Басты бет » Мәдениет (page 4)

Мәдениет

Мәртөкте Молдабайдың ескерткіші ашылды

Мәртөк жерінде өмір сүрген, Алашқа аты мәлім, ән мен жырдың майын тамызған, суырыпсалма ақындығымен ел жадында ерекше сақталған, өз заманының ақыны, әнші-композитор Тәңірберлі Молдабайдың рухына арналып аудан көлемінде өткен іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Ертемен аудандық Мәдениет үйінің алдына көптеп жиналған жұртшылық ақынның ескерткішінің ашылу салтанатына куә болды. Онда молдабайтанушы, ҚР Мәдениет қайраткері Еркін Құрманбеков: ...

Жалғасы »

Ақтөбеде «Алтын домбыра» айтысы өтті

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбедегі Өнер орталығында дәстүрлі «Алтын домбыра» сайысы аясында «Жыр арқауы — Жаңғыру» атты республикалық ақындар айтысы өтті. «Айрықша аймақ — Ақтөбем, Бұл жерде кімдер тумады? Қобыланды батыр өткен жер, Желбіреп жеңіс тулары. Тарихтан кәрі кім білмес — Әбілқайырдай тұлғаны? Әжібай менен Әйтеке — Қазақтың әділ ұлдары. Бөкенбай менен Бақтыбай — Алмас қылыштай қындағы. Екі Есетті туғансың — ...

Жалғасы »

Жас ақындар мүшәйрасы

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесе ұйымдастырумен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Тәуелсіздігіміздің мерекесіне орай «Мен жанбасам лапылдап…» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. Жыр мүшәйрасына мектеп оқушылары, колледж бен жоғары оқу орындарының студенттері, жас мамандар қатысты. Мүшәйраға қатысу үшін ақындар алдын ала өздерінің Тәуелсіздік тақырыбында жазылған өлеңдерін жолдады. ...

Жалғасы »

Батыр атындағы көше абаттандырылып, еңселі ескерткіш орнатылды

Тағзым Биыл «Ақтөбе» газетінде Кеңес Одағының Батыры Қожағали Жазықовтың ерлігін ұлықтау мақсатында мақала жарияланған болатын. Онда Байғанин ауданындағы батыр атындағы көшенің көріксіз келбеті туралы жазылған еді. Осы мәселеге қатысты Тұрғали Жұмағалиев, Серікбай Қайдосов сынды оқырмандар редакцияға хат жолдап, мақалада көтерілген мәселеге байланысты өз ойларын білдіріп, қоғамдық пікір туғызған еді. Газет редакция бұл мәселе аяқсыз қалмау үшін аудан әкімдігіне арнайы хат ...

Жалғасы »

«Темір нарком» тарихи драмасы қойылды

Театр Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында белгілі драматург-жазушы, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың иегері Рахымжан Отарбаевтың «Темір нарком» тарихи драмасының  сахналануы облысымыздың қоғамдық-саяси және мәдени өміріндегі маңызды оқиға болды. Бұл премьера кеңестік заманның бұлғақты кезеңінде халық ағарту комиссары қызметінде жүріп ұлттың рухын оятуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің қилы ...

Жалғасы »

Әбіш Кекілбаевты еске алды

Зерде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне арналған «Телегей теңіз дарын» атты дөңгелек үстел өтті. Басқосуға ақын, көсемсөз шебері, республикалық «Адырна» журналының бас редакторы Мейірхан Ақдәулетұлы, филология ғылымдарының докторы, университеттің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Алпысбай Мұсаев, ардагер ұстаз Серікбай Қайдасов, «Невада-Семей» республикалық қозғалысы Ақтөбе ...

Жалғасы »

«Замандас» аналар клубы 5 жылдығын атап өтті

Аудандағы «Замандас» аналар клубының құрылғанына 5 жыл толуына орай аудандық Мәдениет үйінде кеш өтті. Шара басында көпшілік аудандық Мәдениет үйінің фойесінде әр ауылдық округтен келген әжелер клубы ұсынған ұлттық тағамдар көрмесін тамашалап, құрт жасау, ағаш келісаппен тары түюден өнер көрсетті. Бұдан кейін мерекелік шараның шымылдығы алтын құрсақ аналардың мейірімді жүрекпен сәбиін әлдилеп, өсіріп-тәрбиелеуі сомдалған сюжеттік бимен түрілді. Сонымен бірге «Замандас» ...

Жалғасы »

Мәдени ынтымақтастықтың үлгісі

Қазақ халқының жүннен жасалған дәстүрлі бұйымдары Орск қаласының тұрғындарын таңғалдырды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында  Ресей Федерациясының Орынбор облысымен мәдени байланысты нығайту жолында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен  Орск өлкетану музейінде музей қорында сақталған жүннен жасалған дәстүрлі ұлттық бұйымдар мен киімдерден жасақталған «Теплые традиции Актюбинской земли» атты этнографиялық жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрменің мақсаты — орынборлықтарға ұлттық ...

Жалғасы »

Мәскеуде Төлеген Айбергеновті еске алу кеші өтті

Мәскеудегі Ұлттар үйінде небары отыз жыл өмір сүрсе де артында өлмес мұра қалдырған талантты ақын Төлеген Айбергеновтің 80 жылдық мерейтойына арналған әдеби кеш өтті. Кешті ұйымдастырған — Мәскеудегі «Астана» қоры. Төлеген Айбергеновтің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жыл басында Ақтау қаласында бастау алған болатын. Осында «Байтақ мекенім» атты қоғамдық қордың ұйымдастыруымен ақын шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференция өткен. Кейін ол Шымкент қаласында ...

Жалғасы »

Сағыныш — байқау жеңімпазы!

Аудан орталығындағы «Арай» мәдениет үйінде мерекеге орай салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Мәди Елеусізов аудан тұрғындарын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады. Жиында еліміздің, оның ішінде шалғайдағы Ырғыз өңірінің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстары мен жетістіктері жайында баяндалды. Ел экономикасын өркендетудегі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен оны жүзеге асыру жолындағы игілікті істер, батыл қадамдар төңірегінде сөз болды. Жиын ...

Жалғасы »