Басты бет » Мәдениет (page 40)

Мәдениет

Айымжанның виолончелі

…Скрипканы біз білеміз: Темірбек Жүргеновтің тікелей қамқорлығымен музыкалық білім алған скрипкашы Ғалымжан Әбдісаламұлы 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты, қазақтың скрипкашы қызы Айман Мұсақожаева 1998 жылы «Әлем артисі» атанды. Ал скрипканың «туысы» — виолончельдің үні, расы керек, бізге жақсы таныс емес. Ақтөбеде бүгінде бір ғана виолончельші бар. Ол — Айымжан Ғылманова. Айымжан көрші аймақта — Батыс ...

Жалғасы »

Қоғамшыл Қымбат

Өткен жылдың мамыр айында Мәртөк ауданының орталығында №2 мектеп-гимназияның 80 жылдығына арналған салтанатқа қатысқанбыз. Оқушылар мен ұстаздар, аудан басшылары, білім ордасының әр жылдардағы түлектері бас қосқан осы кездесуде ардагерлер есімі құрметпен аталып, ретімен жол-жоралғы жасалды. Солардың бірі Қымбат Сүйінғалиева 1974 жылы Орал қаласындағы А.Пушкин атындағы педагогикалық институтты бітірген соң жолдамамен Мәртөкке келіп, осы мектепте химия-биология пәндерінен дәріс береді және табан ...

Жалғасы »

«Media Pro» ұсынады: «ХАНШАЙЫМ Х»

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында көрісу күнінен бастап «Media Pro» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен бұрын-соңды болмаған «Ханшайым Х» атты спектакль-шоу өтіп жатыр. Қойылымның басты ерекшелігі: заманауи безендірудің 3D үлгісінде мың арнайы эффект қолданылған қойылымға 9-16 жастағы 30 бала қатысты. Спектакль-шоудың желісін қазіргі заманның ертегісі десек те әбден болады. Қойылымның мазмұнына келсек: аты айтып тұрғандай, Х ханшайымды табу керек. Бір хан ауырып ...

Жалғасы »

«Махаббат мұңы»

Т.Ахтанов атындағы драма театры мереке күні көрерменге «Махаббат мұңы» атты спектакльді ұсынды. Сонау алпысыншы жылдарда жазылған Тахауи Ахтановтың осы аттас повесі кейін драмаға айналған болатын. Содан бері сахнадан түспей келеді. Белгілі режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбай пьесаны бүгінгі заманға лайықтап,  жаңаша реңк беріпті. Ұлыс күнінің құрметіне тегін қойылған спектакльге келушілер өте көп болды. Жалпы адамдардың бәрінің бірдей  шын ...

Жалғасы »

Театр мерекесінде есігіміз айқара ашық

27 наурыз — Халықаралық театр күні  Халықаралық театр күніне орай Т.Ахтанов атындағы драма театрда Ашық есік күні ұйымдастырылады. Шараға осы театрдың орыс, қазақ труппалары мен «Екі езу» театры, сондай-ақ облыстық «Алақай» қуыршақ театры атсалысады. Мерекелік жоспарда не бар екенін білмекке театр директоры Нұрлыбек Жұбатқанға бірер сауалды көлденең тарттық. — Былтыр Театр мерекесінде алғаш рет Ақтөбеде Театр түні ұйымдастырылып, халық бір ...

Жалғасы »

Темір ауданында театр ашылды

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, жыл басы — Наурыз мерекесіне  орай  Темір аудандық Мәдениет үйінің жанынан ұйымдастырылған театрдың шымылдығы ҚР мәдениет саласының үздігі Орал Байсеңгірдің «Жақсылық пен жамандық» атты ертегісімен ашылды. Қойылым режиссері — Темір аудандық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Әділхан Темірхан. Бұл шараға  ҚР мәдениет қайраткері Нұрлыбек Жұбатқан,Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының директоры, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ертегінің авторы Орал ...

Жалғасы »

«Бізден талап етілетіні — тілектестік қана»

Кеңес дәуірінде де қазақ діннен, бір Жаратушы құдірет иесіне деген сенімнен ажыраған жоқ. Сөйтсе де, сол кездің салқыны болар, бүгінде көптеген адамдар намаз, ораза төңірегіндегі әңгімелерді немқұрайлы қабылдап, «Алланы мойындаймыз, ниетіміз таза, адамгершілік жолында жүрсек болды, басқасы — әсіредіншілдік» деп шорт кеседі. Ал келесі бір топ — жат ағымға ерген жастарымыз, керісінше, намаз оқымайтын жандардың бәрін «кәпір» атандырып, араларында тіпті ...

Жалғасы »

Мешіттің өз шаруашылығы болады

Байғанин аудандық орталық мешітінің имамы Ғабит Мәткәрім 1992 жылы Жарлы ауылындағы  орта мектепті бітіріп, Ақтөбе қаласындағы орталық мешіт жанындағы  медреседен діни сауатын ашқан. Одан соң Өзбекстанның Қоқан қаласында тәлім алып,  діни білімін Оңтүстік Қазақстан облысының Сарағаш медресесінде жалғастырады. Алматының шет тілдер университетінің  дінтану факультетін тәмамдайды. Дін саласындағы қызметін  2002 жылы өзінің туған ауданында бастап,  2007 жылдан Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ғасыр» ...

Жалғасы »

Жетісуға қаз қонды, Алматыдан саз ұшты

Алматының аспаны түлеп бітпеген түліктей алабажақ, жұлым-жұлым бұлттар. Көк жылап біткенмен, көше кеуіп бітпепті. Ілбіп басып аяңдап келем, саз аңсап. Аңсай қалатын сәтін көңіл де біледі. Себебі, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестріне бет түзегем. Мұнда  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Ахмет Жұбановтың 110 жылдығына орай ҚазКСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, композитор, дирижер, профессор Қайырғали Қожанбаевтың «Гүлдене бер – ...

Жалғасы »

Әселдің Наурыз мейрамына арналған «Шашуы»

Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Студенттер сарайында наурыздың 29-30 күндері  өзіміздің жерлесіміз, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Күзет қызметі Президент оркестрінің  бас бишісі Әсел Әлібекованың «Шашу» атты концерті өтеді. Осы шараны ұйымдастыру мәселелерімен Ақтөбеге келген Әселдің анасы Ләззат Ниетовамен сөйлескен едік. —  Әселдің концертін кім ұйымдастырып жатыр? — Ақтөбе облыстық әкімшілігінің шақыруымен әрі құрамында 52 адамы бар Президент оркестрінің Ақтөбеде Әселдің жеке ...

Жалғасы »