Басты бет » Мәдениет (page 30)

Мәдениет

Құдайберген Жұбановтың домбырасы кімге сатылды?

Тіл білімі саласындағы қазақтың алғашқы профессоры, түркітанушы Құдайберген Жұбанов сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болғаны белгілі. Ол «халық жауы» болып жазықсыз ұсталып кеткеннен кейін, артында қалған бала-шағасы күн көру үшін аяулы ағамыздың заттарын, соның ішінде домбырасын да сатуға мәжбүр болған екен. 2006 жылы академик Ахмет Жұбановтың ғасырлық тойына орай «Ахмет Жұбанов» атты кітап жарық көрді. Осы кітапта ақын Әбділда Тәжібаевтың Құдайберген Жұбановтың ...

Жалғасы »

Мәртөктегі мерейлі кеш

Сенбі күні Мәртөктегі Мәдениет үйінде белгілі ақын Жүрсін Ерманның  65 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті. Өткен жұма күні Ақтөбеде аламан айтыс өткені мәлім. Ертеңіне қонақтардың бір тобы Мәртөк ауданына беттеді. Аудан әкімі Нұржауған Қалауов қонақтарды «Керуен сарайдың» тұсынан күтіп алды. Меймандар әуелі «АйС» ЖШС-ының фермасын аралады. Жұмысының барлығы автоматтандырылған, тіпті чип арқылы әрбір сиырдың денсаулығына дейін қадағалап отыратын шаруашылықтың жұмысы ...

Жалғасы »

Димаш Құдайберген мен Сүндет Байғожин халықаралық супержобада өнер көрсетті

Жас әнші Димаш Құдайберген опера әншісі Сүндет Байғожинмен бірге Ресейде өнер көрсетті.  «Үлкен опера-2016» халықаралық жобасына Қазақстан атынан қатысып жатқан «Астана Опера» театрының солисі Сүндет Байғожин байқау шарты бойынша ерекше өнер көрсетіп, жұртты таңғалдыруы тиіс болатын. Димаш пен Сүндет сахнаға әйгілі Notre Dame de Paris мюзикліндегі Tu vas me détruire ариясын алып шықты. Екі әншінің де дауысының мүмкіндігін көрсететін шығарманың орындалу ...

Жалғасы »

Қазанғап күйшінің мұрагері

XIX ғасыр қазақ халқы өнерінің шырқау шыңына көтерілген кезі болды. «Алтын ғасыр» аталатын осы кезеңде Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Сүгір, Дина, тағы басқа небір майталман күйші-композиторлар дүниеге келіп, қазақтың күй өнерін бұрын-соңды болмаған биік өреге көтерді. Міне, осындай ұлы күйші — композиторлар қатарында Қазанғап Тілепбергенұлының есімі ерекше аталады. Күйшілік өнерде өзгеге ұқсамайтын сара жол салып, өзіндік орындаушылық мектебін қалыптастырған саңлақ күйшілеріміздің ...

Жалғасы »

Студенттерге «Құнанбай» фильмі көрсетілді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде филология факультетінің «Абайтану» ғылыми орталығының ұйымдастыруымен «Құнанбай» фильмі бойынша «Құнанбай: ақиқат пен аңыз» атты пікір алысу кеші өтті. Аталған шараның өтуіне «Абайтану» ғылыми орталығының жетекшісі Басқар Әлиев мұрындық болды. Кешке филология ғылымдарының докторлары Әдебиет Молдаханов, Баян Бораш, Әлия Молдағұлова атындағы мемориалды музейінің ғылыми зерттеушісі Ғалымжан Байдербес, басқа да зиялы қауым өкілдері, университеттің оқытушылық құрамы ...

Жалғасы »

«Сексен көлің сылдырап сырын айтар…»

                                                                                               Жанар НҰРҒАЛИ Құс керуені Мінезді күзімде бар дүлей, бір екпін, Бояуын өрнектеп, күзімді жыр еттім. Құстар да бұлттармен жөңкіліп көгімде Ұлы көш сайрайды жолындай жібектің.   Құстарын сағынып, о, қалай, тосты аспан? Естідім олардың сыңсылын қоштасқан. Мендегі жүректе шертілер бір күй бар, Аққудың сазды бір үнімен астасқан.   Басталды бұлттардың тоқтаусыз серуені, Аспанды құшақтап жатыр құс керуені. Үдере көшкен ...

Жалғасы »

Динаның күйлері орындалды

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның сахнасында қазақтың әйгілі күйші-композиторы Дина Нұрпейісованың 155 жылдығына арналған «Күй — Ана» атты кеш өтті. Кештің шымылдығы А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің орындауындағы Құрманғазының «Серпер» күйімен ашылды. Оркестрдің көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Ғылымов, Бас дирижері ҚР мәдениет саласының үздігі Мәдина Қабижанова. Шара барысында ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қайырғали Қожанбаев сөз сөйледі. ...

Жалғасы »

Амантай ақынның кеші

Қазақстан Жазушылар одағының, Халықаралық «Пен-Клубтың» мүшесі, белгілі ақын,  шебер аудармашы Амантай Өтегеновтің 65 жасқа толуына орай С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының «Қаламгер» әдеби қонақжайында «Ақын әлемінің әсем үні» атты кездесу кеші өтті. Ақын Амантай Өтегенов 1980-жылдардың басында «Жалын» баспасынан жарық көрген «Алақандағы сәулелер» («Лучи в ладонях») деп аталатын алғашқы өлеңдер жинағынан бері оқырманға талай жыр кітаптарын ұсынды. Соның ішінде орыс  ...

Жалғасы »

Ақтөбеде «наркескен тілмен жыр етем, мәңгілік елдің мұратын» атты республикалық ақындар айтысы өтті

Бұл — айтыскер ақындардың биылғы Тәуелсіздік тойына шашуы. Былтырғы күзде облыс орталығында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Бабадан қалған байтағым» атты республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылып, ақтөбелік өнерсүйер қауым бір серпіліп қалған еді. Арада бір жыл өткенде, ата-бабадан қалған асыл өнерді серік етіп жүрген бір топ ақын: «Армысың, ару Ақтөбе, Ақтаңгерлердің аймағы!» — деп (Айнұр Тұрсынбаева), біздің қаламызға тағы келді. Ақтөбелік ...

Жалғасы »

Қуаныштың жолы

Алматыға бір жолы түскенде Қуаныш /Ахметов/ өзінің баспадан жаңа шыққан кітабын және Қаныш Сәтбаевтың атымен аталатын қалың энциклопедия алып келді. Сол энциклопедия кейін қолды болды. Қалам ұстайтын, ұстамайтындардың бір басқосуында түрлі себеппен жоғалған кітаптар жайында әңгіме қозғалып, отырғандар бірін-бірі жалғастырып әкетті. Бұл әңгіме мені де қозғады. Қырық-елу шақты кітаптарым мен жаңағы энциклопедиядан көз жазып қалғанымды айтып бітірер-бітірместен бір бейтаныс замандас: ...

Жалғасы »