Басты бет » Құқық (page 2)

Құқық

Қоғамдық көлік жүргізушілері жауапқа тартылды

Былтыр облыста қылмыстық құқықбұзушылықтың деңгейі 19,8 пайызға азайды. Облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Қаныбек Жақсығалиев 2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары және құқықтық тәртіптің жағдайы туралы өткізген брифингте мәлім болды. Брифингте Қ.Жақсығалиев өткен жылғы қылмыстың деңгейін әрі қоғамда құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің жағдайын 5 бағыт бойынша баяндады. Облыста қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жол қозғалысы ...

Жалғасы »

Татуластыру рәсімі — төте жол

Сот Қазіргі кезде сот процестері барынша ашық және халыққа қолжетімді. Кез келген адам тікелей не заманауи технологияларды пайдаланып сотқа арыздана алады, азаматтардың өз құқықтарын сотта қорғауына кедергі жоқ. Сонымен қатар бүгінгі күні соттар алдында дауды шешудің баламалы жолдарын кеңінен қолдану міндеті тұр. Даудың шешімін татуластыру рәсімдерін пайдалану арқылы табу іске қатысушылардың өздеріне тиімді екені түсінікті. 2015 жылғы 31 қазанда қабылданған ...

Жалғасы »

Судьялықтан үміткерге көзқарасыңызды білдіріңіз

Ақтөбе облыстық соты соттардың беделін арттыру, олардың қызметіндегі жариялылықты, ашықтық пен демократиялық бастауларды кеңейте түсу жөніндегі шараларды жүзеге асыра отырып, біліктілік емтихандарын тапсырған және қалалық, аудандық соттардағы бос тұрған судьялық лауазым конкурсына қатысуға үміткер тұлғалардың іскерлік, кәсіби, жеке және моральдық қасиеттерін терең зерттеудің қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік қызметшілер — судьяларға мемлекеттік талапты күшейту, олардың кәсіби біліктілігі, отаншылдығы, тәртібі, моральдық және ...

Жалғасы »

Куәгерлерден жауап алынды

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ағайынды төртеу» атты ұйымдасқан қылмысқа қатысты сот ісі жалғасып жатыр. Атышулы қылмыстық істі судья Ахметқали Молдағалиев қарап жатыр. Сот процесі ашық түрде жүргізілуде. Кеше сотта куәгерлер мен осы іске қатысты негізгі фигуранттардың бағыныштыларынан жауап алынды. Олардың бірі  —  айыпталушы Нұрлан Ноғаевтың бұрынғы бағыныштысы болған Жиенбаев. Белгілі болғандай, Ноғаев бизнесте үлесі бар «ТазаДалаКом» жауапкершілігі ...

Жалғасы »

Сыйлық алсаң, айыппұл төлейсің

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің  өкілдері мемлекеттік мекемелерге рейд жүргізді. Мақсат — мекеме қызметкерлерін мереке қарсаңында сыйлық алмауға шақыру, жемқорлықтың алдын алу. Департамент қызметкерлерімен бірге арнайы құрылған мониторинг топтың мүшелері және БАҚ өкілдері де рейдке шықты. Олар бірнеше бағыт бойынша қаладағы барлық мемлекеттік мекемелерді аралап, профилактикалық мақсатта түсіндіру жұмыстарын ...

Жалғасы »

Жемқорлық түбі — жаза

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің шынайы әрі дұрыс бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамдағы демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы, бұл адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдік туралы ойына, түптеп келгенде билікке деген оң көзқарасына кері әсерін тигізеді. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдардағы халыққа Жолдауларында жақсы айтылған. Әйтсе де, жемқорлықпен ...

Жалғасы »

Сот процесі жалғасып жатыр

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ағайынды төртеу» деп аталатын қылмыстық топқа қатысты сот процесі ашық түрде жүріп жатыр.    Облыстық сот мамандарының мәліметінше, «Ағайынды төртеуге» қатысты сот процесі күн сайын ашық түрде өтуде. Тек қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасардың денсаулығы сыр берген жағдайда ғана сот процесі кейінге шегеріледі. Кеше түстен кейін сот ғимараты залында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ...

Жалғасы »

Реформа және заң үстемдігі

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайырбек Елемесов Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне дәріс оқыды. Ол Ұлт жоспарының іске асырылуы туралы айтып, сот жүйесіндегі екінші институционалдық реформа – заң үстемдігінің құрылуы аясында қысқа мерзімде іске асырылған 10 мақсатты қадам бекітілгенін атап өтті. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының басқа да аспектілерін жетілдіру және қылмыстық ...

Жалғасы »

Ашықтық пен жариялылық

Сот Көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелердің бірі — сот төрелігінің әділдігі. Себебі осыдан халықтың сотқа деген сенімі туындайды. Еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап сот жүйесін, жалпы құқықтық жүйені дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде соттың жұмысы баршаға мәлім. Заманауи технологиялардың көмегімен әр азамат электронды түрде сотқа арызын ұсынып, ол арыздың қозғалысын кедергісіз бақылай алады. Яғни арыздың сот өндірісіне қабылдануы, істің тағайындалуы, ...

Жалғасы »

Есепте тұрғандар тексерілді

Елімізде қоғамнан оқшаулаумен  байланысты емес жазаға тартылған азаматтарға қатысты профилактикалық жедел шара өтіп жатыр.  Мақсат — қылмыстық атқару жүйесі департаменті аумақтық пробация қызметінде есепте тұрғандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланғандардың тұрғылықты жерін анықтау. Қазіргі күні аумақтық пробация қызметі мен аудандық ішкі істер бөлімі жергілікті полиция қызметкерлері бірлесе отырып, жұмыс тәсілін күшейтілген режимге көшірді. Шара барысында Мұғалжар аудандық №1 ...

Жалғасы »