Басты бет » Мәдениет (page 60)

Мәдениет

Қос қаламгердің мерейтойлары лайықты атап өтіледі

Нәзира Табылдинова: Қос қаламгердің мерейтойлары лайықты атап өтіледі   Биыл Ақтөбенің айтулы перзенттері, қазақ әдебиетінің орны бөлек екі тұлғасы, көрнекті қаламгер Тобық Жармағамбетов пен сыршыл ақын Сағи Жиенбаевтың туғандарына 80 жыл толды. Жерлестері екі ардақтысының мерейтойын қазанның 17-18-19 күндері облыстық деңгейде атап өтеді. Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Нәзира Табылдиновадан екі жазушының мерейтойына орайластырылған  шаралар барысы туралы сұраған ...

Жалғасы »

Оңды аға еді орекең

Облысымыздың тарихына ой жүгірткенде осы өңірдің ілгері дамып, өзгеше түлеуі жолында аянбай еңбек еткен, артында айшықты із қалдырған, замандастары жүрегіне жылы сәуле нұрын себелеп кеткен азаматтар баршылық. Солардың қатарында Оразалы Қозыбаевты талассыз атауға болар еді. Оразалы Әбілұлы Қозыбаев 1975 жылы облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметі тізгінін ұстады. Бұл — Ақтөбені ұзақ жылдар бойы орыс ұлтының өкілдері басқарып, соның өзі заңдылыққа ...

Жалғасы »

Нұрқанат Жақыпбай: көрермен талғамы өзгерді, біз де өзгеруіміз керек

Театр  Астанадағы Жастар театрының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай  Ақтөбеге облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының шақыруымен келіп, Т.Ахтанов атындағы драма театрда  Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» пьесасын сахналады. Жаңа қойылым көрермендердің патша көңіліне жаққаны сондай, спектакль тұсаукесері аншлагпен өтіп жатыр. Республикаға танымал театр тарланы Нұрқанат Жақыпбаймен сұхбат құрған едік. — Өткен жылы Тахауи Ахтановтың 80 жылдық мерейтойымен ...

Жалғасы »

Қаһарман қолбасшы

Сыр топырағында әйгілі батыр Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық мерейтойы басталып та кетті   Батыр бабаға деген ел құрметін танытатын шаралардың негізгісі облыс орталығы мен Қазалы ауданында 14-17 қазан күндері өтпек. Мерейтой қаламгерлердің батыр бабаның ерлігін насихаттайтын жаңа туындыларының тұсаукесерімен ашылмақ. Жұртшылық теміржол вокзалы алаңында тұлпар мінген батырға орнатылған ескерткішті  тамашалайды. Сондай-ақ, осы күндері Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде батыр ...

Жалғасы »

Махаббат— мәңгі ертегі

Театр  Ақтөбеде елеулі мәдени оқиға өтіп жатыр. Т.Ахтанов театрының қазақ труппасы Тахауи Ахтановтың «Махаббат» мұңы» пьесасын сахнаға шығарды. Қазір оның тұсаукесері өтуде. Астаналық режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай қойған қойылымды көрген де арманда, көрмеген де арманда. Спектакльдің қоюшы-суретшісі — Айбек Орынбасар.  Хормейстері — Әйгерім Әбілханова. Студент қыз бен ақын жігіттің махаббат хикаясы өзек болған формасы өзгеше спектакль көрермендерін ...

Жалғасы »

Қазақ тілінің көсегесін қайтсек көгертеміз?

Биыл елімізде «Тілдер туралы» Заңның қабылданып, қазақтың тіліне мемлекеттік дәреже берілгеніне 25 жыл толып отыр. Осыдан ширек ғасыр бұрын лайық деп танылған мәртебенің қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге қаншалықты пайдасы тиді? Мемлекеттік тіл шын мәнінде төрге шықты ма? Бұл бағыттағы жұмыстардың халі нешік? 22 қыркүйек — Қазақстан Республикасы халқының тілдер мерекесі қарсаңында біз осы және басқа да сауалдарды облыстық тілдерді ...

Жалғасы »

Ақ жолдағы Айталы

… Қазір саяси құрылымы мен мазмұны, алдына қойған мақсат-мүддесі тұрғысынан бұрын-соңды қазақ тарихында болмаған тәуел­сіз Қазақстанның саяси-әлеуметтік си­па­ты сарапшы саясаткердің тұрақты наза­рында. Бірақ ол әсте саясатшыл емес. Оны өтпелі кезеңнің қиыншылығынан, жаңалық іздеушілер қатарынан да таба алмайсыз. Ол – барды бардай айта алатын, қоғамның демократия теңізінде еркін жүзгенін, елінің байқаусыз қате жібермегенін қалайтын, қиын­дықтан шығар жолды мегзей білетін парасатты ойдың, ...

Жалғасы »

«Шекті Тілеу батыр Айтұлы»

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген тұлғалар  (кітапша) Кітапшаны шығарушы Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Мәдениет комитеті, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы. (Түркістан, 2011 жыл, 20-бет.) Жауапты редактор: М.Садықбек, редакция алқасы: тарих ғылымдарының докторы, профессор Т.Омарбеков, тарих ғылымдарының докторы, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Б.Көмеков, редакторы: Н.Дүкенбаев, мәтінді дайындаған: тарих ғылымдарының докторы Б.Кәрібаев.   …Тілеу батыр бабамыздың Тәукені хан сайлауға қатысқаны туралы ертедегі ...

Жалғасы »

Болат АЮХАНОВ: Талантсыз адам жоқ — жалқаулар бар

Қазақстанның халық артисі, профессор, ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының негізін қалаушы әрі тұрақты жетекшісі Болат Аюхановпен Ақтөбеге келген бір сапарында әңгімелескен едік. Танымал өнер иесі бізге берген сұхбатында өмірі мен өнері жөнінде кеңінен сыр шертіп, жаңалықтары мен жоспарларымен де бөліскен болатын. Мархабат, оқып көріңіз…   — Өзіңіз жетекшілік ететін өнер ұжымымен Ақтөбеге 2-3 жылда бір рет келіп, көп ретте жаңа ...

Жалғасы »

«Лашынның» самғауы

…Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс». Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан.     Әрине, алты мүшелді игерген, цифрмен қайырғанда, 73 жасқа толған ағаларды марапаттауға болады-ақ. Бұрынғы сіңірген еңбек, бертіндегі буынның алдындағы абырой мен бедел қай құрметке де лайық болатындығына сөз жоқ. Дегенмен, сол жасқа жеткен кезде де аттан түспейтін, нақтылап айтқанда, қайнаған қызу еңбектің ортасында жүретін, марапатқа да сол ...

Жалғасы »