром» ТҰҚ АҚ президенті А.Есенжолов пен облыс әкімі Б.Сапарбаев төл мереке иелерін Металлургтер күнімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі:
— Əр адам үшін баспананың болуы аса маңызды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының негізгі бағыты да осы— Қазақстан тұрғындарының тұрмыс-тіршілігінің жақсы болуы, баспанамен қамтамасыз етілуі. Осы бағытта елімізде «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» секілді бірнеше бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. ERG компаниясы тарапынан 15 жылда өз қызметкерлеріне арнап 12 үй берілді. Соңғы екі аптаның ішінде Ақтөбе облысының өзінде екінші үй беріліп отыр. Оның бірі 4 шілде күні Хромтау қаласындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының жұмысшыларына берілсе, екіншісі, міне, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 75 жылдығы қарсаңында аталған зауыт жұмысшыларына беріліп отыр. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының облыс экономикасының дамуында  маңызы зор. Кәсіпорын өз кадрларына барынша жағдай жасап отыр, бұл кәсіби білікті мамандардың басқа өндірістерге кетіп қалмауына, тұрақты жұмыс істеуіне, ертеңіне сеніммен қарауына септігін тигізеді, —  деді облыс әкімі Б.Сапарбаев.
Жаңа тұрғын үйдегі бір шаршы метрдің құны шамамен 110 мың теңге. Еуразиялық топтың тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтерлерді 20 жылға дейін төмен пайыздық мөлшерлемемен сатып алу құқығымен жалға беру қарастырылған. Бұл іс-шара Елбасының «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қазақстан ипотекалық компаниямен арадағы келісімге сәйкес жүзеге асырылды. Тұрғын үйді рәсімдеу «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы» бойынша жүргізіледі.
Салтанатты мереке барысында металлургтерді Еуразиялық Топтың басқарма төрағасы Серік Шахажанов, «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті Арман Есенжоловтар да құттықтады.
Айта кету керек, бұл Ақтөбе қаласында ферроқорытпа зауытының жұмысшылары мен басқарма аппаратына Еуразиялық топтың тұрғын үй бағдарламасын іске асыру шеңберінде беріліп отырған үшінші үй. 2006 жылдан бастап аталған бағдарлама аясында Ақтөбе қаласында Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 264 жұмысшысы баспаналы болды.
Бұдан соң Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Еуразиялық Топ пен «Қазхром» басшылығы Тұңғыш Президент атындағы саябақта өткзілген мерекелік іс-шараға қатысты. Бұл салтанатты шараға кәсіпорынның бұрынғы директорлары, зауыт ардагерлері мен жұмысшылары шақырылған.

Мейрамгүл РАХАТҚЫЗЫ.

]]>
/?feed=rss2&p=68168 0
Үздік тауар өндірушілер анықталды /?p=68163 /?p=68163#respond Thu, 12 Jul 2018 05:54:29 +0000 /?p=68163 Кеше Ақтөбеде «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының өңірлік кезеңінің жеңімпаздары жарияланды. Байқауға облыстағы қырыққа жуық жетекші кәсіпорындар қатысты.

— Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған басты міндеттердің бірі — әлемнің дамыған отыз елінің қатарына тезірек ену. Ал бұл мақсатқа жету үшін экономиканың өндірістік секторын кеңінен дамыту қажет. Президенттің тапсырмаларына сәйкес «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-байқауы елімізде 13-рет өтіп жатыр. Бұл — қолда бар әлеуетті көрсетіп қана қоймай, кәсіпорын шығаратын өнім сапасын үнемі арттырып отыруға, халықаралық стандарттарды енгізуге жетелейтін тамаша дәстүр, — деді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев кәсіпкерлер алдында сөйлеген сөзінде.

Ол мұндай жарыстарға қатысу тауар өндірушілердің іскерлік бағыттағы серіктестігін одан әрі дамытуға кең жол ашатынын атап өтті. Осы мақсатта Ақтөбе облысында шағын және орта бизнес субъектілеріне, яғни сатып алу процедурасының әлеуетті қатысушылары үшін ірі кәсіпорындардың Ашық есік күндері өткізілуде. Осыған ұқсас шаралар «Қазхром» ТҰК» АҚ, «СНПС – Ақтөбемұнайгаз» ЖШС, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС мекемелерінде ұйымдастырылды.

— Біздің басты мақсатымыз — кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша кедергісіз орта жасау. Бүгінде біздің өндірістегі көрсеткіштеріміз жаман емес. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі ақшаға шаққанда 1,6 триллион теңгеге жетті. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 870 миллиард теңгеге өнім өндірілген, бұл былтырғы жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5%-ға көбірек, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Сарапшы комиссия байқау жеңімпаздарын үш аталым бойынша жариялады. «Өндірістік бағыттағы үздік тауарлар» аталымында «Ақтөбе өртке қарсы жабдықтар зауыты» бірінші орынды иеленді. «Ақтөбе өртке қарсы жабдықтар зауыты» — өрт сөндірудің бастапқы құралдарын сапалы әрі заманауи етіп шығаратын мамандандырылған желі. Зауыт өнімі мемлекеттік стандарттардың барлық талаптарына сай келеді, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Ғылыми зерттеу институтының аккредитациясынан өткен. Бұл аталымның екінші және үшінші орындары «ПО Глобал-Спецодежда» ЖШС мен «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-на бұйырды.

«Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымының көшбасындағы үштігіне бөлмеаралық есіктер  шығаратын «West Line doors» ЖШС, тұрмыстық қағаз өнімін өндіретін «Қаз Қағаз» ЖШС мен «Ақсу» жиһаз фабрикасы енді. «Үздік азық-түлік тауарлары»  аталымында бірінші орын  таңқурай өсірумен айналысатын «Болат ЛТД» ЖШС-на берілді, екінші және үшінші орындарға ұнның барлық сұрпын, макарон өнімдерін, жарма, нан-тоқаш және кондитер өнімдерін, тауық жұмыртқасын өндіретін «Ақтөбе ет кластері» ЖШС мен «Рамазан» ЖШС ие болды.

Өңірлік кезеңнің жеңімпаздары «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқауында Ақтөбе облысын таныстырмақшы.

Нұрмұханбет ДИЯРОВ.

]]>
/?feed=rss2&p=68163 0
Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевқа /?p=68160 /?p=68160#respond Thu, 12 Jul 2018 05:51:12 +0000 /?p=68160 Құрметті Бердібек Машбекұлы!

Сізді және бүкіл Ақтөбе облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы — барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.

Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла кірісті.

«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Ақтөбе облысы да елорданың дамуына атсалысуда.

Барлық өңірлер тарту етіп жатқан жаңа нысандар халықтың игілігіне қызмет ететін болады.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

 Н.НАЗАРБАЕВ.

 

]]>
/?feed=rss2&p=68160 0
Президенттің бес әлеуметтік бастамасы: қосымша 20 мың грант бөлінді /?p=68157 /?p=68157#respond Thu, 12 Jul 2018 05:48:26 +0000 /?p=68157 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Михаил Чирков сейсенбі күні Ақтөбедегі Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында этномәдени бірлестіктер өкілдерімен кездесті.

Кездесуге, сондай-ақ облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар қанатының мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Нұрбақыт Барбосынов жүргізіп отырды.

Парламент депутаты сөзінің басында жұмыс сапарының мақсаты жөнінде айтты:

— Біздер, депутаттар, тек жазғы каникулдың кезінде ғана емес, жылына 4 рет өңірлерге жұмыс сапарымен шығамыз. Келесі сессияда назарға алу үшін, халықты толғандырған мәселелер, олардың сауалдарын тыңдауды мақсат тұтамыз. Айталық, үшінші сессияда 128 заң жобасын талқылап, оның 91-ін Сенаттың қарауына жібердік, — деді ол.

Депутат Михаил Чирков өз сөзінде Президенттің бес әлеуметтік бастамасына кеңінен тоқталып, оларды жүзеге асыру жолында жасалып жатқан істер туралы егжей-тегжейлі баяндады.

— Қарапайым қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Елбасы Ұлттық банк пен Үкіметке «7-20-25» бағдарламасын бірлесе жүзеге асыруды тапсырды. Үстіміздегі шілде айының басынан осы бағдарлама бойынша ипотекалық несиелер беріле бастады, — деді ол.

Сондай-ақ, Михаил Чирков Президенттің бес әлеуметтік бастамасында техникалық мамандықтар бойынша гранттар саны көбейтілгені, мұның жастардың болашағы үшін өте маңызды екенін атап өтті.

— 2018-2019 оқу жылына қосымша 20 мың білім гранты бөлініп отыр. Оның 11 мыңы сандық технологиялар, робототехника, нано-технология және басқа салалар бойынша техникалық мамандар даярлауға бөлініп отыр. Техникалық мамандықтарды игеру жастарымыздың болашағына игі әсер етеді. Сондай-ақ, Елбасы еліміздің оқу орындарында білім алып жатқан жастарға қолайлы жағдай жасау мәселесін де назардан тыс қалдырмады. Мысалы, Астанадағы медициналық университеттің студенттері жатақханада орын тапшылығы себепті, өздерінің оқу ғимаратынан алыс жерден пәтер жалдауға мәжбүр екендіктерін, әсіресе, қыс кезінде ұзақ жолда тоңып қалатындарын айтып, маған бірнеше рет арызданған еді. Президенттің бес әлеуметтік бастамасында көрсетілген тапсырмалардан кейін, қала әкімдігі аталған оқу орнына жатақхана тұрғызуға жер телімін бөлді. Қазіргі күні жобалық-сметалық құжаттар да әзір. Енді аз уақытта университет қаржысына жатақхана тұрғызыла бастайды. Осындай жұмыстар барлық өңірлерде қолға алынды, — деді депутат.

Кездесуде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің Парламент депутатына қойған сауалдары да, негізінен, Президенттің бес әлеуметтік бастамасында алға қойылған міндеттер төңірегінде болды.

Жиында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Сергей Вишняк, Қазақстан корейлер қауымдастығының Ақтөбе қаласы бойынша төрағасы Константин Цхай, т.б. өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Депутат Михаил Чирков осы күні «Қазақстан» ұлттық арнасының филиалы —«Ақтөбе» телеарнасында да болды. Ол телеарна жанындағы музейді, студияларды аралап көрді және «За строкой Послания» хабарының қонағы болды.

А.САРЫБАЙ.

]]>
/?feed=rss2&p=68157 0
Құжаттар зерделенуі керек /?p=68154 /?p=68154#respond Thu, 12 Jul 2018 05:46:17 +0000 /?p=68154 Әдеп жөніндегі кеңес

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезектен тыс отырысында Алға ауданы әкімдігінің бөлім басшыларына  қатысты қозғалған тәртіптік істер қаралды.

Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және қаржылық жұмыстар бөлімінің басшысы Бауыржан Досымов және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ескендір Бекіш мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жазаланды.

Қызметтік тексеру барысында конкурстық рәсімдердің бұзылғаны анықталды. Жоғары лауазымға тағайындалған мемлекеттік қызметші белгіленген талаптарға сәйкес болмай шықты. Құжаттарда үміткердің қызметтік тізімі мен хабарландырудың мәтіні болмаған. Бұған қарамастан, конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері болған аталған шенеуніктер үміткердің құжаттарын зерделемей, қаттамаға қол қойған.

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілерге де қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза берді.

 Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.

]]>
/?feed=rss2&p=68154 0
Білім беру гранты: өтініштер 18 шілдеден бастап қабылданады /?p=68150 /?p=68150#respond Thu, 12 Jul 2018 05:40:52 +0000 /?p=68150 ҰБТ  қорытындысы бойынша  білім беру грантына арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштер 18-26 шілде аралығында қабылданады. Мемлекеттік білім гранты республикалық бюджет қаражаты есебінен бөлінеді.

Республикалық комиссияның отырысы 27 шілде мен 5 тамыз аралығында өткізіледі.

Талапкер конкурсқа қатысу үшін өтініште өзі таңдаған мамандық пен жоғары оқу орнын көрсетеді. Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда төрт мамандықты көрсете алады.

  • Конкурсқа қатысу үшін ұлттық жоғары оқу орындарына түсуге, шығармашылық емтихандар тапсыруды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, тестілеу нәтижелері бойынша — кемінде 65 балл жинау қажет. Ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтары топтары бойынша — кемінде 60 балл болу керек. Еліміздегі басқа жоғары оқу орнында өтетін конкурсқа қатысу үшін шектік балл — 50 ұпай. Айта кету керек, «Жалпы медицина» мамандығы бойынша да кем дегенде 65 балл жинаған түлек қана конкурсқа қатыса алады. Оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы — оқыту тілі бойынша — кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл жинау қажет, — дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Құлыбекова.

Шығармашылық емтихандар тапсыруды талап ететін мамандықтар бойынша конкурсқа қатысу үшін ұлттық жоғары оқу орнына түсуге тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша  — кемінде 65 балл, ал «Білім беру» мамандықтарының тобы бойынша — кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орнына — кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқыту тілі бойынша — кемінде 5 балл және әрбір шығармашылық емтихан бойынша — кемінде 5 балл жинау қажет.

Шығармашылық емтихандар тапсыруды талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілерге конкурсқа қатысу үшін тестілеу нәтижелері бойынша — кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша — кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша — кемінде 5 балл жинау қажет.

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына құжаттар тапсырады.  Қажетті құжаттар:

*** белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

*** білімі туралы құжат (түпнұсқа);

*** ҰБТ немесе ТКТ сертификат;

*** 3×4 көлеміндегі екі фотосурет;

*** 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

*** жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Айта кету керек, білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтына ілінеді.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

]]>
/?feed=rss2&p=68150 0