Басты бет » Мәдениет (page 5)

Мәдениет

Ақтөбеге «Құнанбай» келді

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ақтөбе қаласындағы «Локомотив» кинотеатрында Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, режиссер, актер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмінің көрсетілімі өтті. Фильмді қалың көрерменмен бірге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, «Құнанбай» фильмінің авторы, режиссері әрі Құнанбай кейіпкерін сомдаушы Досхан Жолжақсынов және оның жары Абайдың анасының рөлін сомдаушы Қаракөз Асқарқызы, композитор, Мемлекеттік сыйлығының иегері Төлеген Мұхамеджанов тамашалады. Фильм ...

Жалғасы »

«Нарқыздың» оралуы

Премьера Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» дастанының желісі бойынша тарихи драманың Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында сахналануы өңірдің мәдени өміріндегі бір сілкініс іспетті қабылданды. Көп жылдар бойы ескерілмей, қалың оқырманы санасында көмескі тарта бастаған туындыны белгілі драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Жұмат-Әлмашұлы ортамызға қайта әкелді. Ал талантты режиссер Елтай Кемал қойылымның жұртшылыққа сәтті жеткізілу жауапкершілігін мойнына алды. Кіші ...

Жалғасы »

Құрмет көрсетілді, тілектер айтылды

Биыл да біз қасиетті қара шаңырағымыз — Ақтөбе гуманитарлық колледжіне асыға жеттік. Ерекше салтанатпен есік алдынан қаумалап күтіп алған колледж әкімшілігі мен ұстаздар, студенттер қауымы бізді, ардагер ұстаздарды, қолды-аяққа тұрғызбай, үлкен құрметпен қарсы алды. Колледж мұражайын аралатып, жаңа жәдігерлермен таныстырды. Бұдан соң әдемі безендірілген фойеде өткен мерекелік шараға қатыстық. Шара барысында колледж директоры Ералы Нұрғалиев оқу орнының жеткен табыстары мен ...

Жалғасы »

Қарсы алыңыздар, Нарқыз келді!

Премьера Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Нарқыз» тарихи драмасының премьерасы өтті. Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің «Нарқыз» дастанының желісі бойынша жазылған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Нарқыз» пьесасы, аты айтып тұрғандай, басты кейіпкер — Нарқыз атты қыз туралы сыр шертеді. Кіші жүзден шыққан өнерлі, өр мінезді бойжеткеннің ерлігі, оның Орта жүздің қол бастаған жас нояны Ниязбен арасындағы ғашықтық ғаламаты көрініс ...

Жалғасы »

Күйдің пірі — Қазанғап

17-18 қараша күндері Ақтөбе қаласындағы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда Қазанғап атындағы «Ақжелең» халықаралық күйшілер байқауы өтті.  БАС ЖҮЛДЕ — ЕРБОЛАТТА! Байқауға Ресей Федерациясының Хакасия Республикасынан, Өзбекстаннан, сондай-ақ Астана, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Семей, Ақтау, Орал, Ақтөбе қалаларынан 25-ке жуық үміткер қатысты. Үш кезеңде қатысушылар Қазанғаптың «Көкіл», «Торы жорғаның бөгелек қағуы», «Құс қайтару», «Домалатпай», «Шырылдатпа», т.б. күйлерін, сондай-ақ қосымша өздері қалаған ...

Жалғасы »

Ұшқыр қалам иесі

Мерей Толқынды толқын қуатыны рас. Өмір ағыстары да сол сияқты. Күні кеше ғана абыз ағалардың алдында жап-жас болып көрініп, ұяң қалпында сыпайы күйін сақтап жүретін Жұбаныш досымыз алпыстың ауылына келіп қалыпты. Жұбаныш Байғуринов есімінің журналистика саласына сенімді түрде енгеніне де қырық жылдың жүзі болғаны көп жайларды еске түсіреді, санамыз сонау сексенінші жылдарға қарай жол тартады. Өйткені біздер сол тұстарда Қазақ ...

Жалғасы »

Құлпытас жоқ сен оқып, санамаған

Мерей Еліміздегі музей ісін ұйымдастырушылардың бірі де бірегейі әрі Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейін ұзақ жылдар басқарған Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Рысжан Ілиясқызы биыл сексен жасқа толды. Саналы ғұмырын 40 жыл музей ісіне арнаған Рысжан Ілиясқызы өткен ғасырдың жетпісінші жылдары ұлтымыздың рухани сардары атанған Өзбекәлі Жәнібековтің шақыруымен Торғай облыстық өлкетану музейін аяғынан тұрғызуға атсалысқанын біреу білсе, біреу білмес. Ө.Жәнібеков ...

Жалғасы »

«Алтын дауыс — 2017» жеңімпазы анықталды

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония залында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Алтын дауыс — 2017» қалалық ән байқауының ақтық кезеңі өтті. Шараның мақсаты — өнер арқылы жас ұрпақтың бойына туған жерге деген патриоттық сезімін қалыптастыру, дарынды жастарды тауып, оларға қолдау көрсету және шығармашылықтарын одан әрі дамыту. Байқаудың алғашқы іріктеу кезеңінде 16 топ қатысып, ақтық кезеңге 9 топ жолдама алды. Қатысушылар ...

Жалғасы »

Оқырман ақынмен сұхбаттасты

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби қонақжайында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, жазушы, драматург, айтыс ақыны, жыршы, жырау, манасшы Баянғали Әлімжановпен «Күллі ғалам саған сыйға берілген» атты ашық сұхбат өтті. Шарада Ақтөбеде өткен республикалық ақындар айтысында өзінің суырыпсалмалығымен сан мәрте халықтың ыстық ықыласына бөленген ақынды оқырман қауым қол соғып, қошеметпен қарсы алды. Кездесуде айтыстың алдаспанына айналған ақын 216 ...

Жалғасы »

Өлеңмен өрнектеген ерлік жолын

Қазақтың қас батыры Есет Көкіұлын исі қазақ білсе игі. Сондықтан осындай оғланға, батыр бабасына жыр арнамаған ақын сирек. Есет батырдың 350 жылдығына арналған ақындар айтысына ажарлы сөздің қаймағын сапырған, өрелі ойдың өрнегін келтірген не бір дүлділ шайырлар жиналды. Және бір атап өтерлігі, олар қазақ жерінің қай өңірінен келгендігіне қарамастан, Есет бабаның ерлігін жеріне жеткізе айтып, жалпы жұртқа өнеге етуге ұмтылды. ...

Жалғасы »